2000-шы жылдар
2000
Lifetime Television Мэри Кэй Эшті ХХ ғасырдың ең көрнекті кәсіпкер әйелі деп атады.
Mary Kay өз өкілдігін Қазақстанда ашты.
2001
Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің жеке веб-сайттарын ашуларына мүмкіндік беретін дербес веб-сайт дайындап шыққаны үшін Тікелей сауда ассоциациясы Mary Kay Inc.-ті «Индустрияны инновациялық дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығымен марапаттады.
Мэри Кэй Эштің ұлы және компанияның тең құрылтайшысы Ричард Роджерс компания Президенті лауазымына кірісті.
2001 жылдың 22 қарашасында, Ризашылық күні, Мэри Кэй Эш өмірден өтті.
2002
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі қоғамдық көмек бағдарламасын жасағаны үшін Тікелей сауда ассоциациясы Mary Kay Inc.-ке «Ертеңгі күнге көзқарас» сыйлығын табыс етті.
Лос-Анджелестегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемалары жөніндегі комиссия әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресте көрсеткен көмегі үшін Mary Kay Inc.-ке «Жыл гуманисі» наградасын табыс етті.
Мэри Кэй Эш Далласта Business Hall of Fame лауреаты атанды және сауда және маркетинг саласындағы жетістіктер тізіміне енгізілді.
2003
Компанияның 40 жылдығына қарай, бүкіл әлемдегі сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер саны 1 миллион адамға жетті.
Техастағы Baylor университеті Мэри Кэй Эшке ең көрнекті кәсіпкер әйел титулын берді.
2004
PBS телеарнасы мен алғашқы Wharton бизнес мектебінің мәліметтері бойынша, Мэри Кэй Эш «Соңғы 25 жыл ішіндегі бизнестегі ең беделді 25 адам» тізіміне енді.
Мэри Кэй Эш Mary Kay Қайырымдылық қоры шеңберінде атқарылған жұмыстары және оның бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өміріне көрсеткен ықпалы үшін Лондондағы Кенсингтон сарайының «Адамзат розасы» наградасын иеленді.
2005
Mary Kay Inc.-тің көтерме саудасы 2 миллиард долларға жетті.
Қытайдағы Mary Kay бөлімшесі өзінің 10 жылдығын атап өтті.
Ричард Роджерс Атқарушы директор қызметіне ресми түрде кірісті. Дэвид Холл Mary Kay Inc. компаниясының Президенті және Бас басқарушысы атанды.
2006
Американдық ең ірі «A&E Television» телекомпаниясы тарихи өмірбаян арнасында Мэри Кэй туралы өмірбаяндық фильм көрсетті.2007Mary Kay компаниясының өнімдері әлемнің 35-тен астам елінде сатылады.
2008
Компания өзінің құрылған күннен бастапқы 45 жылдығын атап өтті және жаңа ғалами әлеуметтік Pink Changing Lives SM бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның басты мақсаты бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту.
Компания «Өмірді өзгертетін түс» қайырымдылық жобасын – маркетингтің бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсартуға және қолдауға бағытталған алғашқы ғалами бағдарламасын бастады.
«Даллас Бизнес Джоурнал» Mary Kay компаниясын филантропияға (қайырымдылыққа) белсенді қолдау көрсетіп отырған ұйымдар тізіміне енгізді.
2009
Mary Kay-дің бүкіл әлемдегі көтерме саудадан түскен табысы 2,5 миллиард доллар сомасына жетті, ал сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер саны 2 миллион адамды құрады.