Үзілді-кесілді жоқ. Қаржылық пирамидалар заңсыз болып табылады. Mary Kay-дің маркетингтік жоспарына қатысты келесі сәттер заңсыз қаржылық пирамидалардан өзгешелігінде айрықша мәнге ие:
A. Mary Kay® өнімдерін бір көтерме сату (Компания сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге) және бір бөлшек сату (сұлулық жөніндегі Кеңесші тапсырыс берушіге) бар. Компания және тұтынушы арасында өнім сатып алғаннан бастап сатқанға дейін әр түрлі жеңілдікпен өтетін басқа сауда деңгейлері жоқ. Осылайша, сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші болса да, Бизнес-Топ Көшбасшысы болса да, әрбірі барлық косметикалық өнімдерді Компаниядан тікелей, жарияланған бағамен, қалауынша тұтынушыларға сату үшін сатып алады. Әр адам өнімді өз бетімен сату және бизнесін дамыту үшін, статусына қарамастан, бірдей бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие.
B. Әрбір шақырылған сұлулық жөніндегі Кеңесші өнімді соңғы тұтынушыға сату үшін шақырылады. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер командасына өз өнімдерін сатқызу үшін басқа Кеңесшілерді шақырмайды. Барлық сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер өздері сатып алған өнімнің барлығы соңғы тұтынушыға сату үшін қажет екендігімен келіседі (немесе ынтымақтастықтың бірінші жылы ішінде өнімді бастапқы бағасынан 90% көлемдегі бағасына Компанияға қайтарылады).
C. Mary Kay-дің әрбір сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісі өз бизнесін старттық жиынтықты сатып алудан бастайды. Старттық жиынтықты сатып алудан ешкім де ешқандай өтемақы алмайды. Старттық жиынтыққа кіргізілген сатуға арналған өнімдер мен құралдар Mary Kay сұлулық жөніндегі жаңа Тәуелсіз Кеңесшісін бизнеске енгізуге және бизнестегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектесуге арналған. Сұлулық жөніндегі Кеңесшілерден қандай да бір салықтар немесе қандай да бір компаниядан міндетті түрде сатып алу және тағы басқа инвестициялар мен шығындар талап етілмейді. Осылайша, Компанияда да, сұлулық жөніндегі Кеңесшілерде де, деңгейіне, статусына, қарым-қатынасына немесе франчайзингке байланысты сату деңгейлері жоқ.
D. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің және Бизнес-Топ Көшбасшысының табыс баспалдағындағы деңгейі қаламақы төлеумен, жеңілдіктермен, сыйақымен немесе кез келген жанама жеңілдікпен немесе тағы басқа нәрсемен байланысты емес. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің табыс баспалдағындағы статусы қатаң түрде жеке күш-жігер мен қабілетке негізделген.
E. Mary Kay компаниясымен келісім-шарттық қарым-қатынастарды аяқтаған кезде кез келген сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші бірінші жыл ішінде сатылмай қалған өнімдерін бастапқы пайдаланылмаған қалпында компанияға қайтара алады, ол сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшімен жасасылған келісім-шарттың шарттарына сәйкес, өнімнің бастапқы бағасынан 90 пайыз көлеміндегі бағаға қайтара сатып алынады.
F. Компания барлық комиссиялық сыйақыларды сұлулық жөніндегі Кеңесшілерге және Бизнес-Топ Көшбасшыларына тікелей төлейді. Комиссиялық сыйақы ай сайынғы сауда көлемі негізінде төленеді және компьютерлік есептерде көрсетіліп, соңынан комиссиялық сыйақы төленеді. Маркетингтің бүкіл құрылымы өнімді соңғы тұтынушыға сатуға негізделген. Комиссия сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші, Е пунктіне сәйкес, келісім-шартты тоқтатқан жағдайда Компанияға қайтара алатын кез келген өнім үшін төленеді, мұндай жағдайда комиссиялық сыйақы қайтара есептелмейді.