Әрқайсыңыз қайталанбас тұлғасыз.Бұл Компанияда жаңа өнімді жасаудың кез келген процесін бастайтын шындық. Біз «құрғақ теріге арналған» деп жазған кезде бұл сөзді өзінше сезінетініңізді және өзіңізге сәйкес келетін құралды іздеп жүргеніңізді білеміз.

Жыл мезгілінің өзгеруі, күтпеген стресс, гормоналды өгерістер, дұрыс тамақтанбау секілді біздің терімізге тосын проблемалар әкелетін және ерекше, шұғыл шешімді талап ететін көптеген фактор бар.

Сондықтан біз қосымша күтім құралдарын дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені олар дәл қазір сізге қажетті базалық күтімді байытып, теріңіздің бүкіл потенциалын ашуға көмектеседі.

Біз Компания сарапшыларынан терінің негізгі проблемаларына қатысты гайд жасап берулерін өтіндік. Ол теріңіздің барлық (тіпті ең қиын) сұранысына жауап, сондай-ақ сенімді құрал және әрекет ету нұсқаулығы болады.

Әдемі болу – өте пайдалы әдет. Ендеше оны бірге қалыптастырайық!

МАҚСАТЫ:
теріні ылғалмен толтыру және оны күні бойы ылғал етіп сақтау.

Ылғалсыз тері қорғаныс қызметін толық орындауға қабілетті емес, ол тез қартаяды, жергілікті иммунитет төмендейді, ылғалсыз болуы коллаген және эластин өндіруде байқалады, ал ол онсыз да 25 жастан кейін азаяды. Ылғалсыз тері қартаюға қарсы өнімдерге нашар әсер етеді: кремдер мен сығындылар айқын нәтиже бермейді.

Белгілері: қабыршақтанып кетеді, созылмалығын жоғалтады, тері түсі күңгірттенеді, тартыңқы сезіледі, көптеген ұсақ әжім болады.

Мыналарды азайту керек: негативті сыртқы факторлар (жаздың ыстық күні, құрғақ ауа, салқын тию), зиянды тағам, стресс, зиянды әдет, ұйқы қанбау

Қамтамасыз ету: теріні жаңа піскен көкөністер мен жемістер, майлы қышқылдары көп өнімдер - балық және теңіз өнімдері құрамында болатын пайдалы заттар көмегімен іштей қоректендіру. Таза суды жеткілікті ішу, дұрыс күтімді таңдау.

Күтімнің негізгі ережелері: теріні ылғалсыз теріге залал келтірмейтін жұмсақ құралдар көмегімен тазалаңыз. Теріні тазалау үшін сабынды ешқашан пайдаланбаңыз. Тұрақты күнделікті күтімге (тоник, күндізгі/түнгі крем, көз айналасындағы крем) қосымша белсенді күтім құралдарын қосу керек.

Mary Kay® көмегімен тері ылғалын қалпына келтіріңіз:
Көз айналасындағы теріге:
Ылғалсыз теріні қабыршақтандыру

МАҚСАТЫ:
теріні пигментті дақтар пайда болуына ықпал ететін негативті факторлардан қорғау, тері түсін жақсарту, меланин өңдеуді реттеу.

Жоғары пигментация – артық меланин нәтижесі. Осы пигменттің синтезіне жауап беретін ерекше клетка – меланоцит, терінің үстіңгі қабатында орналасқан. Көбінесе УК-сәуле әсері меланоцит бөлінуін қоздырады, бірақ бұл жалғыз себеп емес. Тері – лакмус орган, сондықтан беттегі пигментация гормоналды бұзылыстарға байланысты пайда болуы мүмкін.

Белгілері: терінің бөлек учаскелерінің түсі әркелкі қара-қоңыр, қоңыр немесе қоңыр қызыл дақ түрінде өзгереді.

Мыналарды азайту керек: күннен қорғаушы құралды пайдаланбай, қарбалас сәтте күн астында ұзақ болу. Сондай-ақ гормоналды фонды реттеп, күйгелектенуді азайту маңызды.

Қамтамасыз ету: теріні күннен қорғаушы құралмен қорғау. Фотоқартаю проблемаларын шешуге бағытталған құралдармен күтім жасау.

Күтімнің негізгі ережелері: құрамында мынадай заттары бар құралдарды таңдау:

  • Гликоль қышқылы – тері клеткасын қабыршықтандырады, әжімдер мен пигментацияны азайтады, тері клеткасын қалпына келтіреді;
  • ниацинамид — меланин қозғалысын блоктайды;
  • ретинол – клетка және коллаген синтезі регенерациясын ынталандырады, меланин өндіруді азайтуға ықпал етеді.
  • С витамині – терінің жаңаруын күшейтеді (тоны тегіс, ал түсі сау болады) және меланин синтезіне әсер етеді;
  • ресвератрол – тері түсін тегістейді, клетка деңгейінде фотозақымданудан қорғайды.

