Пайдалану ережелері

САЙТТАРДЫ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА, ӨТІНЕМІЗ, ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ! САЙТТАРДЫ ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АРҚЫЛЫ СІЗ ОСЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН КЕЛІСЕТІНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ. ЕГЕР БҰЛ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН КЕЛІСПЕЙТІН БОЛСАҢЫЗ, САЙТТАРДЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
 

МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ШЕКТЕУ

Сайттарда ұсынылған барлық материалдарға авторлық құқық «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-не тиесілі. Осы жерде көрсетілгеннен басқа, «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-не тиесілі, ол басқаратын, қадағалайтын Сайттарда және веб-сайттарда орналастырылған материалдарды көшіруге, көшірмесін дәл беруге, қайта басып шығаруға, жіберуге, орналастыруға, хабарлауға немесе кез келген басқа жолмен таратуға болмайды. Сайттардағы кез келген материалды санкциясыз кез келген пайдалану авторлық құқық, тауарлық белгі және басқа туралы Заңды бұзу болып табылады.
 
«Кеңесшіні іздеу» қызметі тек сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіден Mary Kay ® өнімдерін сатып алғысы келетін және/немесе сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші болу туралы ақпараттар алғысы келетін адамдардың ғана пайдалануына арналған. Басқа кез келген мақсатта пайдалануға, соның ішінде «Кеңесшіні іздеу» қызметін үшінші тұлғалардың әр түрлі қызметтерді қыстырмалау үшін немесе кез келген басқа нәрселер үшін сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер туралы ақпарат жинау мақсатында пайдалануына тыйым салынады.
 

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ

Сайттарды «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы жасайды және басқарады. «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы сайттардағы материалдардың Қазақстан Республикасының территориясынан тыс жерлерге сәйкес келетініне және пайдалануға болатындығына ешқандай кепілдік бермейді. Басқа елдердің сайттарына кіретін адамдар мұны жеке бастамасымен жасайды және осыған байланысты сәйкес жергілікті заңдарды сақтауға жауапкершілік жүктейді. Сайттарға және оларды пайдалануға байланысты кез келген шағым Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі, мұнда коллизиялық құқық принциптері қолданылмайды.
 

САУДА МАРКАЛАРЫ

Сайттарда пайдаланылатын және көрсетілетін сауда маркалары, қызмет көрсету белгілері және логотиптер («Тауарлық белгілер») Mary Kay Inc . компаниясының тіркелген және тіркелмеген сауда маркалары болып табылады, егер басқаша көрсетілмесе. Сайттардағы еш нәрсе де сайттарда көрсетілетін тауарлық белгіні иелену құқығын жанама, тікелей немесе басқаша ұсыну деп түсінілмеуі керек.
 

Сілтемелер

Сайттарда үшінші тұлғалардың сайттарына сілтемелер берілуі мүмкін. Мұндай сілтемелер тек қана сізге ыңғайлы болу үшін беріледі. Ол сілтемелерді пайдаланған кезде бұл Сайттан шығып кететіндіктеріңізді ескерулеріңізді өтінеміз. «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы үшінші тараптардың сайттарын қарамайды, олардың сайттары мен мазмұндарын қадағаламайды және олар үшін ешқандай жауапкершілік жүктемейді. «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясы осындай сайттар және олардағы кез келген ақпараттар немесе материалдар немесе оларды пайдалану кезінде алынатын нәтижелер туралы ешқандай ұсыныстар бермейді және ешқандай мәлімдемелер жасамайды. Егер сіз бөгде сайттарды және сайттарға сілтемелерді пайдаланатын болсаңыз, мұны жеке жауапкершілігіңізбен және тәуекеліңізбен жасайсыз. Егер сіз осы сайтқа сілтемелерді пайдаланғыңыз келсе, төмендегі ережелерге жетекшілікке алуыңыз қажет.  Mary Kay Сайтына сілтеме берілген сайттар:
 

