Осы Пайдалану шарты сіздің «Мэри Кэй (Қазастан)» ЖШС («ООК қызметі») ұсынған Клиенттің бағалары мен шолулары және/немесе Сұрақтар мен жауаптар қызметіне байланысты тәртібіңізді реттейді.  

«Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясына кез келген материалдарды жібергенде, сіз кепілдік бересіз: 

Сіз осы материалдың интеллектуалды меншік құқықтарының жалғыз авторы және иесі болып табыласыз; 

Осы материалға қатысты «моральдық құқықтардың» барлығынан өз еркіңізбен бас тартасыз; 

Сіз жариялайтын материалдардың барлығы нақты болады; 

Сіздің жасыңыз 14 жастан үлкен; 

Сіз ұсынған материалдарды пайдалану осы Пайдалану шартын бұзбайды және қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаға зиян келтірмейді. 

Сондай-ақ сіз мынадай материалдарды бермейтініңізді мәлімдейсіз: 

Жалған, нақты емес немесе жаңылыстыратын болып табылатын; 

Авторлық құқықты, патентті, сауда маркасын, коммерциялық құпияны немесе меншіктің басқа да құқықтарын, жариялау құқығын немесе кез келген үшінші тұлғаның құпиялылық құқықтарын бұзатын; 

Заңдарды, заңды актілерді, бұйрықтарды немесе қаулыларды бұзатын (тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы, теріс пиғылды бәсеке туралы, кемсітушілікпен күрес туралы немесе жалған жарнама туралы қоса, шектеусіз); 

Беделін түсіретін, өсек-аяң, жек көрушілікке толы, нәсілдік немесе діни теріс түсінілген, тіл тигізген, кез келген тұлғаға, серіктестікке немесе корпорацияға заңсыз қауіп төндірген немесе қудалаған; 

Сол үшін кез келген рұқсат етілмеген үшінші тұлғадан грант немесе сыйақы алған; 

Басқа веб-сайттарға, адрестерге, электрондық почта адрестеріне, байланыс ақпаратына және телефон номеріне сілтеме жасалған кез келген ақпараты бар; 

Кез келген компьютерлік вирусы, «құрты» немесе басқа потенциалды залал келтіретін компьютерлік программалар немесе файлдар бар. 

Сіз «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС (сонымен қатар лауазымды тұлғаларды, директорларды, агенттерді, еншілес компанияларды, бірлескен кәсіпорындарды, қызметкерлерді және шеттегі қызмет көрсетушілерді қоса, шектеусіз, PowerReviews, Inc.) кез келген түрдегі және сипаттағы барлық шағымдардан, талаптардан және шығындардан (тура немесе жанама), белгілі немесе белгісіз, сіздің ұғымыңыздан және кепіліңізден туындайтын орынды сот шығындарын, қандай да бір заңды немесе үшінші тұлғаның құқығын бұзушылықтан босатуға және қауіп-қатерден сақтауға келісесіз. 

 

Сіз жіберген кез келген материалдарыңызды және/немесе осындай материалдарды және/немесе бүкіл әлем бойынша материалды немесе технологияны кез келген формаға қосу, тарату және/немесе сату және/немесе туынды жұмыстар құру, көлемін толық жою, бейімдеу, жариялау, аудару, өзгерту, көшіру, пайдалану лицензиясын және тұрақты, қайтарып алмайтын, тегін, табысталмайтын құқығын «Мэри Кэй (Қазастан)» компаниясына тегін ұсынасыз 

Сіз жіберген материалдардың барлығын «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС өз қалауы бойынша пайдалана алады. «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС пікірі бойынша материалға қатысты ережені немесе Пайдалану шартының басқа кез келген қағидасын бұзатын «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының веб-сайтындағы кез келген материалды өзгертуге, қысқартуға немесе жарияламауға, жоюға құқылы. «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы сіз жіберген материалды редакциялау немесе жою мақсатында «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС арқылы қандай да бір ресурс қолжетімді болатындығына кепілдік бермейді. Бағалар мен жазбаша комментарийлер, әдеттегідей, 2-4 жұмыс күні ішінде жарияланады. Дегенмен, «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС кез келген табысталған материалды жоюға немесе жариялаудан бас тартуға құқылы, егер бұл заңмен талап етілсе. Материалдың мазмұнына «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС емес, сіз жауапты екеніңізді растайсыз. Сіз берген материалдарға қатысты «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-не, оның агенттеріне, филиалдарына, үлестес компанияларына, серіктестеріне немесе шеттегі қызмет көрсетушілеріне немесе олардың директорларына, лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне құпиялылықты сақтау міндеттемесі жүктелмейді.  

Қабылдау