0Сіздің себетіңізде
X2025 ЖЫЛҒЫ СӘУІР-ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН «СЕНІҢ МІНСІЗ ТЕРІ ҚҰПИЯҢ» ҰТЫСЫН ӨТКІЗУ РЕСМИ ЕРЕЖЕСІ
Төменде «Сенің мінсіз тері құпияң» ұтысының (бұдан былай қарай «Ұтыс») Ресми ережесі (бұдан былай – «Ереже») берілген.
Ереже қатысушылар (бұдан былай қарай –«Қатысушы(лар)», «сіз», «сіздің», «сіздердің») мен «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС (бұдан былай қарай – «Ұйымдастырушы», «біз», «біздің») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Сіз ұтысқа қатысуды жалғастыра отырып, осы Ереже шарттарымен келісесіз (Ұйымдастырушы алдын ала хабарлап, кез келген сәтте шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады). Бұл Ереже Қатысушыға қатысты өзгертілмейді, осы Ереже жарияланғаннан кейін жүлделер саны да өзгермейді.
1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Ұтысты Ұйымдастырушы:
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Достық д., 210, 8-қабат
БИН 000640004487
2. ҰТЫС ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ
Осы Ұтыстың мақсаты – «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС сұлулық Кеңесшілері Mary Kay® өнімін соңғы тұтынушылар арасында (бұдан былай қарай – «Клиенттер») сатуына қолдау көрсету және ынталандыру, «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС потенциалды клиенттерінің базасын және тәуелсіз сұлулық Кеңесшілер санын көбейту.
3. ҰТЫС ӨТЕТІН КЕЗЕҢ
Ұтыс 2025 жылғы 16 сәуір (Қазақстан уақыты бойынша) сағат 00:00-де басталады да, 2025 жылғы 16 шілде сағат 00:00-де (Қазақстан уақыты бойынша) аяқталады (бұдан былай қарай – «Ұтыс өтетін кезең).
4. ҰТЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Ұтысқа Қазақстан Республикасы территориясында және Қырғыз Респубикасы территориясында тұратын 18 жастан бастап барлық клиент қатысуға құқылы.
Мына категориядағы тұлғаларға Ұтысқа қатысуға тыйым салынады:
- «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері, сату жөніндегі тәуелсіз Директорлар және сату жөніндегі Ұлттық Директорлар, сондай-ақ біреудің орнына адам қойып пайдалану арқылы.;
- Ұйымдастырушы және/немесе Mary Kay Inc. сондай-ақ еншілес компаниялар мен филиалдар, бөлімшелер, мердігерлер және агенттер қызметкерлері мен жетекшілері, сондай-ақ біреудің орнына адам қойып пайдалану арқылы.;
- осы Ұтысты жүзеге асыру материалдарын дайындаған, шығарған және таратқан тұлғалар; сондай-ақ біреудің орнына адам қойып пайдалану арқылы.
Ұйымдастырушы ұтысты өткізуге немесе ұтыс нәтижесіне қалай болса да ықпал етсе, Ұйымдастырушының және/немесе Ұтыс қатысушылары имиджіне залал келтірген қатысушыларды шығарып тастауға құқылы.
Ұйымдастырушы Ұтыс ережесін бұзған кез келген қатысушыны дисквалификациялауға құқылы.
Ұйымдастырушы Ереженің қалай бұзылғанын және Қатысушыны қашан дисквалификациялау керек екенін өз қалауы бойынша шешеді.
Ұйымдастырушы Ереже бұзуға әкелген факторларды анықтау және кейінгі дисквалификациялау үшін Қатысушымен хабарласуға міндетті емес.
5. ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ
Қатысушы болу үшін, сізге қажет:
Пост астына @marykay_kz ресми аккаунтын және бьюти-экспертіңіздің аккаунтын белгілеу, marykay.kz сайтынан тіркеуден өтеді және кепілді сыйлық – тамаша Mary Kay сыйлықтары салынған бьюти-бокс алады!
(2) Ұтысқа тамаша Mary Kay өнімдері салынған бьюти-бокс қатысады;
(3) Mary Kay ресми сайтынан тіркеуден өту;
(4) Ұтыс ережесімен, сондай-ақ дербес деректерді жинау шартымен танысу және растау.
