Сиқырлық деген не? Бұл бала кезден таныс таңғажайып нәрсені күту сезімі. Қандай болса да, ғажайыпты күту. Тіпті өмірімізде болатын ең кішкентай ғажайыптың өзі біз таңғаларлықтай энергия береді және үлкен іс жасауға шабыттандырады. Бұл болар-болмас оқиға немесе өміріңізді күтпеген басқа бір арнаға бұрып жіберетін сыйлық болуы мүмкін.

Сиқырды өзіңіз де жасауға болады – кейде ерніңізге қызыл ерін бояғыш жақсаңыз да жеткілікті, сонда айналаңыздағы әлем қалай өзгергенін байқайсыз. Және таңертең теріңіз қалай тартыңқы болғанын көру де – ғажап!

Құшақтау ешқашан көп болмайды. Олар әртүрлі болады. Ананың құшағы, құрбылардың құшағы, сүйікті адамның құшағы… құшақтап болса да, сіз оны бәрібір сезесіз. Бұл ең жылы, нәзік эмоция, сондықтан оны барынша ұзақ сақтағыңыз, сезгіңіз келеді.

Хош иіс – бұл да құшақ. Сүйікті хош иісіңіздің шлейфіне оранып, оны күні бойы денеңізді сезіну, айналаңыздағыларға эмоция сыйлау оп-оңай. Клиенттеріңізге Mary Kay жаңа хош иістерін ұсыныңыз, классика туралы ұмытпаңыз, оларды жеке эмоциялармен және өнімдермен толықтырыңыз.

Гармония дегенді жай сөзбен айтсақ, бұл баланс.

Жан мен тән арасындағы, ой мен сезім арасындағы баланс. Бұл әрбір әйел армандайтын жайлы, ырғақты қалып. Гармонияға жету оңай. Бар-жоғы өзіңді жақсы көру керек және теріңізге, денеңізге тынығу минуттарын (тіпті, сағатын) беріп, спа-процедуралардан ләззат алу керек.