Back

Live Fearlessly™ парфюм суы

50 мл

17 000 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Бейнеролик көру Жеткізу Төлем
Сергітетін інжір, қуырылған жылы тонка бұршақ және хош иістің жүрегін толықтыратын розаның үнімен үйлесетін ноталар гүлшоғымен толтырылған гүлді-ағаш хош иіс.

“Батылдық – бұл қаншалықты қиын болса да, өз қорқынышыңызды жеңіп шығу өнері. Батылдық деген шындық. Батылдық – бұл сеніміділік”, Мэри Кэй Эш

Өз тарихыңызды айтып беріңіз™

Live Fearlessly™ хош иісін сатып алу үшін өзіңіздің бьюти-сарапшыңыз - Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізге хабарласыңыз.

Сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіз жоқ па? 8-800-080-5255 шұғыл желі телефонына хабарласыңыз немесе «Сұлулық жөніндегі Кеңесшіні табу» бөлімінен бьюти-сарапшыңызды табыңыз.

Барлық бағалар ұсынылған бөлшек баға болып табылады.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

Сізге ұнауы мүмкін

Барлығын

51 200 ТГ

Барлығын себетке салу
  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді
Live Fearlessly™ парфюм суы
Мэри Кэй Эш әйелдердің барлығы батыл екендігіне сенген. Бүкіл әлем оған қолыңнан ештеңе келмейді деп сендіруге тырысты, бірақ ол әрдайым керісінше дәлелдеген.

Live Fearlessly™ хош иісінде Мэри Кэй Эштің өмір тарихы, оның ешбір шектеулерге қарамастан өмір сүру батылдығы мен табандылығы келтірілген. Ол Линси Дайер секілді, көпқырлы және батыл әйелдің жеңісін бейнелейді.  

БАТЫЛДЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Линси – барлық жағынан нағыз батыл, ержүрек әйел. Ол кәсіби тау шаңғышы, продюсерлік ісінде фильмдерге озық әдістерді пайдаланатын продюсер, фотограф, саяхатшы, суретші және өзінің   ұйымдастыратын SheJumps (ағылшыннан аударғанда: Девушка, которая прыгает) жобаларына қатысушы қыздарға тәлімгер болып табылады.

Он жылдан астам уақыттан бері экстремалды тау шаңғышы болған Линси  алты құрлықтың барлығындағы таулардан түсіп көрген, POWDER журналының «Жыл шаңғышысы» марапатын иеленген және  әлемнің ең үздік шаңғышыларының бірі атағын алған. Ол спорттың экстремалды түрімен айналысатын әйелдерге мүмкіндіктер әлемін ашуға көмектесті, әлі де көмектесіп келеді.

Белсенді өмір салтына құштарлығы және әрбір әйелге шексіз мүмкіндіктерге апарар жолын салып беруге талпынысы  Линсиді  SheJumps коммерциялық емес ұйымға алып келді, кейін ол осы ұйымның құрылтайшыларының бірі болды. SheJumps ұйымының негізгі мақсаты  тәлімгерлік әдіс арқылы белсенді өмір салтын ұстанатын әйелдерді көптеп тарту болып табылады. Ұйым барлық жастағы әйелдер мен қыздарды оқытады. Оқу табиғат аясында өтеді, себебі мұндай формат өз бойындағы сенімділікті дамытуға және күнделікті өмірде қолданатын рух сергектігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әртістер құрамы тек әйелдерден тұратын, «Әдемі тұлғалар» атты спорттың экстремалды түрі туралы фильмде Линси жаңашыл продюсер ретінде кинодағы спорттың ағымдағы имиджіне үндеу тастады. Линси Unicorn Picnic продюсерлік компаниясының негізін қалады және тау шаңғысы спортындағы әйелдер туралы фильмнің продюсері болды, қазіргі сәтте фильм көптеген кинематографиялық марапаттарды иеленген және кинопрокатта толықтай сатылып, дүниежүзі бойынша онлайн жүктеуге қолжетімді. 

Линси өзінің әсерлі жетістіктерінің, баурап алатын шынайылығының, таңғаларлық рухани қуатының және Мэри Кэй Эшке тән өзгелерге көмектесуге талпынысының арқасында Компанияның жаңа өнім шығару шеңберінде  Live Fearlessly™ хош иісін жарнамалайтын тұлға болып таңдалды.

Линси және оның тарихы туралы көбірек білу үшін #IAmFearless, “Больше для изучения” бөлімінен бейнеролик көріңіздер.
Жағу жөнінде кеңестер
Хош иісті мойынға, білекке, шынтақ және тізе бүгілген жерлеріне жағыңыз, себебі осы нүктелерде тамыр соғуы сезіледі, тері жылылырақ сезіледі, осы жылулық хош иіске  толық ашылуға және айналасындағы кеңістікті толтыруға көмектеседі.
Негізгі қосындылар
ЖОҒАРҒЫ НОТАЛАРЫ:
шымырлататын және жігерлі жоғарғы ноталары сезімді тұтандырады және хош иісті жандандырады. Зімбір гүлі нәзік желектер тізбегін қалдырып, айрықша қыр қосады. Италияның балғын бергамотымен үйлесімімен сізді алдағы тамаша күнге дайындайтын мінсіз аккорд жасайды.

ОРТАҢҒЫ НОТАЛАРЫ:
Раушангүл, інжугүл, орхидея гүл ноталары ауаны шынайы нәзіктілікпен толтырады. Сіздің батыл жағыңызды жаулап алатын нәрлі аккорд сізді өзіңізге сенімді етіп қалдырады да, шексіз мүмкіндіктер сыйлайды.

ТӨМЕНГІ НОТАЛАРЫ: ORPUR®
балқарағай және Cosmone® ванильді мускус жұмсақ ағаш ноталарының ұзақ ойнайтын ізі қуырылған тонка бұршақтардың бай карамельді ноталарымен тамаша үйлеседі. Нәтижесінде айналаңызда өзіңізді қайталанбастай сезінуге мәжбүрлейтін жұмсақ ореол пайда болады.
Құтыдағы сұлулық
Live Fearlessly™ ұсақ-түйектің барлығына баса назар аударылып, жасалған. Қырлы дизайны біздің барлығымызға тән көптеген қырларды бейнелейді, ал ассиметриясы өмірден шабыт алған, себебі өмірдің сұлулығы дәл соның қабілетінде. Қақпағы сенімділік пен айқындылықты бейнелейді, ашық алтын түсті құтысы әйелдің энергиясын, оның күшіне сенімділігін және жаңа мүмкіндіктермен толықтыратын әр күннің жылуын шашады.