ТІКЕЛЕЙ САТЫЛЫМДАР САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ӘДЕП КОДЕКСІ



КІРІСПЕ
Осы Кодекс:
1. Компаниялар, Қазақстанның Тікелей Сатылымдар Қауымдастығы мүшелері (ҚТСҚ немесе Қауымдастық) мен олардың қолданыстағы және ықтимал Сатушылары;
2. Компаниялар, ҚТСҚ, олардың Сатушылары мен Компания Өнімін Тұтынушылар;
3. Нарық жағдайындағы бәсекелістік процесіндегі Компаниялар, ҚТСҚ мүшелері, сондай-ақ;
4. ҚТСҚ Кодексінің Әкімшісі мен Компаниялар, ҚТСҚ мүшелері арасындағы қарым-қатынастарға қатысты басшылық нұсқауларынан тұрады.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 ҚОЛДАНЫС АУМАҒЫ
Тікелей сатылымдар саласындағы кәсіби әдеп кодексі Тұтынушылармен, Сатушылармен, Сатушылар мен Компаниялар - Тікелей сатылымдар Қауымдастығы мүшелері  арасындағы қарым-қатынасты реттейді (бұдан әрі «Кодекс» деп аталады), ҚТСҚ бекіткен және оның мүшелері үшін міндетті. Осы Кодекс келесі бөлімдерден тұрады: «Тұтынушылармен өзара қарым-қатынастағы кәсіби әдеп», «Компания және Сатушылар арасындағы өзара қарым-қатынастағы кәсіби әдеп», сонымен қатар «Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастағы кәсіби әдеп». Кодекс Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларды қорғау, жеке кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікке көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар қоғамда әділ жағдайларда тікелей соңғы тұтынушыға  сапалы өнім сатумен айналысатын сауда ретіндегі тікелей сатылымдар туралы оң көзқарас қалыптастыру мақсатында жасап шығарылған.
1.2 ТЕРМИНДЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

Осы Кодексте қолданылатын терминдер төмендегі мағыналарға ие:

Кодекс әкімшісі: Тікелей сатылымдар қауымдастығы өзінің компания-мүшелерінің осы Кодексті орындауын қадағалау мақсатында, сонымен қатар осы Кодекс ережелеріне сәйкес ықтимал келіспеушіліктерді реттеу үшін тағайындайтын тәуелсіз тұлға немесе ұйым. 
Компания: тікелей сатылымдарды жүзеге асыратын компания – бұл коммерциялық ұйым – Тікелей сатылымдар қауымдастығының мүшесі, ол өзінің тауар белгісімен, қызмет көрсету белгісімен немесе басқа да белгілермен өнімін өткізу үшін тікелей сатылымдар жүйесін пайдаланады. 
Сатушы: Өнімді сатып алу және/немесе сату құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға, оған өзге де Сатушыларды тарту құқығы берілуі мүмкін. Әдетте, Сатушы тауарды  тауар мен қызметті түсіндіру немесе көрсету арқылы тұрақты, стационарлық бөлшек сату орындарынан оқшауланған орындарда сатады. Сатушы тәуелсіз сауда агенті, тәуелсіз мердігер, тәуелсіз дилер немесе дистрибьютер, сонымен қатар жалданып жұмыс істейтін немесе өз бизнесі бар өкіл немесе Компанияның тауар белгісі бар тауарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған басқа да негіздемелерде сатуға құқығы бар тұлға болуы мүмкін. 

Тапсырыс бланкі: оған тапсырыстар, қолхаттар, шарттар, жүк құжаттары, басылған немесе қолдан жазылған, сонымен қатар интернет беттің басылған басылымдары және басқа да тапсырыс дерегін растайтын басқа да электронды тасымалдауыштар кіреді. Интернет сатылым жағдайында оларға басып шығаруға және электронды форматын жүктеуге болатындай сату туралы барлық мәліметтер берілген үлгі де кіреді. 
Өнім: Өнімге тауарлар, сонымен қатар Компанияның тауар белгісі бар тауарлар, сонымен қатар материалдық, сонымен қатар материалдық емес қызметтер жатады. 
Жиынтық (тарту): Сатушы және/немесе соңғы Тұтынушы ретінде қандай да бір тұлғаны тарту мақсатында жүзеге асырылатын кез келген қызмет. 

