Атауына қарай шынайы, нағыз азамат (true – шындық, ақиқат) - осы парфюмды пайдаланатын ер азамат осындай. Оның сырт келбеті әдемі, мінезі мықты, боямасыз. Бұл хош иіс өмірден не қалайтынын нақты білетін және өз мүмкіндіктерін жете түсінетін ер азамат үшін әзірленген.
Дененің қажет болған жерлеріне мол етіп шашыңыз.
ЖОҒАРҒЫ НОТАЛАРЫ:
Хош иіспен танысу лимон және фуджи алмасы ноталарынан басталады.
ОРТАҢҒЫ НОТАЛАРЫ:
Амбра және балқарағай ағашының ортаңғы ноталарымен жалғасады.
ТӨМЕНГІ НОТАЛАРЫ:
Барлығы ащы-татымды пачули ноталарымен аяқталады.
Хош иіс күні бойы өзгеруі мүмкін. Бұл құрамындағы әр алуан қосындылардың теріге жағылғаннан кейін әр түрлі кезеңде ашылатынымен байланысты. Парфюмерлер негізгі үш кезеңді бөліп көрсетеді:
Жоғарғы ноталар:бұл ноталар хош иістің өзін көрсетеді және 15 минут ішінде ашылуы мүмкін.
Ортаңғы ноталар:«хош иістің» өзегі ретінде танымал ортаңғы ноталар жұпар теріге жағылғаннан кейін бірнеше минуттан соң ашылып, таралады. Олар жоғарғы ноталар жойылғаннан кейін барып шығады және хош иіс әрекет ететін бүкіл уақыт ішінде байқалып тұрады.
Төменгі ноталар:бұл ноталар соңғы әсер береді, сонымен бірге ең ұзақ уақыт байқалады. Олар хош иісті жаққаннан кейін бірнеше сағат ішінде ашылуы мүмкін.