Back

Кірпікке және қасқа арналған нығайтқыш сығынды Mary Kay®

8 г

8 800 ТГ

Бұл өнім жоқ

Зерделеу үшін көбірек

Жеткізу

​Қысқаша сипаттамасы: Кірпіктерге қалаулы көлем береді, жіңішке кірпіктер мен сирек қастардың жағдайын жақсартады. 30 күннен кейін-ақ сіз едәуір нәтиже аласыз

  • Кірпік қалыңдайды
  • Кірпік көлемді болып көрінеді
  • Қастың құрылымы әдемі болып көрінеді
  • Кірпіктің түсуін азайтуға көмектеседі

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

6 500 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Кірпікке және қасқа арналған нығайтқыш сығынды Mary Kay®

Кірпіктеріңізді қызғаныш пәніне айналдырасыз – себебі олар қалың және көлемді болып көрінеді.  Сирек қастарыңызға қалаулы түр бересіз – әдемі және табиғи. Ол үшін 30 күн бойы күн сайын кешке  кірпікке және қасқа күтім жасауға бірнеше секунд уақыт бөлу керек. Сонда бүкіл әлем әйелдері айта бастаған нәтижені көресіз.

Mary Kay® Кірпік пен қасқа арналған нығайтушы сығынды олардың өсуіне ықпал етеді. Сынғыш кірпіктер жаңарады және қалыңдай түседі, макияжды кетірген кезде кірпіктердің түсуі азаяды. Қастар әдемірек көрінеді.
Нәзік, тез кебетін сығынды құрамында аминқышқылдары, пептидтер және қызыл жоңышқа экстракты бар Lash Response™ кешенімен үйлесімде өз әрекетін күшейте түседі. Зерттеулер көрсеткендей, құрал тері матриксіне* әсер етіп, шаш фолликуласын қоректендіреді, әрбір шаш үшін «якорь» ролін атқарады. Жіңішке және әлсіз кірпіктер мен қастардың сырт келбеті жақсара түседі. Кірпіктер сау болып көрінеді.

Жағу туралы кеңестер

1. Сығындыны тазаланған кірпіктің және қастың кешкі күтімінен кейін пайдаланыңыз.


2. Құралды үстіңгі кірпіктің түбіне көздің ішкі бұрышынан сыртына қарай жаймалап жағыңыз.


3. Құралды қастың шаш жетіспейтін бөлігіне өсу бағытына қарай жағыңыз.

Негізгі қосындылары

Қызыл беде экстракты – антиоксидант. Кірпік пен қастың түсуін тоқтатады.

Амин қышқылдары Lash Response™ кешені - шаштың белсенді өсу орнына күтімді және қоректендіруді қамтамасыз етеді. Кератиннің – шаш негізін құрайтын протеиннің бөлінуіне ықпал етеді.

Тетрапептид-3 - тері құрылымын нығайтады, коллагеннің, фибронектиннің және ламининнің (терінің маңызды компонентері) бөлінуіне ықпал етеді*, олар теріні және шаштың өмір цикліне жауап беретін клетканы нығайтады. Тері өндірген табиғи протеин ретінде әрекет етеді.

Құрал қалай жұмыс істейді?

Кірпіктердің түсуіне және олардың өсуін баяулатуға әсер ететін көптеген зиянды факторлар бар:макияжды кетіретін құралдың қаттылығы, көзді жиі үйкелеу, кірпіктерді механикалық құралдардың көмегімен бұйралау және тіпті қартаю процесі де. Қастар да шектен тыс көп терудің немесе балауызбен кетірудің құрбаны болуы мүмкін. Mary Kay® Кірпік пен қасты нығайтуға арналған сығынды кірпіктер мен қастар проблемасының қарапайым шешімі болып табылады.

  • Қоректендіру.  Аминқышқылдары тамырларды қоректендіруге көмектеседі. Себебі осы аминқышқылдары әрбір шаштың өсуіне ықпал ететін кератин мен ақуыз шығарады, ал Lash Response™ кешені қоректендірумен қамтамасыз ету үшін аминқышқылдарын жеткізеді.
  • Нығайту*. Ацетил-тетрапептид3  тері матриксін* нығайтады. Пептид «биомемитикалық» болып есептеледі, себебі лабораторияларда зерттеу жүргізу барысында оның тері шығаратын ақуыз секілді «әрекет ететіні» белгілі болды, яғни әрекеті жасанды қант алмастырғыштар секілді – дәмі тәтті, бірақ қант емес. in vitro сынау барысында пептидтің коллаген, фибронектин және ламинин – терідегі шаштардың өмірлік цикліне ықпал ететін айрықша клеткаларды қолдап отыруға жауап беретін  негізгі компоненттерді шығаруға көмектесетіні белгілі болды. Егер оларды қажетті деңгейде қолдап отыратын болсақ, онда «дермалды емізік (тарақ)» деп аталған бұл клеткалар шаштың өсуін жаңғырту үшін өте маңызды жағдай жасай отырып, шаш фолликуласын белсендіруге көмектеседі. Тері матриксін нығайтпайтын болсақ, шаштардың өмірлік циклі едәуір қысқаруы мүмкін.
  • Қорғау. Қызыл жоңышқаның құрамында антиоксиданттар бар. Lash Response™  кешенінде қызыл жоңышқа экстрактынан алынған сүзінді – еркін радикалдарды бейтараптандыратын антиоксиданттардың болуымен танымал өсімдік қосындысы бар. Еркін радикалдардың шаштардың өмірлік циклін қысқартатыны бәрімізге мәлім.

*Негізгі қосындыларын in-vitro көмегімен сынауға негізделген