1.3 КОМПАНИЯЛАР
Тікелей сатылымдар қауымдастығының мүшесі болып табылатын кез келген Компания осы Кодексті Тікелей сатылымдар қауымдастығын кіру шарты ретінде, сонымен қатар жоғарыда аталған Қауымдастықта мүшелігін сақтау үшін  қабылдауға және орындауға міндетті. Әрбір Компания осы Кодексті және оның Тұтынушылар мен Сатушыларға тікелей қатысы бар жалпы ережелерін, сонымен қатар Сатушылар мен Тұтынушылар осы Кодекстің бір  данасын ала алатын жер туралы ақпараттарды  тарату міндеттемесін алады. 
1.4 САТУШЫЛАР
Кодекс Сатушыларға тікелей міндеттемелер жүктейді. Алайда, Компаниялар Сатушылардың Компания Өнімдерін тарату жүйелеріндегі мүшелікті сақтаудың талабы ретінде Сатушылардан осы Кодекстің ережелерін немесе оған сәйкес келетін кәсіби әдеп нормаларын орындауын талап етуі тиіс. 
1.5 ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ
Кодекс нормативтік-құқықтық акт болып табылмайды, бірақ осы Кодексте қарастырылған міндеттемелерді орындау Компаниядан және Сатушылардан әдеп нормаларын қолданыстағы заңнама талаптарынан артық деңгейде орындауын талап ете алады. Кодекстің орындалмауы азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктемейді. Тікелей сатылымдар қауымдастығынан мүшеліктен шыққаннан кейін мүшелер осы Кодекс арқылы жүктелген міндеттемелерден босатылады. Кодекстің ережелері осы Тікелей сатылымдар қауымдастығындағы компания мүшелігі кезеңінде жүзеге асырылған іс-шаралар мен операцяларға қатысты болады. 
1.6 ЗАҢНАМА
Компания және Сатушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының барлық талаптарын орындауға міндетті. Сондықтан да Кодекс ережесінде заңнамада қарастырылған барлық міндеттемелер берілмеген. Компания мен Сатушылардың Қазақстан Республикасының нормативтік және заңнамалық актілерін орындауы Қазақстанның Тікелей сатылымдар қауымдастығына мүшелікке қабылдану және Қауымдастықта мүшелікті сақтап қалу шарты болып табылады. 
1.7 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР
Қазақстанның Тікелей сатылымдар қауымдастығына мүшелікке кіру және мүшелікті сақтау үшін Қауымдастық өзінің әрбір мүшесінен мұндай қызмет Компания ол жерде демүше болып табылатын тиісті елдің Тікелей Сатылымдар Қауымдастығының Кәсіби әдеп кодексімен реттелетін жағдайларды қоспағанда, Тікелей Сатылымдар Қауымдастығы Дүниежүзілік Федерациясының (WFDSA) Кәсіби әдеп кодексінің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жасалатын тікелей сатылымдар саласындағы қызметіне қатысты ережелерін сақтауды талап етуге құқығы бар.
2. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСТЫ КӘСІБИ ӘДЕП

2.1 РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙТІН ІС-ӘРЕКЕТТЕР
Сатушылар сатудың адастыратын, жалған немесе әділетсіз әдістерін қолданбаулары керек. 