Пайдаланушылардың хабарламалары

Компанияның құпиялық саясатында көрсетілген ақпараттан басқа, сіз кез келген құралдың көмегімен сайттардың адрестеріне сілтеме көрсете отырып, почта арқылы жіберетін кез келген материал, ақпарат, идея немесе басқа хабарлама құпия және біреудің меншігіндегі ақпарат ретінде қарастырылмайды, сондықтан оны Mary Kay және/немесе оның өкілетті өкілдері кез келген мақсатта тарата немесе пайдалана алады,  өнімді әзірлеуді және өндіруді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей («Коммуникациялар»). «Мэри Кэй» компаниясы және оның қызметкерлері мұндай Ақпаратты және барлық мәліметтерді, суреттерді, дыбыстарды және басқаларды кез келген коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттарда, заң рұқсат еткен жағдайларда, еркін көшіру, ашу, тарату, біріктіру және басқа жолмен пайдалану мүмкіндігін алады. 
Сіздің Сайтта кез келген заңға қайшы, қауіп төндіретін, жала жабатын, сенімділікті жоятын, әдепсіз, жанжалды, шағыстырушы, порнографиялық, тіл тигізуші немесе басқа Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қандай да бір азаматтық немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі ықтимал материалдарды жариялауларыңызға немесе Сайттан хабарлауларыңызға тыйым салынады.
 

ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУ

«Мэри Кэй (Қазақстан)» Сайтты пайдаланудың осы шарттарын кез келген уақытта қайта қарай алады. Сайтты пайдаланған кезде сіз кез келген осындай өзгерістерді сақтауға келісесіз. Сәйкесінше, сіз өзіңіз сақтауға келісетін ағымдағы пайдалану шарттарымен танысу үшін бұл бетке мезгіл сайын кіріп отыруларыңыз керек. Кейбір пайдалану шарттары жеке заңды түрде хабарлау немесе Сайт беттерінде жариялау арқылы өзгертілуі немесе ауыстырылуы мүмкін.
 

«МЭРИ КЭЙ(ҚАЗАҚСТАН)» ЖШС

«ЖЫЛДАМ БАЙЛАНЫС/КЕҢЕСШІГЕ ЖЫЛДАМ ТАПСЫРЫС БЕРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Шарты

«Жылдам байланыс/Кеңесшіге жылдам тапсырыс беру» бағдарламасы («Жылдам байланыс») Mary Kay Inc. және онымен байланыстырылған тарап – 050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Фонвизин көшесі 17 А мекен-жайында орналасқан «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС (бұдан былай қарай – «Мэри Кэй», «Компания», «біз», «бізді» немесе «біздің») жүзеге асырады 

ОСЫ ШАРТТАРМЕН («Шарт») МҰҚИЯТ ТАНЫСУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ.

WWW.MARYKAY.KZ САЙТЫНДА ТАПСЫРЫС БЕРІП, СІЗ ОСЫ ШАРТТАРМЕН КЕЛІСЕТІНІҢІЗДІ РАСТАЙСЫЗ.

Шарттар www.marykay.kz сайтында жарияланған сәттен бастап Mary Kay компаниясы кез келген уақытта бір жақты тәртіппен өзгерте алады.

