Құрылғы қосарланған вибрациялық қондырғы технологиясымен жабдықталған: жұмсақ силиконды қылшықтар нәзік тербеліп, теріні кір мен қоспалардан тазартады, ал жылы массаж функциясы бар жағы күтім өнімдерінің жақсы сіңуіне көмектеседі. Бір ғана батырманы басу арқылы тазалау режимі мен термомассаж режимі арасында оңай ауыса аласыз — қондырғыны ауыстырудың қажеті жоқ.
Тазалау функциясы
Алдымен көзден макияжды кетіріңіз. Бетіңізді және тазалаушы қондырғын сулап алыңыз. Құрылғыны қосып, вибрацияның қалаған қарқындылығын таңдаңыз. Сүйікті Mary Kay® тазалаушы құралыңызды тікелей теріге жағып, құрылғыны жұмсақ сырғыту немесе массаж жасау қимылымен бетіңізді тазалаңыз. Көз айналасы мен шаштың өсу сызығына жақын аймақтан аулақ болыңыз.
Қолданғаннан кейін құрылғыны өшіріп, бетіңізді жақсылап шайып тастаңыз. Қондырғыны сумен жуып, табиғи түрде кебуіне мүмкіндік беріңіз немесе жұмсақ сүлгімен абайлап сүртіңіз. Құрылғыны суға батырмаңыз. Тұғырға орнатпас бұрын құрылғының толық құрғағанына көз жеткізіңіз.
Күнделікті қолдануға жарамды. Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. Душта пайдалануға болмайды.
Термомассаж функциясы
Құрғақ теріге бетке арналған майды, сығындыны немесе ылғалдандырушы кремді* жағыңыз. Құрылғыны қосып, қажетті вибрация қарқындылығын таңдаңыз және термомассаж функциясын іске қосу үшін қыздыру батырмасын басыңыз.
Жылыту беткейін бет терісіне ақырын тигізіп, жұмсақ сырғыту немесе массаж жасау қимылдарын орындаңыз. Көз айналасы мен шаш өсетін сызыққа жақын аймақтарға тигізбеңіз.
Қолданғаннан кейін құрылғыны өшіріңіз. Қондырғыны сумен шайып, кептіріп қойыңыз немесе жұмсақ сүлгімен абайлап сүртіңіз. Құрылғыны суға батырмаңыз. Тұғырға қояр алдында құрылғының толық құрғағанына көз жеткізіңіз.
Күнделікті қолдануға жарамды. Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. Душта пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ
Электр тогымен зақымдану қаупін болдырмау үшін желілік адаптерді (жинаққа кірмейді), USB-кабельді және зарядтау портын құрғақ күйде ұстаңыз. Құрылғыны тұғырға орнатпас бұрын оны көлденең күйде толық кептіріңіз. Құрылғыны су қолмен қоспаңыз және ажыратпаңыз.
Зарядтау кезінде құрылғыны ванна, душ, раковина немесе дәретхана сияқты су көздерінің жанына қоймаңыз және сақтамаңыз. Құрылғыны зарядта тұрғанда пайдалануға болмайды.
Құрылғы зақымданса немесе дұрыс жұмыс істемесе, қолдануды дереу тоқтатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тек сыртқы қолдануға арналған. Нұсқаулық талаптарына қатаң сәйкес пайдаланыңыз. Ваннада немесе душта қолдануға болмайды.
Зақымдалған бөлшектерді немесе Skinvigorate Duo™ құрылғысына арналмаған аксессуарларды қолданбаңыз. Құрылғыны балалар мен үй жануарларынан алыс жерде сақтаңыз. Бұл ойыншық емес.
Тұншығу қаупін болдырмау үшін қаптама материалдарын, соның ішінде пластик пакеттерді балалар мен сәбилердің қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Құрылғыны тітіркенген немесе зақымдалған теріге қолданбаңыз. Қызару немесе тітіркену байқалса, қолдануды тоқтатыңыз. Белгілер басылмаса, дәрігерге жүгініңіз.
Құрылғыны салқын әрі құрғақ жерде сақтаңыз.
Жұмсақ пульсация күтімнің әр кезеңінің тиімділігін арттырады - теріні силиконды қылшықтармен тазарту кезінде де, күтім құралдарының жақсы сіңуіне арналған термомассажды қолданғанда да.
Теріні біркелкі күту үшін пульсация әр 15 секунд сайын автоматты түрде үзіліс жасап, бет аймақтарының әрқайсысына тең назар аударуға мүмкіндік береді.
Бес деңгейлі қарқындылық режимі тазарту мен термомассажды өз қажеттіліктеріңізге қарай оңай бейімдеуге жағдай жасайды — барлығы бір батырманы басу арқылы.