Формуласында жарық шағылдырғыш минералдар, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жайлылықпен қамтамасыз ететін жожоба бар.
Жылтыр түс беруші негіз TimeWise® 3D құрамына TimeWise®3D «Сиқырлы жиынтық» құралдарының әрқайсысында бар
Age Minimize 3D® эксклюзивті кешені қосылған. Кешен құрамына инкапсуляцияланған ресвератрол, екі әсер ететін В3 витамині және жас ұлғаюына қарсы пептид кіреді.
Инкапсуляцияланған ресвератрол
- Ресвератрол – көптеген артықшылықтарға ие нағыз жас ұлғаюына қарсы сенсация:
1. Ол антиоксиондаттық артықшылықтарды үш әдіспен қамтамасыз етеді, терідегі еркін радикалдардан мықты қорғаныс жасайды. Ол мынадай қабілеттерді көрсетті:
- Теріге еркін радикалдардың ықпалынан болатын негативті әсерге қарсы тұрады.*
- Табиғи қорғаныс антиоксиданттарын күшейтеді.*
- Тері кедергілерін қолдауға көмектесіп, табиғи антиоксиданттармен үйлесімде жұмыс істейді.*
2. Тері түсін тегістеуге көмектеседі.*
3. Ол теріні табиғи коллагенін сақтайды*, жіңішке сызықтар мен әжімдердің пайда болуын азайтуға көмектеседі.
- Ресвератрол қызыл жүзімде және қызыл шарапта болатын қосынды, қоршаған ортаның стресстік факторлар әсерінен қорғайды.
- Біздің кешеніміздің құрамында табиғаттағы ең жоғары концентрациялы көзінен алынған тазартылған формула бар: жапондық рейнутрия.
- Инкапсуляцияланған ресвератрол — липидтер мен су қабатында ерітілген. Әрбір қабаты теріге жаққанда баяу еріп, осы белсенділігі жоғары қосындыны босатады.
В3 витамині
- Құрамына ниацин кіретін В тобының суда ерітин витаминдер тобына жататын В3 витамині.
- Ол терінің кедір-бұдыр түсіне мақсатты түрде әсер етеді.
- В3 витамині теріні еркін радикалдардан қосымша қорғау үшін антиоксидант ретінде қарсы тұрады.
Жас ұлғаюына қарсы пептид
- Біздің пептидіміз бір бірімен біріккен төрт аминоқышқылдан тұрады, бұл теріге жас түр беру үшін оң әсер етуге көмектеседі.*
- Сондай-ақ ол терінің табиғи коллагені мен эластинін сақтайды, сөйтіп теріге жас, әрі шымыр түр береді.*
Intellimatch эксклюзивті технологиясы - түс беруші негіздің молекуларын теріңізбен мінсіз үйлесуін қамтамасыз етеді.
Жожоба балауызының эфирі – эмолент – бағалы ингредиент, терінің зақымдалған кедергісін қалпына келтіреді.
Кремний диоксиді – губка секілді әрекет ететін минерал, сіңіріп алады.
*Негізгі қосындылары in-vitro (пробиркада) зерттеуге негізделген.