Максималды әсерге жету үшін пигментацияға қарсы құралдарды тұрақты, әрі дәйекті түрде пайдаланыңыз. Эпидермистің үстіңгі қабатын жаңарту процесін қосатын пилингпен қатар, бьюти-ритуалға қосымша күтімнің басқа да маңызды құралдарын қосу керек – терінің қорғаныс бедерін ылғалдандыратын, қалпына келтіретін маскалар мен сығынды-концентраттар.

Mary Kay® көмегімен жарқыраған тері:

МАҚСАТЫ:
теріні тазалау, тері саңылауларын тарылту.

Қара нүкте майлы және аралас тері типі иелерінде себум, кең саңылаулар және гиперкератоз белсенді бөлінуінен кездеседі (эпидермис мүйізқабаты қалыңдап кетеді). Тұрақсыз гормоналды фон, тәтті, майлы және тұзды тағамды көп жеу, стресс, теріге дұрыс күтім жасамау (жеткіліксіз тазалау және қабыршықтарын кетіру) ықпал етеді де, проблема созылмалы болып кетеді.

Белгілері: сыртқы ластану және макияж қалдығымен араласқан ашық комедондар (бітеліп қалған тері саңылаулары).

Мыналарды азайту керек: теріні «ауырлататын» тәтті, майлы, ащы тағамды, сондай-ақ сәйкес келмейтін күтімді.

Қамтамасыз ету: теріні дұрыс тазалау, таза суды жеткілікті мөлшерде ішу, салауатты тамақтану.

Күтімнің негізгі ережесі: ең алдымен, көпсатылы тазалау кезеңін енгізіңіз (мицелляр суы + жуынуға арналған көбік немесе гель + тоник). Балшық негізінде жасалған тазалаушы маска, пилинг және скрабты тұрақты пайдаланыңыз. Тері саңылауларын тарылтуға арналған сығындыны пайдаланыңыз.

Қара нүктеден құтылуға көмектесетін құралдар құрамында мына заттар болу керек:

  • АНА/ВНА қышқылдары (гликоль (АНА), салицил (ВНА)), клетка аралық байланысты ерітетін және тері майының шығуына тосқауыл болатын эпидермистегі өлі клеткаларды тез кетіреді;
  • белсендірілген көмір – кірді сіңіріп алады, тері саңылауларын тереңдете тазалайды, оларды визуалды түрде азайтады
  • балшық – тамаша абсорбент болып табылады, тері бетіндегі себумды жақсы кетіреді, комедон мен безеу пайда болуына жол бермейді.

Маңызды! Жақсы тазартылған, бірақ ылғалсыз тері одан да көп себум бөле бастайды, сондықтан ылғалдандырушы маскаларды және кремдерді елемей қоймаңыз.

Mary Kay® көмегімен мінсіз таза тері:

МАҚСАТЫ:
қан тамыр қабырғасын нығайту, тері клеткаларын қалпына келтіруді жеделдету, қызаруларды кетіру.

Куперозаның пайда болу себебі көп: генетикалық бейімділіктен ішкі органдар ауруына дейін. Сонымен қатар купероза сыртқы факторлардың әсерінен пайда болуы мүмкін: дене қызуының бірден түсіп кетуінен, тым ащы немесе ыстық тамақ, зиянды әдет, ультракүлгін сәулесі, стресс. Куперозадан зиян шегетін теріге лайықты күтім жасалмаса, онда қоректендіруші заттар мен оттегі жетіспеушілігінен тері тез қартаяды.

Мұндай проблеманы болдырмас үшін купероза кезінде тиімді қосындылары бар косметиканы пайдаланып, өзіңізге дер кезінде күтім жасауыңыз керек. Олар қоршаған ортаның негативті әсерінен қорғайды және капиллярды нығайтады.

Белгілері: бет, иек, мұын және маңдай қан тамырларындағы қызыл, қою қызыл немесе тіпті көкшіл тор

Мыналарды азайту керек: дене қызуының бірден түсіп кетуі, тым ащы немесе ыстық тамақ, зиянды әдет, ультракүлгін сәулесінің әсері, стресс.

Қамтамасыз ету: салауатты тамақтану, жеткілікті ылғалдандыру, УК-сәуледен қорғау, арнайы күтім.

Негізгі күтім ережесі: жіңішке тамыры бар теріге арналған құралды таңдағанда, айқын нығайтушы әсері бар қосындыларға назар аударыңыз.

  • Е витамині – мықты антиоксидант, клетка регенарациясын күшейтеді, теріні жасартады;
  • С витамині – коллаген талшықтарын нығайтады;
  • азиялық центелла – эпидермистің тосқауыл қызметін қалпына келтіреді, қан тамырларын нығайтушы және қалпына келтіруші әсер етеді.
Mary Kay® көмегімен сау, әдемі тері: