Елена Михайлова

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директоры
 
Бұл 1996 жылдың шілде айы еді. Теледидар бағдарламаларының бірінде, мен жүгіртпелі тармақтан « ... сіз косметиканы сұлулық жөніндегі Кеңесшіден жағып көріп, таңдап алуыңызға болады. Қосымша табыс табу мүмкіндігі ұсынылады ...» дегенді оқыдым.
 
Мені бет әлпетім туралы сұрақ қызықтыратын еді. Мен косметиканы жақсы көремін және сол уақытта «Пленитюд» қымбат кремін пайдаланып жүргенмін, оның бағасы айлығымның жартысын құрайтын, бірақ менің күткен үмітімді ақтамайтын. Мен сол кезде СЭС дәрігері болып жұмыс істейтінмін, 8 айы бойы бізге еңбекақымыз төленбеді.
Сондықтан қосымша табыс табу мүмкіндігі туралы мәселе маңызды еді. Мен ұзақ уақыт бойы хабарласа алмадым, жарнаманы екінші рет көріп, номердің дұрыс терілгеніне көз жеткіздім де, тағы да байқап көрдім. Бір күні тырысуым сәтті аяқталды. Кеңесшілердің бірі біздің қаламызға келетінін, менің үйіме келіп, класс өткізетінін айтты.
 
Қонағымды күні бойы күтіп, енді келмейтін болды деп, үй шаруаларымен айналаса бастадым, бірақ Ол келді. Ол өзі бір нағыз фея сияқты: әдемі, сүйкімді, өзіне сенімді, үстінен қымбат иіссуы аңқып тұр, қолында сиқырлы сөмкесі бар екен. Ол маған және менің 5 жасар қызым Ксения үшін сұлулық бойынша класс өткізді.
 
Біз қатты қуандық. Менің бетім өте әдемі болып кетті де, сол жерде осындай сиқырлы құралдарды пайдалану және Кеңесшінің істегенін істеу ниетім бірден пайда болды.
Мен құрбымнан Кеңесші сөмкесін және бірінші тапсырысымды жасау үшін қарызға ақша алдым да, бәріне жақында сұлулық жөніндегі Кеңесші болатыным туралы айта бастадым.
Біздің директорымыз – Светлана Кайдаш алыста, Магнитогорск қаласында болатын. Сондықтан, нұсқаулықты оқып шығып, мен өзім класс өткізе бастадым, бұл процесс мені шабыттырғаны соншалықты, кешкісін, түскі үзілісте және демалыс күндері жұмыс істей отырып, жұмысымның бірінші тоқсанында Бриллиант Жұлдыз алдым.
 
Светлана қасымда жоқ болса да, ол бізбен ай сайын «Жұлдызды феерия» газеті арқылы хабарласып тұратын. Мен оның қолдауы үшін алғысымды білдіремін, Mary Kay-дегі 4 ай жұмысымнан кейін, біздің алдымыздан осындай сиқырлы әлемнің орасан мүмкіндіктерінің есігін ашқан және қошемет көрсеткен  Светлана Кайдашпен жеке таныстым.
 
Дәрігер болып жұмыс істегенімде, мен бөлім меңгерушісінен: «Жарайсың, Елена, саған медаль!» дегенді талай естуші едім. Әрине, ешқандай да медаль жоқ болатын. Тек қана Mary Kay-де мен өзімнің алғашқы марапатым – Далластан әкелінген кішкентай Арамды алдым. Менің қуанышымда шек жоқ еді. Осы сәтте Көшбасшы болу деген тағы бір арман туды, ол жарты жылдан кейін орындалды.
 
Әйелдерді Компанияға шақырғанда, мен әрқашан олардан: «Арманың  бар ма?»- деп сұраймын. Маған Mary Kay-де  ең негізгі ұнайтыны – ертегіге сену мүмкіндігі. Мен өзімнің Қалау картамды көрсеткенімде, олар менің таңдаулы, сәнді киімдерімді, аяқ киімдерімді көреді, менің Бриллиант Араларым, саяхаттарым туралы естиді, бұл Компания беретін шынайы жетістіктердің және орасан мүмкіншіліктердің дәлелі ретінде қызмет атқарады. Мен ұлымның университеттегі оқуын төлей алатынымды, қызыммен бірге саяхатқа бара алатынымды, Версалда, Луврда, Эйфель мұнарасының жанында оның шаттанған көздерін көре алатынымды айтып беремін...
 
Оның сыныптастары мен ұстаздарының барлығын  шетелге сапарымыз емес, анасының жақсы жұмыс істегені үшін Mary Kay компаниясы берген жолдама таңдандырды.
Бизнес-Топпен жұмысымды достық пен өзара қолдау деп қабылдаймын. Егер де командада келіспеушілік, түсініспеушілік туындаса, ортақ командалық рух, табыс  болмайды, сондықтан біз сүйіспеншілік атмосферасын, оптимизм мен шабытты сақтаймыз. Біз Кеңесшілерге және олардың жұбайлары мен балалары үшін отбасылық қонақ кештерін өткізуді жақсы көреміз. Жаңа жыл, команданың туған күні, жыл қорытындысы бойынша міндетті түрде қошемет көрсету балы, ал жазда бәріміз бірге табиғатқа демалуға шығамыз.
 