Бағдарламаның сипаты

  1. Тапсырысты www.marykay.kz сайтында жариялау «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС сатып алу/сату келісім-шартын жасау/көпшілік офертасына қосылу болып табылмайды және теңестірілмейді.
  2. «Жылдам байланыс» бағдарламасын пайдалансаңыз, сізге жылдам әрі тиімді қызмет көрсету үшін Mary Kay сұлулық Кеңесшісімен кедергісіз қосуға мүмкіндік береді.
  3. Тапсырысты жеткізу әдістері мен мерзімі, тауар төлеміне қатысты барлық және кез келген сұрақтарды сіз сұлулық Кеңесшісімен тікелей келісесіз. «Мэри Кэй» компаниясы төлем агенті, төлем ұйымы болмайды, курьерлік қызмет көрсетпейді және кез келген осыған ұқсас сұрақтарға шешуге қатыспайды.
  4. www.marykay.kz сайтында тапсырыс бергенде, сіз тапсырысыңызды қабылдаған сұлулық Кеңесшісімен тікелей сатып алу/сату келісім-шартын жасасуға дайын екеніңізді көрсетесіз.
  5. «Мэри Кэй» компаниясы өз кезегінде сіздің тапсырысыңызға қызмет көрсетуге қызығатын квалификацияланған сұлулық Кеңесшілерді жылдам табуға кепіл болады.
  6. Осы шартты қабылдағанда, сіз Mary Kay® өніміне тапсырысты жеке мақсатыңызға жүзеге асыратыныңызды растайсыз. Ал егер өнімді кәсіпкерлік мақсатта сатып алатын болсаңыз, онда тәуелсіз сұлулық Кеңесшісі ретінде тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз

    Mary Kay® өнімі

  7. Өнім туралы толық ақпарат алуға, Mary Kay® өнімін сатып алмас бұрын сұлулық Кеңесшісі тегін көрсетуіне құқығыңыз бар.
  8. Mary Kay® өнімідерінің суреттері сайтта көрсетілген, шынайы болып табылады, алайда түсі аздап ерекшеленуі мүмкін
  9. Mary Kay® өнімдерінің барлығы Қазақстан Республикасының территориясында сертификатталған болып табылады. Егер қандай да бір себеп бойынша Mary Kay® өнімі сізге жақпай қалса, Mary Kay сапа кепілін пайдаланып, өнімді қайтарып беруге құқығыңыз бар 

    «Мэри Кэй» компаниясының міндеттемелері

  10. «Мэри Кэй» компаниясы клиенттер мен сұлулық Кеңесшілер мүддесіне қарай «Жылдам байланыс» бағдарламасын қолдауды жүзеге асырады.
  11. «Мэри Кэй» компаниясы «Жылдам байланыс» бағдарламасы үздіксіз жұмыс істеу үшін ақылға қонымды барлық шараны қолданады, алайда Компания сұлулық Кеңесшілерге және клиенттерге арналған «Жылдам байланыс» бағдарламасының жұмысына немеес қолжетімділіген ықпал ететін қандай да бір проблемаға немесе техникалық ақауларға, кез келген байланыс желісі, онлайн-жүйе, компьютерлік жабдық жұмысына байланысты немесе нәтижесінде туындаған ақауларға жауап бермейді.
  12. «Мэри Кэй» компаниясы клиенттерге «Жылдам байланыс» бағдарламасына «сол қалпында» шартында рұқсат береді.
  13. «Мэри Кэй» компаниясы өзінің қалауы бойынша және сұлулық Кеңесшілер мен клиенттердің жеке келісімінсіз «Жылдам байланыс» бағдарламасының мазмұнына, функционладығына және тұтунышылық интерфейсіне өзгеріс енгізуге құқылы.

    Дербес деректер

  14. marykay.kz сайтында тапсырыс бергенде, Компанияға дербес деректеріңізді жинауға, өңдеуге және сақтауға, сонымен қатар трансшекаралық, дербес деректерді қоса, бірақ шектелмей: сіздің тапсырысыңызды қабылдаған Кеңесшіге деректерді беруге толық келісіміңізді бересіз.
  15. Компания мынадай дербес деректерді жинақтау, өңдеу және сақтауды жүзеге асырады, қоса, бірақ шектелмей: Аты-жөніңіз, электрондық почта адресіңіз, телефон номеріңіз, тұратын мекен-жайыңыз/тұратын жері.
  16. Жоғарыда көрсетілген дербес деректер клиент ретінде сізге қызмет көрсету, басқа да маркетингтік және жарнамалық мақсатты жүзеге асыру, сондай-ақ коммерциялық, салық және бухгалтерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажет.
  17. Компания дербес деректерді беруге және/немесе қолданыстағы деректерді қорғау туралы заңына сәйкес дербес деректердің құпиялылығын сақтауға келіскен Компанияның үлестес тұлғаларына және басқа үшінші тұлғаларға (Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс орналсақан тұлғаларды қоса) рұқсат беруге құқылы. Мұндай үшінші тараптар дербес деректерді Компания көрсеткен мақсатта өңдеуге келісті. Мұндай тұлғаларға сұлулық Кеңесшілері және ақпарат технологиясын жеткізушілер жатады.

