Мэри Кэй Эш сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің бүгінгі таңда 2 миллионнан асқан және іскери және академиялық орталарда лайықты құрметке ие ғалами командасын құрды. Бұл қалай мүмкін болды? Оның құпиясы Уолл-стрит Джорнелдің мәліметтері бойынша, бестселлерге айналған «Мэри Кэй: табысқа апарар жол» кітабында ашылады.
Қырық тоғыз жыл бойы «Мэри Кэй: табысқа апарар жол» кітабында баяндалған принциптер Компанияның бизнес жүргізу шарттарын өзгерту жолымен және қарқынды ғалами өсу арқылы табысқа қол жеткізуіне көмектесіп келді. Mary Kay корпорациясы секілді өзінің негізін қалаушының құндылықтары мен көзқарастарын толығымен және шынайы іске асырып келе жатқан басқа компанияның табыла қоюы қиын болар.
Бүгінгі күні Американың ең танымал кәсіпкер әйелі ретінде мойындалған Мэри Кэй Эш 1963 жылы әйелдердің табысқа қол жеткізуіне жол ашу үшін ерлер басқаратын кәсіпкерлік әлеміне алғаш рет аяқ басты. Ол өз бизнесін бәсекелестік қағидаларына емес, Алтын қағидаға негіздеп құрды. «Адамдарды табысқа қол жеткізуге ынталандыра отырып» және «сын пікірдің әрбір қабатын екі қабат мақтаумен жаба жүріп», бұл Техастан шыққан жігерлі әйел бүкіл әлем әйелдеріне жаңа мүмкіндіктер ашты және бағасы миллиардтаған АҚШ долларымен есептелетін корпорация құрды. Елу жылға жуық уақыт өтсе де, оның жалпы адамзаттық құндылықтарды жетекшілікке алатын философиясы оның Компаниясын алға жетелеп келеді және бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін жақсы жаққа қарай өзгертуін жалғастырып келеді.