Mary Kay бизнес әлеміне қош келдің!
Өз бизнесіңді бастап, табыс тауып, дамығың келе ме?
Өз уақытыңды жайлы қарқынмен басқарғанды армандайсың ба?
Онда әрекет ет!
Қазақстандағы он мыңдаған әйел Mary Kay бизнесін жаңа, жарқын өмірге апарар жол ретінде таңдады.
Мұнда сен бөгде ережеге бейімделмей, өз ережеңді жасайсың. Сондай-ақ өзіңе маңызды нәрсені анықтайсың.
Қалай бастауға болады? Оп-оңай!
Өз жолыңды таңда. Mary Kay-де кім болғың келеді?
» Бьюти-эксперт. Жеке сатудан баста: күтім таңда, клиенттерге кеңес бер, жеке клиенттік базаңды жаса және Mary Kay өнімін сатып, табыс тап.
» Келесі қадамға дайынсың ба? Командаңды дамыт
Тәжірибеңмен бөліс, басқаларды шабыттандыр және бьюти-эксперттер командасын оқытып, дамытқаның үшін қосымша сияпат ал.
Өз бизнесіңді бірте-бірте кеңейтіп, жаңа деңгейге көтере аласың. Сату жөніндегі Тәуелсіз Директор статусы ұлғайтылған табыс қана емес, сонымен қатар қосымша қошемет, сыйлықтар мен бонустар береді.
1-ҚАДАМ.
Бірінші қадамды жасап, тәлімгеріңді тауып ал
Mary Kay бьюти-экспертіне хабарласудан баста – тәлімгерің тіркелуге көмектеседі және бизнесті неден бастауға болатынын айтып береді.

2-ҚАДАМ
Тіркел. Старттық жиынтыққа тапсырыс бер
Тәлімгеріңмен бірге сайттағы тіркеу формасын толтыр – бұл Mary Kay-дегі бизнесіңді бастауға ресми қадам.
Тіркелгеннен кейін Старттық жиынтықты сатып алуға тапсырыс бер – онда Mary Kay бестселлер-өнімдерін, оқыту материалдарын және бизнестегі бірінші қадамға арналған барлық қажетті құралды аласың. Старттық жиынтық бағасы: 50 000 теңге

3-ҚАДАМ
Кез келген Mary Kay өніміне бірінші тапсырыс бер
Кез келген Mary Kay өніміне бірінші тапсырысыңды бер де, бьюти-эксперт ретінде бизнес құруды баста. Бұл алғашқы клиенттеріңе және табысыңа апарар маңызды қадам.
Байланыста бол және алғашқы қадамыңды сенімді жаса
Жаңа бьюти-эксперттерді қолдау бағдарламасына қосыл: пайдалы материалдар, акциялар мен ретімен жасайтын ұсыныстар ал. Тез үйренуге, алғашқы нәтиже алуға және Mary Kay-дегі бизнесіңді сенімді құруға қажеттінің бәрі.
Сен жұмыс істей бастаған сәттен-ақ әр сатудан 30–40% табыс аласың. Егер команда құруды шешсең, онда қосымша табыс және Mary Kay компаниясынан тағы да көп артықшылыққа ие боласың. Өсу қарқынын және бизнесіңді дамытуды тек өзің таңдайсың.
💡 Елестетіп көр: сен мастер-класс немесе кездесу өткізесің, өнім туралы айтып бересің де, сол жерде алғашқы сатулар мен табысқа қол жеткізесің.
📌 Мысалы, құрамында көз айналасындағы теріге арналған кремі бар «Сиқырлы жиынтық» TimeWise®» өнімі 76 000 теңге тұрады. Сенің табысың – 22 800 теңге.
Бұл бірден алатын шынайы табысың. Ал егер 2,3,5 немесе одан да көп жиынтық сатсаң - табысың бірнеше есеге өседі.
Қызықты ма? Бұл Mary Kay-дегі жолыңның бастамасы ғана!
«ЖАРҚЫН СТАРТ» СТАРТТЫҚ ЖИЫНТЫҒЫ
Жиынтық бағасы:
✨50 000 теңге
✨ 30 500 теңге – арнайы бағасы, бұл 91 500 теңгеге немесе 3 және одан көп б.б. өнімге тапсырыс бергенде әрекет етеді (1 базалық бірлік = 30 500 теңге).
Mary Kay «Жарқын старт» старттық жиынтығы - бұл сұлулыққа және қаржы тәуелсіздігіне апарар қадамың!
Бұл сұлулық индустриясында бизнесіңді бастауға тамаша мүмкіндік.
Біз профессионал болуға көмектесетін және әлемді мұнан сұлу етуге мүмкіндік беретін жиынтық дайындадық.
