Надежда Сильченко
Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Бірінші Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директоры
Менің аты-жөнім Надежда Сильченко. Мен Қазақстандағы «Мэри Кэй» компаниясының бірінші Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директор және соңғы 5 жыл ішінде біздің Қазақстандағы Ұлттық желіміз косметика сатудан ең таңдаулы болып табылады. Мен 15 жыл бұрын Компанияда жұмыс істей бастадым. Ол кезде біздің рынокта америкалық косметика және тікелей сауда саласындағы жұмыс беделді емес еді, ал Компанияның тамаша мүмкіндіктеріне сену қиын болатын, айта кетейін көпшілігі әлі де сенбейді.
Барлығы жай басталды. Косметикалық құралдарды пайдаланғаннан кейін, менің терімнің қалпы маған қатты ұнады да, мен косметиканы пайдалы бағада сатып алу үшін Компаниямен ынтымақтастықта болу туралы ұсынысты пайдалануға шешім қабылдадым. Өзім бұрын-сонды ешқашан саудамен айналыспағандықтан, бұл жұмысты өзіме лайық емес деп санадым.
Онымен қоса, сол кезде орташа еңбекақы 100 $ болатын және әйелдердің осындай қымбат косметиканы (теріге күтім жасау кешені 75 $ тұратын) сатып алатынына сену мүмкін емес еді. Біршама уақыт өткеннен кейін құралдарды пайдалану нәтижесі байқала бастады да, мен айналадағылармен сұлулық құпиясымен бөлісе бастадым.
Қызығушылық танытқан әйелдерге өзімнің құралдарымды жағып көруге бердім және оларға өзімнің сұлулық жөніндегі Кеңесшім үйреткендей, өзіне дұрыс күтім жасауды үйреттім. Бұл кездесулер жиі өнімге тапсырыс берумен аяқталатын болды, осылайша мен косметиканы сата бастадым және оны қазіргі уақытқа дейін істеп келемін. Компанияның мүмкіндіктеріне сену қиын болатын, ал сұрайтын ешкім жоқ еді. Мен мүмкіндіктер туралы тек кітаптардан оқитынмын, сондықтан өзім тексеріп көрейін деп шештім!
Жарты жылдан кейін мен бұрынғы жұмысымды тастадым да, Компаниядағы мансабымды бастадым, оның негізінде косметика сату үшін әйелдерді тарту болатын, қазір де солай. Кейбіреулерінің сатқысы келмейтін, бұған таңданатын ештеңе жоқ, себебі мен де солар сияқты болғанмын, дегенмен көпшілігі косметиканы ұнататын және уақыт өте келе косметиканы өздеріне пайдалы бағада сатып алу үшін Компанияға жұмыс істеуге келетін. Сегіз айдан кейін менің тобымда 30 әйел болды, олардың ішінде біреуі косметика сататын, біреулері косметиканы пайдаланатын, ал кейбіреулері менің ізбасарым болды, олар мансап баспалдағымен көтеріліп, басқа әйелдерді Компаниямен ынтымақтастыққа тарта отырып, «Мэри Кэй»-мен бизнесін құра бастады. Компания бұл жұмыс үшін топтық саудадан комиссия түрінде жақсы ақы төлейді және табысты жұмыс үшін сыйлықтар береді.
«Мэри Кэй» компаниясымен ынтымақтастық жылдарында мен көптеген сыйлықтар алдым, оның ішінде Бриллиант Аралар, қызғылт мерседестер (оның менде екеуі бар) және таңғажайып саяхаттар –Лондон, Австралия, Майами, Мексика, Даллас, Гавай аралдары ... барлығын айтып болмайсың? Шынында, мен сізді Компанияға сыйлық алу үшін шақырып отырғаным жоқ ...Мен сізге өзіңіз үшін «Мэри Кэй» мүмкіндіктерін ашуды ұсынамын! Мен сізге жақсы әйел және ана болып қала тұра, тікелей сауда саласында еркін жұмыс кестесі бар өзіңіздің бизнесіңізді құруды, сонымен қатар осындай тамаша өнімді пайдалана отырып, өте тартымды әйел болуды ұсынамын. Жалданбалы жұмысшы болып істеуден немесе дәстүрлі жеке бизнеспен айналасудан ала алмайтын мүмкіндіктерден гөрі, Компанияның тренингтеріне және басқа да көптеген нәрселерге қатысып, өздігінен жетілумен айналысыңыз!
Бұл мүмкіндіктердің барлығын мен өзім тексердім және Компанияның «Әйелдер өмірін жақсарту» миссиясын негізге ала отырып, осындай ғажайып Компания маған нені бергенін және әйел-аңыз Мэри Кэй Эш неге үйреткенің сіздермен бөліскім келеді. Дегенмен, Мэри Кэй Эш әлемдегі әйелдердің таңғаларлық потенциалына сенген, ғажайып шешім қабылдаған, карапайым әйел.