Қол терісіне күтім жасауға арналған жүйе Satin Hands®
Рахатқа бөлену уақыты келді! Қолыңыздың терісін тез ылғалдандыратын, жұмсақ, әрі тегіс ететін нағыз тропикалық оазиске қашып кетіңіз. Бұл спа-күтім қол терісін сауықтырады және жасартады. Тері сол сәтте жаңарып, сау көрінеді. Жүйені қолданғаннан кейін қолыңыздың терісі жібектей болады, тіпті күстеніп кеткен құрғақ жерлері тегіс болады.
Satin Hands® жүйесіне хош иіссіз Қолға арналған жұмсартушы крем, «Ақ шай және цитрус» хош иісті Қолға арналған ши майлы скраб және Қолға арналған ши майлы қоректендіруші крем кіреді. Ақ шай және цитрустың негізгі хош иісіне қосымша ретінде құрамында қызғылт грейпфрут, лемонаграсс, сондай-ақ кардамон, шие және ақгүл гүлдерінің ноталары бар.
*Жүйені аптасына екі рет пайдалану ұсынылады.
Құрал қалай жұмыс істейді?
1-қадам: Қорғаныс
Жұмсартушы құралдың хош иіссіз формуласы теріні ылғалдандырады және қорғайды, оны келесі спа-процедураға дайындайды. Satin Hands® Қолға арналған жұмсартушы құралды қорғаныс барьер ретінде Тазалаушы скрабтың алдында жағады.
2-қадам: Жұмсақ тазалау
Ши майлы қолға арналған тазалаушы скраб терінің мүйізденіп кеткен қабыршықтарын жұмсақ кетіреді, терінің жарылып кеткен, құрғақ жерлерін кетіреді. Бірінші қолданудан кейін-ақ қол терісінің жақсара түскені байқалады. Құрамында кірлерді жақсы кетіретін, тегістейтін және жұмсартатын ши майы бар.
Жүйе бөлігі ретінде скраб Қолға арналған жұмсартушы кремнен кейін жағылады. Оны жұмсақ уқалаушы қимылдармен жағыңыз, содан кейін жуып тастаңыз.
3-қадам: Қоректендіру және күтім жасау
Қолыңыздың терісін Satin Hands® Қолға арналған қоректендіргіш креммен еркелетіңіз. Ол қол терісін 24 сағат бойы ылғалдандырады және қоректендіреді. Құрғақтық сезімі бірден жоғалады, себебі құрамында ши майы бар қолыңызда еріп кеткендей әсер қалдырады, теріңізді жұмсақ, әрі тегіс етеді. Қолыңызды жуғаннан кейін де теріңіз жұмсақ болып қалады.
Құрғақ, жарылып кеткен теріні жұмсарту және ылғалдандыру үшін кеңінен пайдаланатын ши майына қосымша бұл қоректендіруші кремнің құрамына А және Е витаминдеріне бай өрік, сафлор майы және күнбағыс майы, сондай-ақ ылғалдық тепе-теңдігін ұстап тұруға көмектесетін Омега-3 және Омега-5 қосындылары кіреді.
Осы табиғи қосындылардың айрықша қоспасымен бірге Satin Hands® Қолға арналған қоректендіруші крем қол терісін жібектей тегіс етеді, құрғақтықты кетіріп, теріңізді жасартады. Өнімді тұрақты қолдансаңыз, тырнақ пен оның айналасындағы етке (сірқабық) қажет күтімді қамтамасыз етеді. Жабысқақтық сезімін қалдырмай, тез сіңіп кетеді. Қол терісінің көбірек ылғалдануы үшін табиғи қорғаныспен қамтамасыз етеді.
Тұтынушылық тестілеу кезінде 10 әйелдің 9-ы терінің бір сәтте ылғалданып, жұмсарғанын, тегістік пен ылғалдық сезімі пайда болғанын атап кетті.*
*деректер тәуелсіз тұтынушылық тестілеу нәтижесіне негізделген, онда 56 әйел бір апта бойы өнімді күніне бір рет пайдаланды.