Back

Күңгірт гель ерін бояғыш Mary Kay®

3,6 г

8 500 ТГ

Ашық роза (Жартылай күңгірттеуші)

Түс атауларын көру

Түсі ұзақ сақталады, нәзік күтім жасайды және оңай жағылады. Осы жылдың көптен күткен жаңа өнімі!

  • Күңгірт гель ерін бояғыш тұрақты түспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар ерін терісін кептірмейді.
  • Формуласында ерін бояғыштың текстурасын жақсартатын, консистенциясын күңгірт, әрі қанық түсті ететін микросфералардың бөлшектері бар.
  • Гель формуласының арқасында ерін бояғыш тегіс жағылады, ерніңізді жұмсақ етеді.
  • Ұсақ кемшіліктерді жасырып, ерінді тегіс етеді.

Мониторларда және дисплейлерде нақты түсі өзгеруі мүмкін

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Негізгі қосындылары
  • Құрал қалай жұмыс істейді

Күңгірт гель ерін бояғыш

Ерін бояғышты дайындау кезінде гель (микросфералар) қолданудың жаңа технологиясын пайдаланған Mary Kay®-дегі бірінші күңгірт гель ерін бояғыш болып табылады. Осы технология тұрақты және қанық түске қол жеткізуге мүмкіндік береді, ерін терісін кептірмейді. Түспен қаныққан формула ерніңізге айқындылықтың жоғары деңгейін береді. Қақпағындағы мөлдір шыны қажетті реңкті оңай табуға және таңдауға көмектеседі.

Тартымды реңктердің біреуін таңдап, образыңызды айқындай түсесіз!

Жағу туралы кеңестер

  • Ерін бояғышқа арналған қылтаяқшаны қолданыңыз. Ерін бояғышты қылтаяқшамен үстіңгі еріннің ортасынан бастап, үстіне және жан-жағына жаймалаңыз. Содан кейін астыңғы еріннің ортасынан бояп, сол жерден ауыз бұрышына дейін жағыңыз. Соңында ерін жиектерін мұқият сызып шығыңыз.
  • Ерінге арналған қарындашты ерін бояғыштың астына негіз ретінде пайдаланыңыз: қарындашты ерніңізге жағыңыз (ол ерін бояғышқа қарағанда ақшыл түс болса болады), содан кейін үстінен ерін бояғышты жағыңыз.
БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТТЕРІ:
Табиғи ылғалдандырушы қосындылар кешені - еріннің нәзік терісіне күтім жасайды және біркелкі, күңгірт финишпен қамтамасыз етеді.

Жоғары пигментті формула - тұрақты және қанық түсті қамтамасыз етеді, бірақ ерін терісін кептірмейді.

Құрал қалай жұмыс істейді

Түсі өзгеше және оңай жағылады: Ультражіңішке пигменттер ерін бояғышқа таңғажайып тегіс түс береді. Ерін бояғышты қанық түспен қамтамасыз етеді. Жартылай мөлдір гель осы күңгірт ерін бояғыштың негізі болып табылады және тегіс жағылуын қамтамасыз етеді.

Тамаша тұрақтылық: Ең жіңішке кремний диоксиді пайдаланылатын “Cushion Matrix” инновациялық технологияның арқасында ерін бояғыш ұзақ уақыт бойы сақталады.

Тегіс әсер: Ерін бояғыштың құрамындағы жарық шашатын бөлшектері еріндегі кемшіліктерді тегістейді.

Нәзік күтім: Еріннің нәзік терісі ылғалды тез жоғалтады. Күңгірт гель ерін бояғыш құрамында күнбағыс майы мен жожоба майы секілді ерінді ылғалдандыратын пайдалы қосындылар бар.