Мэри Кэй Эш: аты аңызға айналған көшбасшы
Мэри Кэй Эш өз уақытын басып озған. Ол әйелдер үшін көбірек мүмкіндік жасап, бизнес әлемін өзгертті, өз құндылықтарын жетекшілікке ала отырып, компания құрды және әйелдерге өз болашақтарын басқару мүмкіндігін берді.
Мэри Кэй Эш бизнесін 55 жыл бұрын ашқан, ол бүгінгі таңда миллиондаған әйелдер үшін бұрынғыша шабыт көзі болып табылады. Оның құндылықтары, құқықтарды және мүмкіндіктерді кеңейту миссиясы өзі құрған Компанияда бұрынғыша сақталған. Мэри Кэй Эштің жетістіктері оны жаңашыл етті, ал оның мұрасы қазіргі таңда да маңызды, оны еліктеуге тұрарлық үлгі етті.
1963
13 қыркүйек 1963 жылы Мэри Кэй Эш компаниясының негізін қалады және өзінің «Мэри Кэй Косметикс» бірінші офисін ашты.
1964
Мэри Кэй Эш әйелдердің кәсіпкерлік саладағы жетістіктерін қошеметтеу дәстүрін жыл сайын өткізетін, оларды жаңа жеңістерге ынталандыратын және келер жылға бизнес-біліммен қамтамасыз ететін. Оны «Семинар» деп атады.
1962
Мэри Кэй Эш қызғылт кадиллакты сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілердің табыс символы етті де, мансаби өсу бағдарламасын белгіледі.
1976
Тікелей сауда ассоциациясы Мэри Кэй Эшті «Даңқ» залында құттықтады.
1978
Гарацио Альгера ассоциациясы Мэри Кэй Эшке жетістіктері мен өз мансабының бастапқы кезеңіндегі қиыншылықтарды жеңгені үшін «Американың көрнекті азаматы» титулын берді.
1979
Мэри Кэй «60 минут» телевиязиялық бағдарламасының кейіпкері болды.
1984
Wall Street Journal нұсқасы бойынша Мэри Кэй Эштің бестселлер болған «Мэри Кэй Эш: табысқа апарар жол» атты бірінші кітабы жарияланды.
1985
«Әлемдік альманах және фактілер ктабы» нұсқасы бойынша Мэри Кэй Эш Американың ең беделді 25 адам тізіміне енді.
1988
Мэри Кэй Эш Смитсон институтының жинағында «Американың ұлы кәсіпкері» ретінде таныстырылған.
1993
Мэри Кэй Эш компаниясының 30 жылдық мерейтойын атап өтті және Компанияның Далластағы (Техас штатында) штаб-пәтерінің ғимаратында келешек кәсіпкерлерге шабыт беру үшін Mary Kay® мұражайы ашылды.
1996
Мэри Кэй Эш рак ауруларын зерттеу жөніндегі бағдарламаларды және әйелдер ұйымын қаржыландыру үшін Mary Kay® қайырымдылық қорының негізін қалады.
1999
Мэри Кэй Эш Техас штатында ғасыр әйелі атанды.
2000
LifeTime Television ұйымы Мэри Кэй Эшке «ХХ ғасырдағы ең беделді іскери әйел» титулын берді.
2003
Baylor Техас университетітінің нұсқасы бойынша Мэри Кэй Эш «Американың ұлы әйел-кәсіпкерлері» тізіміне енді.
2004
PBS компаниясының және Пенсильвания университетіндегі Вартон бизнес мектебінің нұсқасы бойынша Мэри Кэй Эш «Соңғы 25 жыл ішінде бизнес әлеміндегі ең беделді 25 адам» тізіміне енді.
2011
«Мэри Кэй» компаниясының қызметкерлері, сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілері, сондай-ақ бүкіл әлемдегі достары мен отбасы мүшелері «Игі істер айы» бірінші ғалами әлеуметтік акцияға қатысты.
2013
Мэри Кэй Эш бар-жоғы 5000 доллар жұмсап, негізін қалаған Компания 50 жылдығын тойлады, қазірде Мэри Кэй Эштің құндылықтары мен принциптерін жетекшілікке алып, жұмысын жалғастырып келеді.
2018
Әлемнің 40-қа жуық елінде Мэри Кэй Эштің кәсіпкерлік арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жеке бизнесте мақсаттарына жетуге шабыттандыратын мұрасы бар.