Mary Kay «Жарқын старт» старттық жиынтығына не кіреді
Жиынтықта тері күтіміне арналған тиімді құралдар мен сәндік косметика бар. Тамаша образ және мәнерлі макияж жасауға қажеттінің бәрі!
Басынан бастап оқыту жүйесіне рұқсат аласың: ретімен жасайтын гайдтар, онлайн-курстар, вебинарлар, мастер-класстар және оқыту іс-шаралары – осының бәрі саған бизнес негізін меңгеруге, клиентпен жұмыс істеуді үйренуге, консультация өткізуге және өнімді сенімді таныстыруға көмектеседі.
Тәжірибелі профессионалдардан қолдау аласың және жалғыз қалмайсың – біз сенің табысты болатыныңа сенеміз және соған апарар жолың қызықты, түсінікті және рухтандырушы болу үшін бәрін істейміз!
«Жарқын старт» старттық жиынтығы – жүректі оятатын және әр күніңді сұлулық пен табысқа апарар қадамыңа айналдыратын мүмкіндік.
Бестселлерлер
- Жаңа «Сиқырлы жиынтық» TimeWise® (көз айналысындағы теріге арналған кремсіз)
- SPF 30 факторлы Күндізгі қорғаушы құрал TimeWise®
- Түнгі қалпына келтіруші құрал TimeWise®
- Антиоксидантты ылғалдандырушы крем TimeWise® (тері типіне қарай)
- «1-де 4» Тазалаушы құрал TimeWise® (тері типіне қарай)
- SPF 15 факторлы СС крем Mary Kay® «Ашық»
- Көзден макияжды кетіруге арналған майсыздандырылған құрал Mary Kay®
- Жылтыр гель ерін бояғыш Mary Kay® «Нәзік ирис»
- Кірпікке арналған көлем ұлғайтқыш тушь Mary Kay®, «Қара»
- Өнім үлгілері: «Сиқырлы жиынтық» TimeWise® үлгі-сашеттері, Көз айналасындағы теріге арналған крем TimeWise® үлгісі (6 сашет), Ылғалдандырушы жаңартушы гель маска TimeWise® үлгісі (6 сашет)
- Жаңа тәуелсіз сұлулық Кеңесшінің сөмкесі - Бұл Mary Kay логотипі бар стильді әрі ыңғайлы аксессуар, сенің іскери образыңды тамаша толықтырады және сен сұлулық әлемінде эксперт екеніңді айқындайды.
Бизнес-құралдар
- Каталог, өнім үлгілері мен пайдалы материалдар - Mary Kay бизнесін сәтті бастауға қажеттінің бәрі. Менің Mary Kay-дегі стартапым» оқыту журналы. «ОБРАЗ» каталог. «Мотивациялық бағдарламалар» кітапшасы. Кеңесшінің есеп кітапшасы
- Қосымша әдебиет (қалаған тілде таңдауға болады): Өнімдер жөнінде анықтамалық Mary Kay®, «Менің бірінші сұлулық класым» кітапшасы, жаңа сұлулық Кеңесшінің жұмыс дәптері
«ЖЕҢІЛ СТАРТ» MARY KAY СТАРТТЫҚ ЖИЫНТЫҒЫ
Табысқа апарар алғашқы қадамың!
«Жеңіл старт» старттық жиынтығы - бьюти-бизнесті оңай бастап, сенімді табысқа қол жеткізуге арналған мүмкіндік. Табысты стартқа қажеттінің бәрі бір жиынтықта және тиімді бағамен. Қазірден бастап әрекет ет және қаржылық тәуелсіздікке қарай қадам жаса!
Жиынтық бағасы:
✨22 000 теңге
✨15 000 теңге – 30 500 теңгеден бастап (1 базалық бірлік) тапсырыс бергенде, арнайы бағасы
Жиынтыққа не кіреді:
Жарқын образдар жасауға және даралығыңды айқындауға қажеттінің бәрі:
- SPF 15 факторлы СС-крем «Ашық»
- Кірпікке арналған ұзартушы тушь Great Heights™
- Ерінге арналған жылтыр «Қызғылт нюд»
Стиль әрқашан жаныңда
Ыңғайлы шоппер – оқуға, серуендеуге және клиенттермен бірінші кездесуге арналған.
Құрбыларыңмен бөліс
Каталог пен өнім үлгілері косметиканы көрсетуге және басқаларды шабыттандыруға көмектеседі:
- Аралас/майлы теріге арналған «Сиқырлы жиынтық» TimeWise® үлгі-сашеттері
- Құрғақ/қалыпты теріге арналған «Сиқырлы жиынтық» TimeWise® үлгі-сашеттері
- Көз айналасындағы теріге арналған крем TimeWise® үлгісі (6 сашет)
- «Mary Kay-дегі менің стартым» оқыту журналы
- «Образ» каталогы
- «Оңай старт» қосымша парағы
Алғашқы табысың
Өзіңді сұлулық Кеңесшісі ретінде сынап көріп, оңай әрі қуана табыс тап.
