«МЭРИ КЭЙ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ АЯСЫНДА 2023 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР МЕН ҚАЗАНЫ АРАЛЫҒЫНДА ҰТЫС ӨТКІЗУ РЕСМИ ЕРЕЖЕСІ

Төменде «Мэри Кэй» компаниясының 60 жылдығына арналған ұтыстың (бұдан былай қарай «Ұтыс») Ресми ережесі (бұдан былай – «Ереже») берілген. 
Ереже қатысушылар (бұдан былай қарай –«Қатысушы(лар)», «сіз», «сіздің», «сіздердің») мен  «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС (бұдан былай қарай – «Ұйымдастырушы», «біз», «біздің») арасындағы қарым-қатынасты реттейді. 
Сіз ұтысқа қатысуды жалғастыра отырып, осы Ереженің шарттарымен келісесіз (Ұйымдастырушы алдын ала хабарлап, кез келген сәтте шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады). Бұл Ереже Қатысушыға қатысты өзгертілмейді, осы Ереже жарияланғаннан кейін жүлделер саны да өзгермейді.



1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Ұтысты Ұйымдастырушы:
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050051,  Алматы қаласы, Фонвизин көшесі 17 а
БИН 000640004487


2. ҰТЫС ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ


Осы Ұтыстың мақсаты –  «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС сұлулық Кеңесшілері Mary Kay® өнімін соңғы тұтынушылар арасында (бұдан былай қарай – «Клиенттер») сатуына қолдау көрсету және ынталандыру, «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС потенциалды клиенттерінің базасын ұлғайту және тәуелсіз сұлулық Кеңесшілер санын көбейту. 


3. ҰТЫС ӨТЕТІН КЕЗЕҢ

Ұтыс 2023 жылдың 1 сәуірі (Қазақстан уақыты бойынша) сағат 00:00-де басталады да, 2023 жылдың 11 қазаны сағат 00:00-де (Қазақстан уақыты бойынша) аяқталады (бұдан былай қарай – «Ұтыс өтетін кезең). 


4. ҰТЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ТАЛАП


 Ұтысқа Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан бастап барлық клиент қатысуға құқылы. 

Мына категориядағы тұлғаларға Ұтысқа қатысуға тыйым салынады:
— «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері, сату жөніндегі тәуелсіз Директорлар және сату жөніндегі Ұлттық Директорлар; 
Ұйымдастырушы және/немесе Mary Kay Inc. сондай-ақ еншілес компаниялар мен филиалдар, бөлімшелер, мердігерлер және агенттер қызметкерлері мен жетекшілері;
осы Ұтысты жүзеге асыру материалдарын дайындаған, шығарған және таратқан тұлғалар; 
жоғарыда айтылған барлық категорияның жақын туыстары. 


*«Жақын туыстары» – бұл ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы, асырап алған балалары, ата-анасы бір немесе бөлек бауырлар, атасы, әжесі, немересі немесе күйеуі. 
Ұйымдастырушы ұтысты өткізуге немесе ұтыс нәтижесіне қалай болса да ықпал етсе, Ұйымдастырушының және/немесе Ұтыс қатысушылары имиджіне залал келтірген қатысушыларды шығарып тастауға құқылы. 
Ұйымдастырушы Ұтыс ережесін бұзған кез келген қатысушыны дисквалификациялауға құқылы.  
 Ұйымдастырушы Ерженің қалай бұзылғанын және Қатысушыны қашан дисквалификациялау керек екенін өз қалауы бойынша шешеді. Ұйымдастырушы Ереже бұзуға әкелген факторларды анықтау және кейінгі дисквалификациялау үшін Қатысушымен хабарласуға міндетті емес.


5. ҚАЛАЙ ҚАТЫСУШЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ 


Қатысушы болу үшін, сізге қажет:

1. «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшісінен сатып алған Mary Kay® өніміндегі арнайы стикермен белгіленген QR-кодты сканерлеп алыңыз;
Стикері бар Mary Kay® өнімінің қаптамасын сақтап қойыңыз, жүлде ұтып алған жағдайда Ұйымдастыруға көрсетесіз;  

2. Ұйымдастырушының marykay.kz ресми сайтындағы Ұтыстың арнайы парақшасына Mary Kay® өніміндегі стикерде көрсетілген реттік номерін енгізіңіз;  
Ұтыстың арнайы парақшасы QR-кодты жүктегеннен кейін, сондай-ақ егер Қатысушы marykay.kz ресми сайтындағы Ұтыстың осы парақшасына өз бетінше өтсе, қолжетімді болады; 

3. Ұтыстың арнайы парақшасына өзіңіздің дербес деректеріңізді: атыңызды, тегіңізді және телефон номеріңізді енгізіңіз; 

4. Ұтыс ережесімен, сондай-ақ дербес деректерді жинау шартымен танысып, растаңыз


6. ЖҮЛДЕ

Ұйымдастырушы Қатысушылар арасында Жүлде ұтысын мамыр және қазан айлары аралығында, ай сайын әр айдың басында өткізеді. Айына бриллианты бар 10 (он) алтын сақина ойнатылады. 
Ұтыста жалпы 60 (алпыс) сақина ойнатылады.. 
Жүлденің сипаттамасы:
♥ Бриллианты бар алтын сақина
♥ Материалы – 585 сынамалы сары алтын
♥ Салмағы – 2,0 грамм
♥ Ендірмесі – 1 дана бриллиант, салмағы 0,05K

*Жүлде ақшалай эквивалентке ауыстырылмайды. 
*Жүлдені ауыстыруға, қайтаруға, қайта табыстауға болмайды. 
*Жарнама және басқа да баспа материалдарындағы жүлденің суреті мысал ретінде келтіріледі және нақты түріне сәйкес келмеуі мүмкін. 