18. «Мэри Кэй» компаниясы жеке деректеріңізді Қазақстан Республикасының талаптарына және заңына сәйкес өңдеуге және сақтауға кепіл болады. Сіз туралы «Мэри Кэй» компаниясы «Жылдам байланыс» бағдарламасы шеңберінде жинаған кез келген жеке ақпарат немесе басқалай ақпарат мына жерде келтірілген Құпиялылық саясатымен реттеледі

19. Егер дербес деректеріңізге рұқсат құқығын жүзеге асырғыңыз келсе, онда өзгерістер енгізу немесе оларды өшіріп тастағыңыз келсе, мұны электрондық почта арқылы істеуге болады,   hdkaz@mkcorp.com адресіне электрондық хабарлама жіберіңіз.

Отказ от ответственности

  1. Ешбір жағдайда «Мэри Кэй» компаниясы, оның бас компаниясы, лауазымды тұлғалары, директорлары, қызметкерлері немесе агенттері немесе олардың тиісті мұрагерлері (бірге «Mary Kay тараптары» деп аталатын) «Жылдам байланыс» бағдарламасына қатысқаныңызға байланысты кез келген залал үшін жауапты емес.
  2. «Мэри Кэй» компаниясына «Жылдам байланыс» бағдарламасын пайдалануға қатысты қате, дәл емес немесе толық емес ақпарат үшін жауапкершілік жүктелмейді, егер бұл «Мэри Кэй» компаниясының жүйелі бақылауынан тыс болатын қандай да бір себеппен туындаса, сонымен қатар техникалық жарамсыздық немесе ақауды қоса.
  3. Сіз «Мэри Кэй» компаниясы да, оның бас компаниясы да «Жылдам байланыс» бағдарламасын пайдалану нәтижесінде немесе соған байланысты туындаған кез келген залалдар, зияндар және/немесе шығындар, мұның барлығынан басқа, «Жылдам байланыс» бағдарламасын пайдалануға байланысты кез келген басқа тарапқа келтірілген қорғаушылар гонорары мен шығындарыүшін жауапты емес екенін мойындайсыз және келісесіз.

Қолданылатын құқық

  1. Осы шарттар Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. «Жылдам байланыс» бағдарламасына және осы шарттарға қатысты туындайтын кез келген даулар, келіспеушіліктер немесе шағымдар, сонымен қатар оларды бұзу мәселелері, тоқтатулар немесе жарамсыздақтар Қазақстан Республикасының құзырлы юрисдикция сотымен біржола реттелу керектігімен келіседі.
  2. Қызмет көрсету, тауарлға төлем жасау, жеткізу мерзімі мен әдісіне қатысты барлық сұрақтар мен шағымдар сіздің және сұлулық Кеңесшісінің арасында шешіледі, «Мэри Кэй» компаниясы қатыспайды.

     

    Байланыс ақпараты 

  3. «Жылдам байланыс» бағдарламасына немесе осы Шарттарға қатысты сұрақтарыңыз немесе комментарийлеріңіз болса, hdkaz@mkcorp.com электрондық почтасы арқылы хабарласыңыз.

ПАЙДАЛАНУШЫ КОНТЕНТІН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ МӘМІЛЕ



©2021 Mary Kay Inc. Барлық құқық қорғалған.
Материалдарды Mary Kay Inc. және «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының жазбаша рұқсатынсыз жартылай немесе толығымен көшіруге тыйым салынады.
 
Good link