«Оңай старт» старттық жиынтығы - Mary Kay-мен бизнес бастауға және табысты оңай әрі сенімді табуға арналған мүмкіндігің.

Mary Kay әрбір құралды зерттеуге, қауіпсіздігіне және тиімділігіне баса назар аударады. Біздің өнімдеріміз тері қажеттілігін ескере отырып жасалады, дерматологиялық және клиникалық тестілеуден өтеді, сондай-ақ жануарларға тестіленбейді.
Әлемде 60 жылдан аса және Қазақстанда 25 жыл Mary Kay әйелдер кәсіпкерлігін дамытып келеді. Тұрақтылық және уақытпен тексерілген абырой.
Бүкіл әлемдегі әйелдер Mary Kay-мен бірге жаңа шыңдарға жетеді, тұрақты табыс, саяхаттар, автомобильдер және басқа да қымбат сияпаттар алады, жеткен жетістігі үшін қошеметтейді.
Іс-шаралар да. Сондай-ақ Mary Kay-де бизнес жүргізетін басқа әйелдердің үлкен бизнес-қауымдастығы қолдайды.
Егер қандай да бір себеп бойынша Mary Kay® өніміне көңілің толмаса, сен оны осындай немесе басқа өнімге ауыстыра аласың, немесе толық бағасын қайтарып ала аласың – тауарды тәуелсіз сұлулық Кеңесшіңе қайтарсаң болды.
Біз саған бірінші күннен бастап Mary Kay бизнесін сенімді бастауға және дамуға көмектесетін тұтас қолдау жүйесін жасадық
Link & Learn
Интерактивті оқыту платформасы, мұнда өнім, сату, тері күтімі, мотивация және даму туралы бәрін білесің. Өзіңе ыңғайлы уақытта оқып үйрен.
Mary Kay InTouch қосымшасы
Бизнесің әрқашан қолжетімді болады! Қосымша арқылы тапсырыс бере аласың, жеткізуді қадағалайсың, жаңалықтарды білесің, бағдарламаларға қатыса аласың және өз жетістігіңді қадағалайсың.
Жеке сайт-визитка
Бұл www.marykay.kz сайтындағы онлайн-өкілеттігің. Клиенттер өніммен таныса алады, тапсырыс бере алады және сен туралы Кеңесші ретінде білетін болады. Бұл сенің 24/7 қолжетімді сандық офисің.
Сандық каталог және «Менің клиенттерім» қосымшасы.
Клиенттік базаны басқаруға арналған ыңғайлы құрал: тапсырысты, туған күн датасын, клиенттердің қалауын қадағала, есептер мен есіңе салатын жазба жаса. Бұл ниеттес қарым-қатынас орнатуда жеке көмекшің болады. Басқа да көптеген нәрсе.
Mary Kay-мен бірге айналаңдағы әлемді жарқын ет!
Әлі де күмәнданасың ба?
Ендеше бірге талқылап, қорқынышыңды жеңейік.
«Мен сата алмаймын»
Бұл қалыпты жағдай. Mary Kay Кеңесшісі – бұл жай сатушы емес, нағыз сұлулық эксперті. Ол дәл саған ұнайтын, теріңнің жағдайын және көңіл күйіңді жақсартатын күтімді таңдап беруге көмектеседі, барлық сұраққа жауап береді және күтім процесін жағымды әрі жайлы етеді.
Mary Kay бьюти-эксперті жұмысын сенімді бастап, үнемі даму үшін оқуға қажетті барлық материалды, тәжірибелі әріптестер қолдауын және толық нұсқаулықты алады.
Мастер-кластарды әртүрлі форматта өткізіп, өнімді көбірек адамға көрсетеді және профессионал ретінде сенім қалыптастырады.
Осындай кездесулерде қонақтар құралдарды сатып алмас бұрын жағып көре алады – «алдымен жағып көр, сосын сатып ал» принципі клиенттерге өнім сапасына көз жеткізуге көмектеседі және сатылымды арттырады.
«Менің клиенттерім жоқ»
«Менің клиенттерім жоқ»
Mary Kay жаңа бьюти-эксперттердің көпшілігінде дайын клиенттік базасы болмайды. Ал Mary Kay-де достарыңның, таныстарыңның арасынан, сондай-ақ онлайн арқылы алғашқы клиенттеріңді оңай табуды үйренесің. Mary Kay бьюти-эксперттеріне арналған «SMM мектебі» көмегімен әлеуметтік желілерде жұмыс істеуді, онлайн арқылы жаңа клиенттер табуды, жеке брендіңді дамытуды, сондай-ақ Mary Kay өнімдеріне видео-шолу жасауды үйренесің.
