Сипаттамасы
Бүгінгі таңда да аса маңызды болатын батыл Мэри Кэй Эштің өмір тарихы Love Fearlessly® хош иісін жасауға ынталандырды, бүкіл әлемдегі батыл әйелдер мақсаттарына жетуге және осы әлемді жақсартуға өз үлгілерімен шабыттандырады.
Жағу әдісі
Хош иісті тамыр соғатын нүктелерге себіңіз – мойын, білек, шынтақтың бүгілетін жері, тізенің артқы жағына
Негізгі қосындылары
ЖОҒАРҒЫ НОТАЛАРЫ:
Қызғылт бұрыш, кардамон және мандариннің жарқын ноталары. Нәрлі мандарин акценті қызғылт бұрыш пен тәтті кардамонның балғын дәмін керемет қоюландырады, қуаныш пен қызығушылыққа толы алғашқы әсер қалдырады.
ОРТАҢҒЫ НОТАЛАРЫ:
Араб ақгүлі, қызғылт таушымылдық Scent Trek®, өрік желектері әйелдің сұлулығын және қамқорлығын бейнелейді.
ТӨМЕНГІ НОТАЛАРЫ:
Үнді пачули, австралиялық сандал, әсерлі мускус есте қалатындай шлейф қалдырады және сізді сүйіспеншілікке бөлейді.
Құрал қалай жұмыс істейді
Love Fearlessly® парфюм суының жоғарғы ноталары қызғылт бұрыш, кардамон және жарқын мандаринмен ашылады. Содан кейін нәзік гүл «жүрек» нотасы сізді сүйіспеншілікпен баурап алып, оның тамаша сезімін мадақтап, крем ағаш ноталарға, нәзік жұпар суға және қанық пачулиге жол береді.
Жоғарғы ноталары: қызғылт бұрыш, кардамон, мандарин
Ашық жоғарғы ноталары сергітеді және көңіл күйді көтереді. Шырынды мандарин ноталары алғашқы әсерді қуанышты және тартымды етіп, қызғылт бұрыштың және тәтті кардамонның балғын татымдылығын көрнекті етеді. Ол өзіңізді жақсы сезініп, жаңа мүмкіндіктерді қабылдауға мәжбүрлейді, шексіз махаббат қана жасауға қабілетті.
Жұрек ноталары: араб ақгүлі, қызғылт таушымылдық Scent Trek® , қараөрік желектері
Өте нәзік жүрек ноталары әйел сұлулығын, оның қамқорлығын бейнелейді. Scent Trek® Қызғылт таушымылдықтың балғын гүлді ноталары мейірімділік рухын көрсету үшін гүлденген қараөрік желектері және араб ақ гүлі жұпарының тәттілігімен бірігеді.
Төменгі ноталары: үнді пачули, австралиялық сандал, сезімтал жұпар су
Хош иіс негізі сізді батыл, әрі шексіз махаббатпен баурап алатын үнді пачули қанық жұпарымен үйлескен крем сандал ағашы мен сезімтал жұпар су жылы негізде орналасқан.
Қаптама тарихы
Қақпағы: Ағымдағы және кең перспективадағы махаббатты бейнелейді. Бір мезетте жұмсақ, әрі мықты абстракталы жүрек хош иісті жасауға шабыт берді.
Түсі: Әдемі қоңыр-қызғылт реңкіне қанық қызыл түстің жеңіл жанасуы махаббатты бүкіл күшімен және құдіретімен бейнелейтін жаңа түс жасайды. Әдемі күрделі түс шын жүрекпен жақсы көретін батыл әйелді бейнелейді.