2.2 АҚПАРАТ БЕРУ
Өнімді таныстырған уақыттан бастап Сатушылар Тұтынушы тарапынан қандай да бір өтінішсіз дұрыс мәліметтер беру арқылы өзін осы тұлғаға таныстырады, сонымен қатар өзінің Компаниясының атауын хабарлайды, оның өнімін сипаттайды және Тұтынушыға хабарласқандағы мақсатын көрсетеді. 
2.3 СИПАТТАУ ЖӘНЕ ТАНЫСТЫРУ
Ұсынылатын Өнімді сипаттау және таныстыру, атап айтсақ, бағаға қатысты, ал қажет болатын жағдайда Компанияның Тауарды(егер ондай берілсе),  бөліп төлеу арқылы сатумен байланысты сыйақысы, төлеу шарттары, шешімдер қабылдау және/немесе Өнімді қайтарут құқығы, кепілдіктер беру және сатудан кейін қызмет көрсету шарттары, сондай-ақ Өнімді жеткізуге қатысты ақпараттар нақты және толық болуы тиіс. Ұсынылатын Өнімнің тиімділік дәрежесіне қатысты мәселелер бойынша Сатушылар тек Компаниямен ресми түрде бекітілген ауызша немесе жазбаша ақпаратты ұсынуға құқылы болады. 
2.4 ТАПСЫРЫС БЛАНКІСІ
Тапсырыс бланкісі Тұтынушыға сатып алу-сату мәмілесін барысында, сонымен қатар электронды нысанда тапсырылады немесе көрсетіледі немесе жарияланады; Өнімді сату Өнімге пошта, телефон, Интернет желісі немесе кез келген осы сияқты Сатушы мен Сатып алушының тікелей байланысы болмайтын тәсілдер арқылы тапсырыс беру арқылы жасалған жағдайда, Тапсырыс бланкісінің көшірмесін алдын ала беру керек, немесе Тапсырыс бланкісінің көшірмесі бастапқы тапсырысқа енгізілуі керек немесе баспалық немесе электронды үлгіде Интернет желісі арқылы берілуіқажет. Онда Компания мен Сатушы көрсетіледі, Компания немесе Сатушының толық атауы немесе аты, тұрақты мекенжайы және телефон нөмірі, сонымен қатар сатудың барлық негізгі шарттары көрсетіледі немесе Тапсырыс бланкісінде ақпарат көзіне сілтеме беріледі.  Егер өнімге кепілдік берілген жағдайда, сатудан кейінгі қызмет көрсетумен байланысты оның шарттары, нақты ақпарат және шектеулер, кепілдік берген ұйымның атауы және мекенжайы, кепілдік мерзімі және Тұтынушыға ұсынылатын кемшіліктерді жою шарттары Тапсырыс бланкісінде немесе осы тәрізді өніммен бірге берілетін құжатта анық келісіледі. Талаптар көрсетілген мәтін анық және түсінікті түрде болуы керек.  
2.5 ЖАРНАМА МАТЕРИАЛДАРЫ
Жарнама материалдары, хабарландырулар немесе пошта жөнелтімдерінде Өнімге қатысты қандай да жалған немесе адастыратын тұжырымдар немесе суреттер болмауы керек. Жарнама материалдарында Компания және/немесе Сатушының атауы/аты және/немесе мекенжайы және/немесе телефон нөмірі, сонымен қатар интернет сайтының мекенжайлары көрсетілуі керек.
2.6 МӘЛІМЕТТЕР
Компаниялар мен Сатушылардың Компаниямен тиісті түрде мақұлданбаған мәліметтерді, сондай-ақ  ескірген немесе басқа да себептер бойынша күші жойылған,  Компания мен Сатушылардың ұсыныстарына қатысы болмайтын  немесе Тұтынушыны адастыруы мүмкін қандай да бір мәліметтерді басшылыққа алуларына болмайды
2.7 САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ДИФФАМАЦИЯ
Компаниялар және Сатушылар тұтынушыны адастыратын, сонымен қатар адал бәсекелестік қағидаларына сәйкес келмейтіндерінен салыстыруларды басшылыққа алмауы тиіс. Салыстыру критерийлері дәлелді деректерге негізделуі тиіс. Компаниялар мен Сатушылар басқа Компания немесе Өнімнің атауын немесе беделін, фирмалық атауы мен тауар белгісін қандай да бір жолмен заңсыз түрде қолданбаулары керек. 
2.8 САЛҚЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ҚАЙТАРУ
Заңнамада қарастырылатындығы немесе қарастырылмайтындығына қарамастан, Компаниялар мен Сатушылар Тұтынушыға саналы уақыт кезеңінде Тұтынушының тапсырысын тоқтатуға мүмкіндік беретін салқындық кезеңі туралы ақпарат беруі керек (қағаз немесе электронды таратқаштарда орналастыру арқылы). «Салқындық кезеңінінің» ұзақтығы анық көрсетілуі керек. Компанияның Компания сайтында қарастырылған ішкі ережелеріне сәйкес Өнімді қайтару құқығын беретін Компаниялар мен Сатушылар даусыз тәртіпте немесе белгілі бір жағдайларға байланысты бұл туралы жазбаша нысандауға хабарлауға міндетті болады.
2.9 ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
Жеке байланыстар немесе телефон арқылы байланыстар, сандық мәтіндк үлгідегі ақпараттан тұратын қысқа мәтінді хабарламаларды тарату Сатушылар мен Тұтынушылар арасында дұрыс үлгіде, қолайлы уақытта  белгіленеді және ол міндеттеме жүктемеуі тиіс. Сатушы Өнімді жариялау немесе таныстырудыТұтынушының талап етуі бойынша тоқтатуы керек. Сатушылар және Компаниялар Тұтынушыға, ықтимал Тұтынушыға немесе Сатушыға берілген барлық дербес ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қолдануы керек.