Осы және басқа да көптеген құралдар саған өзіңді танытуға және клиенттер тартуға көмектеседі.
«Қолымнан келмейді деп қорқамын»
Қорқыныш – кез келген жаңа бастаманың бір бөлігі. Бірақ сен жалғыз емессің! Ретімен орындайтын бағдарламаң және әр кезеңде көмектесетін тәлімгерің болады. Біз саған сенеміз – сен де өзіңе сене бастайсың, сонда алғашқы нәтижені көресің.
«Менің уақытым жоқ»
Mary Kay – бұл сен емес, керісінше, сенің өміріңе бейімделетін бизнес. Қашан және неше уақыт жұмыс істейтініңді өзің шешесің: күніне 1 сағат па, аптасына 3 кеш пе әлде тек демалыс күндері ме. Егер сен декреттегі ана, студент немесе офис қызметкері болсаң, бұл тамаша нұсқа. Бәрі болады!
«Мен косметиканы түсінбеймін»
Бірінші күннен бастап эксперт болудың қажеті жоқ! Бізде өнім, тері күтімі, хош иістер мен макияж туралы бәрін білуге көмектесетін оқыту, видео-сабақтар, мастер-класстар мен қолдау бар. Сен өз тәжірибеңмен бірге өсетін боласың.
«Бизнес бастау үшін көп ақша салу керек»
Жоқ, бұл миф. Mary Kay бизнесін бастау үшін көп ақша қажет емес. Старттық жиынтық бағасы – 47 000 теңге. Сосын бірден консультация, мастер-класс өткізуге және бірінші сатылым жасауға қажетті кәсіби таңдалған өнімдер мен құралдар жиынтығын аласың. Бұл сенің сұлулық пен бизнес әлеміне алғашқы қадамың!
(ссылка на стартовый).
Егер 85 500 және одан көп теңгеге (немесе Mary Kay бизнес-тілімен айтсақ, 3 және одан көп б.б.) тапсырыс берсең, Старттық жиынтыққа 32 000 теңге - арнайы баға әрекет етеді . 1 базалық бірлік = 28 500 теңге.
Бұл ұсыныстың тиімділігі сенде клиенттерге көрсететін және консультация беретін өнім көп болады. Демек, өнім сату, жаңа клиенттер тарту және көбірек табыс табу мүмкіндігі көп болады.
«Mary Kay-ге ай сайын тапсырыс беру керек»
Ай сайын беру міндетті емес. Бастысы, Кеңесші жеңілдігін сақтау үшін және Кеңесші статусында қалу үшін жылына бір рет тапсырыс берсең болады. Сонымен қатар тұрақты тапсырыстар жаңа өнімдерді, бестселлер және қызықты өнімдер жағып көру, өзіңді сапалы өніммен және макияжбен қуанту, жақындарыңа тартымды және сапалы сыйлық жасау тамаша мүмкіндігі болады.
Ал жеке бизнесіңді белсене дамыту және Mary Kay-мен ынтымақтасқаның үшін максималды пайда алу кезінде тұрақты тапсырыстар мұнан да көп артықшылық береді: акцияларға, бағдарламаларға қатысу, табыстың өсуі және клиенттік базаны дамыту.
Дайынсың ба? Әрекет ететін уақыт келді!
Mary Kay сұлулық Кеңесшісі болу
Біз көмектесеміз! 🌸 Mary Kay-де бизнес құру - бұл оңай, шабыттандырушы және кез келген әйел үшін қолжетімді!
Төмендегі нұсқаулықты ретімен жасасаң, жақында сұлулыққа, қаржы тәуелсіздігіне және қосымша табысқа апарар жолыңды бастайсың.
📌 Назар аудар!
Тіркелу үшін әрекет ететін Кеңесшінің номері қажет болады.
- Төмендегі нұсқаулықты ретімен қолданып, сұлулық Кеңесшісін тап.
- Таңдап алған Кеңесшіңе хабарлас та, оған Mary Kay-де бизнес бастағың келетінін айт.
Кеңесші саған барлық қадамды айтып береді және тіркеудің әр кезеңінде бірге болады.
📄 Нұсқаулық: «Сұлулық Кеңесшісін қалай табуға және оған хабарласуға болады» ⬇️
Егер Кеңесшіңнің аты-жөнін білетін болсаң, «Аты-жөні бойынша тап» бөліміне өт. Тиісті жолға аты-жөнін енгіз де, «Табу» батырмасын бас.
Ашылған терезеден:
✨ «Қоңырау шалу» батырмасын басып, сұлулық Кеңесшіге хабарласа аласың.
✨ «Мен туралы көбірек білу» батырмасын басып, сұлулық Кеңесшісі туралы көбірек біле аласың.