Тері күтімің жаңа деңгейде


Көпфункциялы бьюти-аксессуар күнделікті күтімді бір батырмамен тиімдірек етеді.

«2‑де 1» вибрациялық технологиясы жұмсақ пульсация жасап, құралдардың өзара әрекеттесуін жақсартады және күтімнің әр кезеңінің нәтижелілігін арттыруға көмектеседі.

Көбірек жайлылық, көбірек дәлдік, көбірек нәтиже — біркелкі әрі күтімді тері үшін.

Тері күтіміне арналған құрылғы Skinvigorate Duo™ — бұл терең тазалау мен кейінгі күтім құралдарының әсерін күшейтетін термомассаж арқылы күтімді жақсартатын, бетке арналған "2‑де 1" көпфункциялы құрылғысы.

Ақылды көпміндетті қолдануға арналған Skinvigorate Duo™ құрылғысы қос вибрациялық технологиямен жабдықталған: бір жағындағы жұмсақ силикон қылшықтары пульсация жасап, теріні тазалайды, ал жылы массаж функциясы бар екінші жағы күтім құралдарының жақсы сіңуіне көмектеседі.

Бір ғана батырманы басу арқылы тазалау режимінен термомассажға оңай ауыса аласыз — қондырғыны ауыстырудың  қажеті жоқ.

ТЕРЕҢ ТАЗАЛАУ

Жұмсақ силикон қылшықтары пульсация жасап, теріні кір мен себумнан терең тазартады.
Mary Kay® тазалаушы  құралдарымен бірге қолдануға болады.

ТЕРМОМАССАЖ

Жылу күтім құралдарының жақсы сіңуіне көмектеседі және күтім процесін анағұрлым жайлы етеді.
Mary Kay® сығынды‑концентраттарымен, сығындыларымен, бетке арналған майымен және ылғалдандырушы құралдарымен тамаша үйлеседі.

АҚЫЛДЫ ДИЗАЙН

Терінің барлық типіне қолдануға болады.
5 деңгейлі қарқындылық, су өткізбейтін корпус, қайта зарядталатын аккумулятор және сапарда алып жүруге ыңғайлы формат.

ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕ НҰСҚАУЛЫҚ

Қолдану жөнінде нұсқаулық


ҚАДАМ 1.
Тазалау функциясы Алдымен көзден макияжды кетіріңіз. Бетіңізді және тазалаушы қондырғыны сулап алыңыз. Құрылғыны қосып, вибрацияның қалаған қарқындылығын таңдаңыз.

ҚАДАМ 2. Сүйікті Mary Kay® тазалаушы құралыңызды тікелей теріге жағып, құрылғыны жұмсақ сырғыту немесе массаж жасау қимылымен бетіңізді тазалаңыз. 

  • Көз айналасы мен шаш өсетін сызыққа жақын аймақтарға тигізбеңіз.
  • Қолданғаннан кейін құрылғыны өшіріңіз.

Термомассаж функциясы:


ҚАДАМ 3.
Құрғақ теріге бетке арналған май, сығынды немесе ылғалдандырушы крем* жағыңыз. Құрылғыны қосып, қажетті вибрация қарқындылығын таңдаңыз және термомассаж функциясын іске қосу үшін қыздыру батырмасын басыңыз.

ҚАДАМ 4. Жылыту беткейін бет терісіне ақырын тигізіп, жұмсақ сырғыту немесе массаж жасау қимылдарын орындаңыз.

  • Көз айналасы мен шаш өсетін сызыққа жақын аймақтарға тигізбеңіз.
  • Қолданғаннан кейін құрылғыны өшіріңіз.

ЕСКЕРТУ:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: