- Екінші қайтара өңдеу бағдарламасының арқасында 300 000 астам Mary Kay® Сәндік косметикаға арналған құтылары қайта өңделді және өнімдердің құтылары мен пластик қақпақтарын жинау және қайта өңдеу туралы бастама ұсынылды.
- Mary Kay өнімді жануарларға тестілеуге қарсы. Mary Kay жануарларға тестілеуді жоюға тырысады және өнімдер мен жекелеген қосындылардың қауіпсіздігін растауда балама әдістерді қолданудың белсенді жақтаушысы болып табылады. Біз құралдарды және жекелеген қосындыларды жануарларға тестілемейміз, сонымен қатар кімнің болса да, біздің атымыздан осындай тестілеу жүргізуін өтінбейміз, бұл заң бойынша абсолютті қажет болатын жағдайларды қоспағанда. Жиырма жылдан астам уақыт бойы біз өнім қауіпсіздігін тестілеудің балама әдістерін әзірлеуге көмек көрсету саласындағы әлемдік көшбасшы болып табыламыз. Бүгінгі таңда бұл косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі ғалами реттеуші органдармен, жануарлар құқығын қорғау жөніндегі топтармен және тестілеудің балама әдістерін жетекші зерттеушілермен бірге серіктестікте жалғасып келеді.
- 1998 және 2003 жылдары Mary Kay компаниясы қауіпсіздік бағдарламасы үшін екі рет Star Work Site атағына ие болды. АҚШ-та Mary Kay компаниясын Тамақтану және дәрі-дәрмектер ассоциациясы (FDA) емдік құралдарды өндіруші компания ретінде тіркеген. Бұл компанияның күннен қорғаушы және акнеге қарсы құралдар секілді дәрі-дәрмектер ретінде жүйеленетін белгілі бір өнімдерді өндіруіне және таратуына мүмкіндік береді. Mary Kay зерттеу тобы өнімдердің Mary Kay® өнімі сатылатын аймақтағы барлық сапа стандарттарына және сертификаттарына сәйкес келетіндігіне кепілдік беру үшін әр елдегі мемлекеттік реттеуші органдарға үнемі мониторинг жүргізіп отырады.
- 2005 жылы Mary Kay компаниясы жаңашыл зерттеулерді ынталандыру және дерматология саласында жетістіктерге қол жеткізуге көмектесу үшін Далластағы Техас Оңтүстік Батыс университетінде жүргізілген дерматологиялық зерттеулерді қолдауға 1 миллион доллар аударды.
- Mary Kay компаниясы Өнім қауіпсіздігі жөніндегі кеңестің белсенді мүшесі болып табылады (PCPC). Ұйым мүшесі ретінде Mary Kay компаниясы тұтынушыларға арналған кепілдікті нығайтуға және барлық косметикалық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген тұтынушылар алдындағы міндеттемелер Кодексін сақтайды. PCPC және тұтынушылар алдындағы міндеттемелер Кодексі туралы көбірек білу үшін www.cosmeticsinfo.org сайтына кіріңіз.
- Mary Kay компаниясы 1970 жылдан бастап Тікелей сауда ассоциациясының (DSA) мүшесі болып табылады.