ТЕРІ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

Жоғары сезімталдық, құрғақтық, қызару, қышу немесе беттің күңгірт реңкі - бұлар терінің қорғаныс тосқауылы әлсірегенін көрсетеді.

Терінің тосқауылын нығайтуға арналған лосьон Clinical Solutions™

3 сағаттан кейін көзге байқалатындай жақсарады* және қызарулар небәрі 2 аптада азаяды**

 

Тері тосқауылы деген не?

Тері тосқауылы – терінің ең маңызды элементтерінің бірі, табиғи қорғаныс әрі оның сау негізі. Оны кірпіштен қаланған берік қабырға ретінде елестетуге болады: ол пайдалы заттарды – ылғалды, табиғи майларды және қоректік компоненттерді – іште сақтап, ал кір, ультракүлгін сәулелер мен агрессивті химиялық заттар сияқты зиянды факторларды өткізбейді.

Бұл қабырғаның «кірпіші» – тері жасушалары, ал оларды біріктіретін «ерітінді» – липидтер. Егер осы ерітінді бұзылса, қабырға әлсіреп, елекке айналады. Нәтижесінде пайдалы заттар жоғалып, зиянды әсерлер теріге ене бастайды.

Тері тосқауылының жағдайына табиғи қартаю, климат, күн сәулесінің шамадан тыс әсері және басқа да сыртқы факторлар ықпал етеді. Мұның бәрі терінің құрғауына, қызаруына, тітіркенуіне және жоғары сезімталдыққа әкелуі мүмкін.

Сау тері тосқауылы – тегіс әрі жарқыраған терінің кепілі. Ол ылғалды сақтап, қажетті деңгейде ұстап тұруға көмектеседі

Тері тоқсауылын қалпына келтіру технологиясы - бұл терідегі липидтердің табиғи арақатынасын жаңғыртушы ингредиенттердің мұқия таңдалған кешені.  

Тері тоқсауылы - эпидермис деп аталатын терінің сыртқы қабаты. Оның ең жоғарғы деңгейі - липидті матрицамен байланысқан тегістелген клеткалардан тұратын мүйізгек қабат. 

Бұл матрица май қышқылдары, церамидтер және холестериннің дәл үйлесімінен құралады. Олар терінің қорғаныс қабатының беріктігін, серпімділігін және тұтастығын қамтамасыз етеді.  

Терінің қорғаныс тосқауылын нығайтуға арналған лосьон Clinical Solutions™ формуласы осы табиғи үйлесімді қайталайды: липидтердің арақатынасы - 1 бөлігі май қышқылдары, 1 бөлігі церамидтер және 3 бөлігі холестерин түрінде берілген. Мұндай теңгерім тиімділікті арттырып, жылдам әсер етеді. 

Холестерин 

тері тосқауылын нығайтып, оның ылғалды сақтап тұру қабілетін күшейтеді

Церамидтер 

терінің ылғалдану деңгейін тұрақтандырып, сыртқы орта әсерінен қорғайды

Май қышқылдары 

терінің табиғи құрылымын сақтауға көмектесіп, ылғалдың жоғалуын болдырмайды

Бұл инновациялық формулаға зерттеулер көрсеткендей, теріде көзге байқалатын қызару тудыратын факторларды азайтуға көмектесетін ингредиенттер кіреді:

Құрма дәнінің экстракты | Синтетикалық авентрамид (сұлуның белсенді компоненті) | Теңіз экзополисахаридтері