2.10 АДАЛДЫҚ
Сатушылар тұтынушылардың сенімін пайдаланбауы керек; Тұтынушыларда сауда мәмілелерін жасау тәжірибесінің жоқ екендігіне құрметпен қарауы керек, сондай-ақ Тұтынушының жасын, денсаулық жағдайын, оның тілді білмеуін немесе түсінбеуін өз мүддесі үшін пайдаланбауы керек.
2.11 НЕГІЗДЕЛГЕН САТЫЛЫМДАР
Компаниялар және Сатушылардың Тұтынушыны Өнім сатып алуға үгіттеулеріне, сондай-ақ бағаны төмендету немесе өтемақы жасау келешектегі қандай да да бір белгісіз оқиғаларға байланысты болатын жағдайда, Тұтынушыда нақты сатып алу бағасын төмендету немесе толығымен өтеу мүмкіндігінің болатындығы туралы тұжырым жасауына, сол арқылы басқа ықтимал Тұтынушыларды осыған ұқсас сауда жсау мақсатында Өнім Сатушыларына жіберуіне болмайды.

2.12 ӨНІМДІ ЖЕТКІЗУ
Компаниялар және Сатушылар Тұтынушылардың тапсырыстарын уақтылы орындауға тырысулары керек.

3. САТУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ КӘСІБИ ӘДЕП

3.1 САТУШЫЛАРДЫҢ КОДЕКСТІ САҚТАУЫ
Сатушылардың Компания Өнімдерін тарату жүйелеріне қатысу шарты ретінде Компаниялар өз Сатушыларынан Кодекс ережелерін, сонымен қатар осы Кодекс ережелеріне сәйкес келетін кәсіби әдеп нормаларын орындауын талап етуге құқылы. 
3.2 ТАРТУ
Компанияның ықтимал Сатушыларын тарту процесінде жаңа Сатушыларды тартудың әділетсіз, адастыратын немесе арам пиғылдағы әдістері қолданылмауы керек. 
3.3 ІСКЕРЛІК АҚПАРАТ
Компаниялар өздерінің Сатушыларына немесе ықтимал Сатушыларына беретін кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігіне және осылармен байланысты құқықтар мен міндеттемелерге қатысты ақпараттары дәл және нақты болуы керек. 
Компания ықтимал Жеткізушілеріне расталмайтын қандай да бір нақты мәліметтер, сонымен қатар орындауға болмайтын уәде бермеулері керек. Компаниялар дұрыс емес немесе жалған мәліметтер беру арқылы, Сатушыларға Өнімді сатуға ықпал ететін мүмкіндіктермен байланысты ақпараттарды сипаттамауы керек. 