6. ЖҮЛДЕ
Рұқсат етілмеген араласу, алаяқтық әрекеттер арқылы залал келтіру, техникалық ақаулар немесе өзге қателіктер; сондай-ақ ұтыс ойынын өткізуге кедергі келтіретін кез келген басқа әрекеттерге (себептер) қатысты Ұтысты өткізу мүмкін болмаған жағдайда, Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Ұтысты өткізбеуге, аяқтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға, сондай-ақ қолда бар есеп жазбаларынан Жеңімпазды анықтауға құқылы, сондай-ақ www.random.org. сервисі арқылы кездейсоқ сандар генераторының көмегімен кездейсоқ санды таңдау арқылы есеп жазбасынан жеңімпазды анықтайды.
Егер Ұйымдастырушы Ұтыс ойынын өткізе алмаса немесе Жеңімпаз еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары салдарынан жүлдені ала алмаса, Ұйымдастырушы Жеңімпаз немесе кез келген басқа тұлға алында жауапты болмайды. Осы жағдайда еңсерілмейтін күшке төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскери қақтығыстар, табиғи зілзала, дүлей апаттар (өрт және т.б.). Келтірілген тізім толық емес.
Ұйымдастырушы, оның құрылтайшылары және Ұйымдастырушымен байланысты компаниялар, сондай-ақ барлық қызметкер сіздің Ұтысқа қатысуыңыздан туындайтын тікелей, жанама, күтпеген, дәйекті немесе айыппұл шығындарын қоса алғпнда, кез келген түрдегі шығын немесе залал үшін жауап бермейді.
Қандай да себептермен Ереженің қандай да бір тармағының немесе шартының жарамсыздығы Ереженің қалған шарттарын жарамсыз етпейді.
7. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау заңын орындауға міндетті.
Ұтыс шартын қабылдай отырып, сіз мынаған келісесіз:
- Ұйымдастырушы, сондай-ақ оның өкілетті үшінші тараптар сіздің дербес деректеріңізді жинап, сақтап, өңдей алады, оған мыналар кіреді, бірақ шектелмейді: аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру номеріңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз және телефон номеріңіз.
- дербес деректеріңіз осы Ұтысты өткізуге, сондай-ақ Mary Kay® өнімдері мен қызметін дамытуға қажетті статистикалық деректерді жинауға, сонымен қатар маркетингтік саясат пен жарнама мақсатына, сондай-ақ басқа да азаматтық, коммерциялық, салық және бухгалтерлік мақсатта қажет болады.
- промо-материалдар мен ұтыс ойынын өткізу туралы есептерді және осыған ұқсас мақсаттарды қосымша өтемақысыз, хабарламасыз немесе сіздің мақұлдауыңызды алмай орналастыру мақсатында Ұйымдастырушыға өзіңіздің дербес деректеріңізді шығару, жариялау, тарату және БАҚ орналастыру құқығын бересіз.
8. ЖҮЛДЕЛЕР ҰТЫСЫ
9. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау заңын орындауға міндетті.
Ұтыс шартын қабылдай отырып, сіз мынаған келісесіз:
- Ұйымдастырушы, сондай-ақ оның өкілетті үшінші тараптар сіздің дербес деректеріңізді жинап, сақтап, өңдей алады, оған мыналар кіреді, бірақ шектелмейді: аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру номеріңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз және телефон номеріңіз.
- дербес деректеріңіз осы Ұтысты өткізуге, сондай-ақ Mary Kay® өнімдері мен қызметін дамытуға қажетті статистикалық деректерді жинауға, сонымен қатар маркетингтік саясат пен жарнама мақсатына, сондай-ақ басқа да азаматтық, коммерциялық, салық және бухгалтерлік мақсатта қажет болады.
- промо-материалдар мен ұтыс ойынын өткізу туралы есептерді және осыған ұқсас мақсаттарды қосымша өтемақысыз, хабарламасыз немесе сіздің мақұлдауыңызды алмай орналастыру мақсатында Ұйымдастырушыға өзіңіздің дербес деректеріңізді шығару, жариялау, тарату және БАҚ орналастыру құқығын бересіз.
10. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ
Осы ережелер мен шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес реттеледі және қаралады. Осы Ережеден туындайтын кез келген дау-дамайды Қазақстан Республикасының сот юрисдикциясына жатады