МИНИ-МАСКАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
⠀
Бұл коллекция кез келген көңіл күйіңізге шаттық сыйлау үшін әзірленген.
САТЫП АЛУ
Мультимаскинг – тері күтіміндегі beauty-тренд, мағынасы бірнеше масканы беттің әр жеріне бір мезетте жағу.
Мультимаскингтің артықшылығы: өзіңе күтім жасауда уақытты үнемдеу және бірнеше міндетті қатар шешу.
Бетті шартты түрде өзара бір-бірінен май бездерінің белсенділігімен ерекшеленетін үш негізгі зонаға бөлу керек:
- Т-зона (маңдай, мұрын және иек) – акцент жасайтын зоналардың бірі, онда күңгірттендіруші сығындыларды, кремдерді және сәндік косметикаларды жағуға тырысады (терінің құрғақ типтерінен басқа). Осы зонада май бездері, көбінесе кеңейген тері саңылаулары көп болады. Олар басқаларған қарағанда терең тазалауды қажет етеді.
- Жақ сүйегінің терісі – беттің май бездері едәуір төмен жері, бірақ кейде өндеу қарқыны жоғары болады.
- Мойын аумағы да қосымша күтімді қажет етеді, мұнда майлы қабат айтарлықтай аз, сондықтан бұл аумақ шамадан тыс құрғайды және ерте қартаяды.
⠀
МІНСІЗ АРУ (MISS PORE-FECT)
Құрамына жасыл балшық, гүлшетен эфир майы және ментол кіреді. Терідегі кірге «қош» деңіз. Маска қабыршақтарды нәзік кетіреді, теріні терең тазалайды, тері саңылауларын тарылтуға ықпал етеді.
СЕРГЕК АРУ (ENERGY QUEEN)
Құрамында жапон көк шайының және итмұрын жидектерінің экстрактары, сондай-ақ тәтті бадамгүл майы бар. Теріні энергияға толтырады, балғын түр береді, беттің түсін сол сәтте жақсартады. Мазмұнды күнді тамаша бастайсыз!
УАЙЫМСЫЗ АРУ (LADY SERENITY)
Құрамында алоэ вера және провитамин В5 (пантенол) бар. Осы сергітуші және жұмсартушы кремтектес маскамен өзіңізге корольдік тыныштықтың лайықты минуттарын сыйлаңыз. Отырыңыз, бойыңызды еркін ұстаңыз және стресстен арылыңыз.
НҰРЛЫ АРУ (DEWY GAL)
Құрамында гиалурон қышқылы, глицерин және Е витамині бар. Үлкен кешке жиналып жатсыз ба? Ылғалдандырушы гель маскамен теріңізге жарқыраған сау түр сыйлаңыз. Енді сіз салтанатты түскі астан бастап би алаңындағы кешке дейін дайынсыз!
Бұл маскалардың әрқайсысы бөлек қолданылуы мүмкін немесе беттің әртүрлі бөліктері үшін бір маскаға араластыруға болады. Жол сөмкеңізге салып, сапарда жүзіңізді сергітіңіз немесе жиынтықты тері күтіміне мұқтаж досыңызға сыйлаңыз.
Тек сізге арналған маскалар жиынтығы!
Бетіңізден барлық жеріндегі тері типін анықтау үшін:
1 Косметиканы кетіріп, бетті жылы сумен шайыңыз, сүлгімен сүртіңіз және күтім жасайтын құралды пайдаланбаңыз.
2 Егер теріңіз құрғақ болса, 25-35 минут, ал егер майлы болса, 15-20 минут күтіңіз.
3 Жұқа қағаз салфетканы бетіңізге қойып, мұқият басыңыз, мұрын қатпарларын және иек аумағын қалдырып қоймаңыз.
4 Салфетканы 1-2 минуттан кейін алыңыз. Салфетканың мөлдір тұстары майлы учаскелерді, ал ірі немесе ұсақ бедерлер – аралас теріні, ал салфетканың өзгермей қалған жерлері құрғақ теріні білдіреді.
⠀
Классикалық маскингке арналған әрекеттер
K-beauty тренді – тұрақты күтім және жарқыраған тері. Құрғақ терімен проблеманы шешу үшін ұйқы уақытын пайдаланып, K-beauty сарапшылары ұсынған үйдегі тамаша процедурадан ләззат алыңыз. Бетіңізге
Ылғалдандырушы гель маска TimeWise® және көз айналасындағы нәзік теріге
Көз айналасындағы теріге арналған тыныштандырғыш гель MaryKay® жағыңыз. Содан кейін түнгі ұйқыға батыңыз, ал түнгі процедураңыз теріңізді күні бойына ылғалдандырады және сергітеді.
K-beauty Pro-дан №1 кеңес: Ылғалдандырушы
гель маска TimeWise® құралының тиімділігіін арттыру және spa-салонындағыдай
сезім жасау үшін тоңазытқышта сақтаңыз.
K-beauty Pro-дан №2 кеңес: таңғаларлықтай әдемі көріңгіңіз келетін қандай да бір
айрықша оқиға бола ма? Ұйықтар алдында маскинг уақытын көбейтіңіз. Келесі күні TimeWise
Repair® Биоцеллюлозалы лифтинг-маскадан және өзіңіз ұнататын
музыкадан ләззат алу үшін 20-30 минут табыңыз. Содан соң K-beauty стиліндегі нәзік,
тегіс және жарқыраған терімен үйлену тойында немесе сыныптастар кездесуінде
(немесе басқа бір жағдайда) жарқырауға дайын боласыз.