3.4 СЫЙАҚЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕР
Компания Сатушыларға сату, сатып алу көлемі туралы ақпараттар, кірістер, комиссиялық сыйақылар, сыйақылар, жеңілдіктер, жеткізілімдер, тапсырысты тоқтату, сонымен қатар Компания және Сатушы арасындағ келісімге сәйкес басқа да қажетті ақпараттарды (қажет болса) кезеңді түрде беріп тұрады. Төленуі тиіс барлық ақша қаражат Сатушылар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес тиісті дәрежеде ресімделген құжаттарды берген жағдайда төленуі тиіс, ал қандай да бір қаражатты ұстап қалу Сатушы және Компания арасындағы келіссөздерге сәйкес жүргізілуі тиіс.  
3.5 ТАБЫСТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Компаниялар мен Сатушылар нақты және ықтимал сатылым көлемдері немесе өздерінің Сатушылары кірістерінің көлемдері туралы қате мәліметтерді хабарламауы керек. Табыстар немесе сатылымның көолемі туралы ұсынылатын кез келген ақпарат құжат жүзінде расталған деректерге негізделуі керек. 
3.6 ӨЗАРА АРАҚАТЫНАСТАР
Компания өзінің Сатушыларына Компания және Сатушы қол қоятын жазбаша үлгідегі шартты немесе Сатушы және Компания арасындағы өзара қарым-қатынас туралы қажетті барлық ақпарат берілген жазбаша өтінішті береді. Компания өз Сатушыларына оларыдң қолданыстағы заңнамада қарастырылған міндеттері, сонымен қатар кез келген тиісті лицензияларды ресімдеу, тіркеу және салық салу бойынша міндеттемелері туралы ақпарат беруге құқылы.
3.7 АУДАРЫМДАР
Компаниялар мен Сатушылар басқа Сатушылар немесе ықтимал Сатушылардан бастапқы жарнаны негізсіз үлкен көлемде төлеуін, сонымен қатар тренингтер немесе оқу сабақтары, Өнімді ерекше түрде өткізу құқықтары, жарнама материалдары  немесе  Компания Өнімін өткізу жүйесіне қатысу бойынша айрықша құқыққа қатысты басқа да аударымдар үшін аса үлкен көлемдегі төлемді төлеуін талап етпеулері керек.
Сатушы мәртебесін алғаннан кейін алынатын кез келген аударымдар Компания ұсынатын материалдардың, өнімнің немесе қызметтің құнымен тікелей байланысты болуы керек.  

3.8 ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ТОҚТАУЫ
Сатушы Компаниямен ынтымақтастығын тоқтатқан жағдайда, Компания Сатушының өтініші бойынша кез келген сатылмаған, бірақ сатуға жарайтын, Сатушы Компаниядан соңғы он екі ай ішінде сатып алған Өнім қорларын, сонымен  бірге Өнімнің өтімділігін жеңілдететін жарнама материалдарын, қосымша заттарын және бөлшектерінің жиынтықтарын  сатып алуға міндетті. Бұл жағдайда Компания таза сатып алу бағасынан 10 %- дан аспайтын мөлшердегі өңдеу және тасымалдаумен байланысты төлімді,  сонымен бірге Сатушыға қайтарылатын тауар алғаш рет сатып алынған уақытта ұсынылған кез келген жеңілдікті шегеріп тастау арқылы олардың бастапқы құнын төлейді.
3.9 ТАУАР ҚОРЛАРЫ
Компания тауар қорларын орынсыз аса үлкен мөлшерде сатып алуды талап етпейді және үгіттемейді. Компаниялар Өнімді төмен деңгейдегі Сатушыларға сату нәтижелері бойынша оларға өтемақы төленетін Сатушылардың өтемақы алу құқығын иелену үшін сатып алынатын Өнімді пайдалануға немесе қайтадан сатуға міндетте екендігіне кепілдік беретін саналы шараларды қолданулары керек. 
3.10 ӨЗГЕ ДЕ МАТЕРИАЛДАР
Компаниялар Сатушыларға Компания саясаты мен процедураларына сәйкес келмейтін кез келген материалдарды сатуға немесе басқалардың сатып алуын талап етуге құқылары жоқ. Компания бекіткен жарнама материалдарын немесе баспа түріндегі немесе электронды үлгідегі  оқу әдебиетін сатумен айналысатын Сатушылар:
(i) Компанияның корпоративтік стандарттарына сәйкес келетін материалдарды ғана пайдалануға;
(ii) Төменгі деңгейдегі Сатушылардың қосалқы сауда құралдарын сатып алуын талап етпеуге;
(iii) Қосымша сауда құралдарын нарықтағы осы сияқты материалдар бағасына тең болатын әділ бағамен ұсынуға;
(iv) Осы Сатушы ынтымақтастықта болатын Компанияның саясатына сәйкес келетін Өнімді қайтаруға қатысты саясатты жазбаша түрде беруге міндетті.
Компаниялар Сатушылар әзірлеген қосалқы сауда құралдары осы Кодекстің ережелеріне сәйкес келуіне және нақты емес және қате ақпарат болмауы үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті. 
3.11 САТУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫП-ҮЙРЕТУ
Компаниялар Сатушылардың өз қызметтерін әдеп нормаларын сақтай отырып жүзеге асыруларына мүмкіндік беру үшін білім беру, оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады. 
4. КОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША КӘСІБИ ӘДЕП

