Спонж-блендер Mary Kay®
Түс беруші негіздерді мінсіз жағатын спонж-блендер макияжды жағу процесін едәуір жеңілдетеді. Айрықша ұсақ тетікті материалы спонжға ылғалды көбірек және құралды азырақ сіңіріп алуға мүмкіндік береді, осылайша оның шығынын азайтады және сүйікті құралдарыңызбен жақсы нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНУ:
1. Спонж-блендерді пайдаланар алдында міндетті түрде сулап алып, сығу керек, сонымен қатар спонждың өлшемі ұлғаюы мүмкін.
2. Қатты ылғал спонж құралды жұқа тегіс қабатпен, ал аздап суланған спонж қабаттап жағуға мүмкіндік береді.
3. Беттің әр түрлі бөлігінде түрлі тығыздықты жасау бір жағу арқылы мүмкін болады.
4. Құрғақтау спонж опа құралының мөлшерін артық шығындайды.
• Спонждың үшкір ұшы көздің ішкі бұрыштарына, қас астындағы аумаққа, мұрын қанатшасына және иектегі шұңқырға жетуге мүмкіндік береді.
• Кең ұшы – түс беруші текстураларды бет, маңдай, иек сияқты үлкен бөліктерге жағуға арналған.
• Блендердің көмегімен макияж сапасын жоғалтпай, кез келген крем өнімдерін, түс беруші негізді қажеттіліген қарай тез қабаттап жағуға болады.