Mary Kay Joy® парфюм суы - позитивті эмоцияларды күшейту үшін нейроғылым негізінде жасалған Mary Kay®-дің алғашқы хош иісі.
Оның әсері дәлелденген - тұтынушылар оның расында бақытты ететінін айтты.
0Сіздің себетіңізде
X
Mary Kay Joy® парфюм суы - позитивті эмоцияларды күшейту үшін нейроғылым негізінде жасалған Mary Kay®-дің алғашқы хош иісі.
Оның әсері дәлелденген - тұтынушылар оның расында бақытты ететінін айтты.
Жоғарғы ноталар балғындығы
Шырынды шабдалының жоғарғы ноталары жеміс бағында серуендеп жүргендей әсер сыйлайды. Оған ұшқындаған, жігерлендіруші грейпфрут және дәмді ананас сорбеті қосылып, шабдалының жоғарғы нотасын күшейтеді.
Оптимистік ортаңғы ноталар
Қазтамақ пен магнолияның нәзік үйлесімі хош иістің жүрегіне жетелейді. Ал шегіргүл мен фрезия ноталары осы ұмытылмас әсерді толықтырады.
Төменгі ноталар
Тыныштандырушы амбра мен жылы мускус хош иісті аяқтап, оны жарқын әрі эмоционалды саяхатқа айналдырады.
Қазіргі нейробиология дәлелдеді: хош иістер мидың жұмысына және тікелей көңіл күйге әсер етуге қабілетті.
Сондықтан парфюмды сепкеннен кейінгі қуаныш сезімі – бұл қиял емес, ғылыми дәлелденген факт.
Хош иісті қалыптастыру үшін арнайы ингредиенттер таңдалды.
Олардың миға әсері визуалды ынталандыру мен нейровизуализация әдістері арқылы сыналып, қуаныштың эмоционалды биомаркерлері анықталды. Нәтижесінде көңіл күйді көтеретін, оптимизмді оятатын әрі қуанышқа толы ерекше композиция пайда болды.
Әр құтыдағы қуаныш
Сары түсті біз жай таңдаған жоқпыз - ол күннің жылуын, қуанышты және жағымды эмоцияларды бейнелейді. Күн сәулесіндей бұл реңк энергия сыйлап, көңіл күйді көтереді. Сондықтан ол Mary Kay Joy®парфюм суының мәнін мінсіз жеткізеді.
Қаптамадағы "қуаныш" сөзі әлемнің түрлі тілдерінде сары түспен жазылған. Өйткені қуаныш - бәріне ортақ эмоция. Біз қораптың дизайын арқылы осы ғалами байланысты ерекше атап көрсеткіміз келді.
Limited-Edition† Mary Kay® Lavender & Coconut Body Spray