4.1 АРАҚАТЫНАС
Қазақстанның Тікелей Сатылымдар Қауымдастығының мүшесі болып табылатын Компаниялар Қауымдастықтың басқа мүшелеріне қатысты өз қызметтерін адал бәсекелестік қағидаларын сақтай отырып жүзеге асыруы керек.
4.2 ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК
Компаниялар мен Сатушылар басқа Компаниялармен жұмыс істейтін Сатушыларды өздеріне тартпауы  немесе ынтымақтастыққа шақырмаулары керек. 
4.3 ДИФФАМАЦИЯ
Компаниялар өздерінің Сатушыларына басқа Компанияның өніміне, сатылым көлеміне және маркетингтік жоспарларына қатысты немесе басқа Компанияның қандай да бір басқа да сипаттарына қатысты жалған мәліметтер таратпаулары керек. 
5. КОДЕКСТІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

5.1 КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Компания және оның Сатушыларының осы Кодексті орындауымен байланысты негізгі жауапкершілік әрбір Компанияға жүктеледі. Осы Кодекстің кез келген ережесі бұзылған жағдайда, Компаниялар туындаған дауды шешу үшін барлық саналы іс-шараларды қолданатын болады. 
5.2 КОДЕКСТІҢ ӘКІМШІСІ
Тікелей Сатылымдар Қауымдастығы Кодекс Әкімшісі ретінде тәуелсіз заңды немесе жеке тұлғаны тағайындайды. Кодекс Әкімшісі ҚТСҚ компания-мүшелерінің Кодексті орындауын қадағалайды және тиісті шаралар қолданады. 
Кодекстің Әкімшісі шағымдар мен өтініштерді реттеу бойынша, сонымен қатар шағымдар мен наразылықтарды реттеу процедурасына қатысты ережелерді жинақтау бойынша жауапкершілік алады. Кодекстің Әкімшісі осы Кодекстің бұзылу дерегімен  байланысты  кез келген реттелмеген шағымдар мен наразылықтарды шешеді. 

5.3 САНКЦИЯЛАР
Кодекс Әкімшісінің шешімі бойынша қолданылатын санкциялар қатарына тапсырысты тоқтату, сатып алынған Өнімді қайтару, төленген қаражаттарды қайтару немесе басқа да орынды іс-әрекеттер, соның ішінде Компания немесе оның Сатушысына ресми ескерту, Сатушы және Компания арасындағы шарттарды бұзу, Сатушы мен Компания арасындағы ынтымақтастықты тоқтату және Компанияның атына ресми ескерту, Компанияны Тікелей сатылымдар қауымдастығынан шығару, сондай-ақ осы санкциялар мен әрекеттерді көпшілікке хабарлау кіреді. 
5.4 ДАУЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тікелей Сатылымдар Қауымдастығы және Кодекс Әкімшісі  түсетін барлық шағымдарды тез арада шешу мақсатында шағымдарды қарау процедурасын әзірлейді және енгізеді. Сондай-ақ, жеке шағымдарды қарастыруға қатысты корпоративтік ережелеріне сәйкес Компаниялар түсетін барлық түсетін шағымдар мен наразылықтарды дереу шешуді қамтамасыз ету мақсатында шағымдар мен наразылықтарды қарау процедурасын әзірлеуге, жариялауға және енгізуге міндетті. 
5.5 БАСЫЛЫМ
Барлық компаниялар Тікелей Сатылымдар Қауымдастығының Кәсіби әдеп кодексін өзінің Сатушылары мен Тұтынушыларына тарату арқылы жариялауға міндетті.