7. ЖҮЛДЕЛЕР ҰТЫСЫ 

Ай сайын Ұымдастырушы Ұтысқа қатысушылар арасынан 10 (он) жеңімпазды анықтайды.
Қатысушы ай сайынғы Ұтысқа өнімде көрсетілген реттік номерін тіркеген айда ғана қатыса алады
Ұйымдастырушы Жеңімпазды www.random.org сервисі арқылы кездейсоқ санды таңдау әдісімен анықтайды. 
Ұйымдастырушы Жеңімпазды анықтау трансляциясын инстарграм әлеуметтік желісінің @marykay_kz парақшасында тікелей эфирде өткізеді. 
Әр айдың жеңімпаздары тізімін Ұйымдастырушы өзінің marykay.kz ресми сайтында берілген парақшасына жариялайды. 

Ұтыс өткеннен кейін Ұйымдастырушы көрсетілген телефон номерлері арқылы 1 (бір) күн бойы 10 жеңімпазға хабарласады. 

Егер 15 (он бес) күн ішінде Жеңімпазға хабарласа алмаса, Ұтыс ойнатылмаған болып есептеледі. 
Ұтыс өткен күннен бастап Жеңімпаз ұтысын алу үшін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушыға хабарласа алады. Мұндай жағдайда, Ұтыс ойнатылған болып есептеледі және Жеңімпазға беріледі. 
Жеңімпазға хабарласқаннан кейін Ұйымдастырушы Ұтысты Жеңімпаз көрсеткен мекен-жайға өз күшімен және  есебінен жеткізеді. 

Жүлдені алу үшін Жеңімпаз: 

a) жеке басын куәландыратын құжатты беру арқылы жеке тұлғаны сәйкестендіруден өту керек;  
b) сатып алған арнайы стикері бар, Жеңімпаздың реттік номері көрсетілген Mary Kay® өнімінің түпкі қаптамасын көрсету   
Жүлде Жеңімпаздың тура қолына немесе нотариалды сенімхаты болған жағдайда, оның сенімгер адамына беріледі.


8. ЖАУАПКЕРШІЛІК 

Рұқсат етілмеген араласу, алаяқтық әрекеттер арқылы залал келтіру, техникалық ақаулар немесе өзге қателіктер; сондай-ақ ұтыс ойынын өткізуге кедергі келтіретін кез келген басқа әрекеттерге (себептер) қатысты Ұтысты өткізу мүмкін болмаған жағдайда, Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Ұтысты өткізбеуге, аяқтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға, сондай-ақ қолда бар есеп жазбаларынан Жеңімпазды анықтауға  құқылы. 

*Егер Ұйымдастырушы Ұтыс ойынын өткізе алмаса немесе Жеңімпаз еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары салдарынан жүлдені ала алмаса, Ұйымдастырушы Жеңімпаз немесе кез келген басқа тұлға алында жауапты болмайды. Осы жағдайда еңсерілмейтін күшке төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскери қақтығыстар, табиғи зілзала, дүлей апаттар (өрт және т.б.). Келтірілген тізім толық емес.
*Ұйымдастырушы, оның құрылтайшылары және Ұйымдастырушымен байланысты компаниялар, сондай-ақ барлық қызметкер сіздің Ұтысқа қатысуыңыздан туындайтын тікелей, жанама, күтпеген, дәйекті немесе айыппұл шығындарын қоса алғпнда, кез келген түрдегі  шығын немесе залал үшін жауап бермейді.
*Қандай да себептермен Ереженің қандай да бір тармағының немесе шартының жарамсыздығы Ереженің қалған шарттарын жарамсыз етпейді.


9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау заңын орындауға міндеттенеді.

Ұтыс шартын қабылдай отырып, сіз мынаған келісесіз: 
— Ұйымдастырушы, сондай-ақ оның өкілетті үшінші тараптар сіздің дербес деректеріңізді жинап, сақтап, өңдей алады, оған мыналар кіреді, бірақ шектелмейді: аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру номеріңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз және телефон номеріңіз.
— дербес деректеріңіз осы Ұтысты өткізуге, сондай-ақ Mary Kay® өнімдері мен қызметін дамытуға қажетті статистикалық деректерді жинауға, сонымен қатар маркетингтік саясат пен жарнама мақсатына, сондай-ақ басқа да азаматтық, коммерциялық, салық және бухгалтерлік мақсатта қажет болады.
— промо-материалдар мен ұтыс ойынын өткізу туралы есептерді және осыған ұқсас мақсаттарды қосымша өтемақысыз, хабарламасыз немесе сіздің мақұлдауыңызды алмай орналастыру мақсатында Ұйымдастырушыға өзіңіздің дербес деректеріңізді шығару, жариялау, тарату және БАҚ орналастыру құқығын бересіз. 


10. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА 

 Осы ережелер мен шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес реттеледі және қаралады. Осы Ережеден туындайтын кез келген дау-дамайды Қазақстан Республикасының сот юрисдикциясына жатады.