Туыстары мен жақындары өздерінің әдемі әйелдері және мәңгі жас әжелері немен айналысатыны туралы білгені маңызды. Mary Kay-дегі біздің үйлесімді өміріміз жылы, жайлы, таптырмайтын қуаныш, бақыт және үміт үйін жасайды, онда ешқашан жалғыздыққа орын жоқ.
 
Mary Kay бизнесі шексіз. Бұл жерде ғажайыптар болып жатады. Кішкентай қыстақта сұлулық жөніндегі Кеңесші Катя тұрады. Оның баласы 5 жаста кезде, ол DIQ бағдарламасына кірісті. Басқа қыстақта Кеңесші Татьяна тұрады. Оның баласы бір жарым жаста, ал ол жазғы сауда нәтижесі бойынша Топаз жұлдызын алды. Қай бизнесте, кішкентай баласы бар әйел мансап баспалдағымен көтеріле алады, отбасына көңіл бөлуге үлгереді, сонымен бірге әрдайым әдемі болып жүреді?
 
Компания маған өз орнымды табуға, потенциалыма қол жеткізуге, рақат өмір сүруге мүмкіндік берді. Осыған қоса, ол ертеңгі күнге деген сенімділік, менің бизнестегі ғажайып құрбыларыммен кездесу, табысты Көшбасшылармен тілдесу, жаңа білім мен дағды береді, тамаша конкурстар сыйлайды.
 
Менің бизнес-серіктестерім - менің мақтанышым, клиенттерім - менің ең таңдаулы құрбыларым! Солардың арқасында мен Mary Kay ертегідей ғажайып елінің Ханшайымы болдым.
 
Mary Kay-дегі жұмыс – бұл отбасылық бизнес. Мен күйеуім Валерийге алғысымды айтамын. Компания жұмысындағы алғашқы күнімнен маған сеніп, әрдайым қолдады, өнім жеткізу бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін өз мойнына алды. Мен тапсырған істерден бас тартпай орындағаны үшін, балам Андрейге алғысымды білдіремін.  Менің  қызым Ксенияға айтар алғысым шексіз, ол хатшымның ролін атқарады және барлық іс-шарада менімен бірге болады. Мен анам Валентина Дмитриевнаға алғыс айтамын, үй шаруасының бір бөлігі сол кісіде. Олардың қолдауы және түсініспеншілігі маған өзіме сенуге, қолымнан келмей жатқанда, мықтырақ болуға және жоспарланған мақсатыма сенімді жетуге көмектеседі.
 
Мен 30 000 тұрғыны және 100 табысты Кеңесшісі бар кішкентай қалада тұрамын. Дегенмен, жетістік тұрғындар санына емес, Кеңесшілердің жұмыс істеуге, әйелдерді әдемі, бақытты ету ниетіне байланысты болады.
 
8 жыл бұрын менімен бірге біздің қаламыздың 20 Кеңесшісі жұмыс істей бастаған. Барлығының бірдей мүмкіндіктері, қиыншылықтары, қаласы, өнімі болатын, соның барлығының ішінен Компанияда қалған мен ғана. Әйелдер өмірін жақсарту, класс өткізу ниетімнің соншалықты күшті болғаны, мен осы 9 жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппын. Күнделікті үйден шығып, алдын ала құрылған жоспармен жұмыс істейтінмін.
Тапсырыс жасалмайтын класстар да болды. Кейде өнімді жеткізу кешіктірілетін. Бір күні Әйелдер күніне арналған мерекелік тапсырысымызды 8 наурыз күні сағат 19.00-де алдық. Бірақ ешкім ашуланып, ренжіген жоқ. Себебі, біздің құпиямыздың өзі мынада, қиын уақытта бір-бірімізге қолдау көрсете білуде. Сондықтан 9 жыл жұмыс істеуге тұрарлықтай болды. Қазір тамаша Көшбасшылар қатарынан тұратын, мені Ұлттық бағдарламаны орындауға ынталандырған  «Леди Совершенство» атты командамыз бар.
 
Қымбатты менің Көшбасшыларым! Буранкулова Нуршаш, Истомина Нина, Карчевская Екатерина, Богдан Тамара, Клинова Татьяна, Ситнер Людмила, Козловская Тамара, Цветкова Наталья, Қонысбаева Жансара, Орынбаева Гульнара, Безродная Марина, Михаленя Ольга, Алимбаева Галина, мен сіздерге командалық рух, сенім және қолдауларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Ұлттық бағдарламаны орындай отырып, сіздер өз ұстанымдарыңызды бекітіп, өздеріңіз үшін және арттарыңыздан ергендер үшін жол салдыңыздар.
 
Ең бастысы, Mary Kay – бұл тек тамаша косметика, әдемі құты ғана емес, шынайы бизнес екенін түсіну. Мұнда бірден мақсатыңды анықтап алу қажет, соған жету үшін батыл жүру керек, дұрыс ниеттеніп, сену қажет, сұлулық жөніндегі Кеңесші – бұл әрбір әйел үшін өмірлік қажеттілік, жоқ дегеніміз – «әзірге жоқ» дегенді білдіреді, бұл әлемдік шығармашылық потенциалы ашылатын әлем, қуаныш, махаббат пен бақыт тіршілік ететін әлем.
 
Өздеріңізге сеніңіздер, армандаңыздар, сонда барлығына жетесіздер, себебі Mary Kay – бұл шекарасы жоқ ел.