Back

Иіссу High Intensity Ocean™

73 мл

25 500 ТГ

Себетке қосу

Зерделеу үшін көбірек

Парфюмердің шабыты Жеткізу

Теңізді жақсы көретін белсенді азаматқа арналған сергек, теңіз-цитрус иісі.

  • Жоғарғы нотасы: Теңіз лебі, итальяндық бергамот, жасыл мандарин, арша жидегі, зімбір.
  • Ортаңғы нотасы: мускат жаңғағы, герань, цитрус сергектігі.
  • Төменгі нотасы: пачули, емен мүгі, ақ амбра.

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді
Иіссу High Intensity Ocean™
MK High Intensity Ocean ™ иіссуы теңіз еркіндігінен шабыт алған белсенді ер-азаматқа арналған сергек, теңіз-цитрус хош иісі. Көк теңізден соққан ауаның тазалығы мен жігері, ұшы-қиырсыз судың ұлылығы мен көгілдір аспанның құлашы сананы, дене мен жан дүниеңді жаңартатын және қуат беретін атмосфера құрады. Терең тыныс алғанда шым-шытырық оқиғаларға бойлай жөнелесің. Толқын жағалауға соққан әр кез сайын ми адреналин шығарады. Бұл иіссуды сепкен азамат алдынан ашылған шексіз мүмкіндіктерден жігер алып, келесі шытырман оқиғаларға энтузиазммен және сеніммен бойлай жөнеледі. Мұхиттың күші оны шабыттандырады, әрбір толқынын ұстап алуға ұмтылады.

Жағу туралы нұсқаулық

Хош иісті тамыр соғысы байқалатын жерлерге, желкеге, кеудеге мойыннан төменірек және желкедеші шаш астына (шаш хош иісті жақсы ұстайды) жағу керек.
ЖОҒАРҒЫ НОТАЛАРЫ (Толқынды қағым
алу)
Хош иіс теңіз итальяндық бергамот, жасыл мандарин, арша және зімбір жидектері теңіз мұнарының балғын ноталарымен ашылады.

ОРТАҢҒЫ НОТАЛАРЫ (жылжы) хош иістің толғандыратын жүрегінде мускат жаңғағы, қазтамақ және қарбыз ноталары бар.

ТӨМЕНГІ НОТАЛАРЫ (сүңгі) пачули, емен мүгі және ақ амбра хош иісінің жаңа тұңғиықтығы ашылады, баурап алады және жылу қосады.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Жұпардың иісі күні бойы өзгеріп отырады. Бұл хош иістің құрамына кіретін қосындылардың теріде әр түрлі сезілетіндігімен түсіндіріледі. Парфюмерлер хош иістің «ноталар» деп аталатын үш құрамдас бөлігін атап көрсетеді:

Жоғарғы нота: Бұл хош иістің бірінші сезілуі. Сезілу ұзақтығы 15 минут.

Ортаңғы нота: Бұл хош иістің «жүрегі», ол теріге сепкеннен кейін бірнеше минуттан соң ашыла бастайды. Бұл нотаны парфюмды денеге сепкен соң 10-20 минуттан кейін сезе бастайсыз. Бір-екі сағат ішінде ортаңғы нотаның иісі айқын сезіліп тұрады да, одан кейін біртіндеп азая бастайды.

Төменгі нота: Бұл хош иістің негізгі сезілуі, ол теріде бірнеше сағат сақталады.