Mary Kay компаниясының қолдауымен Mary Kay Қайырымдылық қоры барлық 50 Штатта зорлық-зомбылықты тоқтату және үйдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге баспана салу бойынша ішкі бағдарламаларға 28 млн АҚШ долларын және ракпен күреске 15 млн АҚШ долларын аударды.
Mary Kay Қайырымдылық қоры отбасындағы проблемалар туралы екі документалдық фильмге демеушілік көрсетті – «Үнсіздікті бұзу: үміт саяхаты» (2001 жылдың күзінде) және «Үнсіздікті бұзу: балалардың әңгімелері» (2005 жылы).
АҚШ-тағы әрбір үш жасөспірімнің бірі психологиялық, сексуалдық, тұрмыстық немесе эмоционалдық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Mary Kay компаниясы «Үзілген шеңбер» ұлттық бейкоммерциялық ұйымымен бірге үйдегі зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған интерактивті фильмді шығаруға демеуші болды. Бұл фильм 2010 жылдың ақпан айында өткізілген «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы айлық» акциясының шеңберінде бүкіл елдегі мектептерді көрсетілді. Бұл оқу-сақтандыру бағдарламасы жасөспірімдерді өзара сындарлы қарым-қатынас жасауға үйретеді. Біздің серіктестігіміз www.enddatingviolence.com сайтында заң қабылдаушы органдарға күнделікті өмірде жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған онлайн-петицияны ұсынумен де жалғасып келеді.
1980-ші жылдардан бастап Mary Kay және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер Конгрессте және заң қабылдаушы органдарда әйелдерді жәбірлеуге қатысты Заңды және жақында жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық туралы заң жобасын, оларды хабардар ету және сақтандыру мақсатында, жылжытып келеді.
Mary Kay компаниясы және Mary Kay Қайырымдылық қоры Arbor Day Foundation ұйымымен бірлесе отырып, бүкіл елдегі әйелдерге арналған баспаналарда табиғатпен жақынырақ болу үшін оқу бөлмелерін салды. Бұл бөлмелер табиғаттың күші балалардың оқуына, ойнауына және үйдегі зорлық-зомбылық салдарларынан емделуіне көмектесетін қолайлы кеңістік жасауға мүмкіндік береді.