Back

Қолды тазалауға арналған, жуылмайтын құрал Satin Hands®

50 мл.

3 200 ТГ

Бұл өнім жоқ

Микробтардан және инфекциядан қорғаныс қолымыздан басталады. Бүгінгі жағдайда біз антисептиктерді екі есе жиі пайдаланатын болдық, бұл көпшілікті қол терісінің проблемасына әкелді. Дезинфекциялауға арналған заттар терінің микробиомын бұзады, соның салдарынан тері құрғайды, қабыршақтанады да, жарылып кетеді.

Осы проблеманы шешу үшін Mary Kay бренді тері күтіміне арналған қосындылар (ши майы, алоэ вера және глицерин) қосылған спрей түріндегі Қолды тазалауға арналған, жууды қажет етпейтін құрал Satin Hands® шығарды.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Артықшылықтары
  1. Құралды қол терісіне (үш рет басып) шашып, 30 секунд бойы жағу керек (толық кеуіп кеткенше)
  2. Бір жасқа толмаған балаларға пайдалануға болмайды және алты жастан кіші балалар пайдаланғанда, қарап тұру керек.

Ши майы

  • Ши майы құрғақ теріні тыныштандырады, тері бедерін ылғалдандыруға және қолдауға көмектеседі.
  • Ғасырлар бойы теріні сақтауға, байытуға және жұмсартуға пайдаланылатын ши майының құрамында омега-3 бар.

Алоэ вера жапырақтарының экстракты

  • Терінің табиғи ылғалдандыру және суды сақтап қалу қабілетіне ықпал ететін полисахаридтерге бай.
  • Теріні тыныштандырады.
  • Антиоксиданттық қасиеттерге ие.
  • Майлы қышқылдарға, витаминдерге және минералдарға бай.

Глицерин

  • Теріні қалпына келтіретін глицерин дегеніміз – ылғал деңгейін көтеруге көмектесіп, суды бойына сіңіріп алатын және сақтап алатын ылғалғандырғыш.
  • Тері жағдайын жақсартады.
  • Теріге жұмсақтық пен тегістік қосады.
  • Өсімдіктерден алынған.

Бетаин

  • Өсімдіктектес ылғалдандырушы қосынды, сондай-ақ осмолит деп те аталады, өсімдіктің құрамында болады және клеткаларды ыстықтан, ылғалсыздықтан және еркін радикалдардан қорғауға көмектеседі.
  • Гидратацияны сақтауға көмектеседі.
  • Қант қызылшасынан алынған.

Спирт

  • Дәндерден алынған
  • Денатуратталған
  • Микробтарды жояды
  • Спирт формуланың 75%-ын құрайды (ДДСҰ ұсынысы бойынша, себебі спирт концентрациясы 60%-дан аз болса, микробтарды жоя алмайды, тек олардың көбеюін бәсеңдетеді)
  • Құтысы шағын, қолға ұстауға ыңғайлы, тіпті клатчқа сыйып кетеді.
  • Қол терісін жақсы тазалайды.
  • Құрамында ылғалдандырушы және тыныштандырушы қосындылар бар.
  • Тез кеуіп кетеді. Жабысқақ емес.
  • Хош иіссіз.
  • Құралдың құрамына пайдаланылған спиртті АҚШ тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектерін санитарлық бақылау жөніндегі басқармасы қауіпсіз деп мақұлдаған.