Қазіргі әйелдердің әр күні минутына дейін бос емес - ол қамқор ана, ұқыпты жар, профессионал қызметкер. Бірақ қазір ол үшін уақыт – ең негізгі ресурс болып табылады.
Сондықтан да Mary Kay сұлулық Кеңесшісі – бұл сізге сапалы косметика сататын қарапайым адам емес, ол осы косметиканы кез келген ыңғайлы жерге және кез келген уақытта әкеп беретін, өнімдердің мини-көрсетілімін өткізетін «таймкиппер».
Ал біз кейде күнде қайталанатын тірліктен қашып шығып, уақытты бьюти-ритуалда құрбыларыңызбен емін-еркін өткізгіміз келеді. «Мэри Кэй» бизнесінде бұл сұлулық бойынша мастер-класс деп аталады.
Қазіргі әрбір әйел жұмысқа, отбасына және өзіне әрең жететін уақытты үнемдеуді талап етеді. Алайда осы шапшаң қарқынды біз аздап «тежеп», өзімізді таңдап, бір шыны кофе ішіп, өзімізге ерін бояғыштың немесе түс беруші кремнің жаңа реңкін талғап алғымыз келеді. Сонымен қатар Mary Kay сұлулық Кеңесшілерін ерекшелендіретін біздің бірегей жеке сервисімізді алғымыз келеді.
Уақыты: 15-20 минут
Артықшылығы:
Сіз тәуелсіз сұлулық Кеңесшісі келетін кез келген жерді және өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытты таңдай аласыз*. Кездесу бірге-бір өтеді, сіз ешкімнен қысылмайтын боласыз.
Назар аударыңыз: мини-көрсетілімге бөлінген уақыт үшін сіз максимум 1-2 өнім таңдай аласыз. Сондықтан мұндай кездесуді нақты не сатып алғысы келетінін білетін клиенттер белгілейді.
Сіз құрбыларыңызбен бірге кездесуге уақыт таптыңыз және уақытты бірге жағымды, әрі пайдалы етіп өткізгіңіз келеді, өзіңізге көңіл бөліп, сонымен қатар «бьюти-гардеробыңызды» жаңартқыңыз келеді.
Ол үшін бьюти-экспертіңізге қоңырау шалып, «сұлулық бойынша мастер-класс» атауымен нағыз көңілді кеш өткізе аласыз.
Уақыты: 40-90 минут
Артықшылығы:
Мастер-класс өтетін уақытта құрбыларыңыз Mary Kay өнімдерінің үлкен ассортиментімен танысып қана қоймай, сонымен қатар үш категориядағы өнімдер жиынтығының әсерін көре алады: «Барлығы тері күтіміне арналған», «Макияж таңдап алу» немесе «Хош иісті гардероб». Барлығы сіздің қажеттілігіңізге және қалауыңызға байланысты. Мастер-класста Mary Kay негізге алатын принциптердің біреуін бағалай аласыз: «Сатып алмас бұрын, жағып көр».
Мұндай мастер-классты кафеде өткізуге болмайды – мұнда кең жер керек. Сондықтан екі нұсқа бар: кездесуді үйіңізде өткізу немесе құрбыларыңызбен тәуелсіз сұлулық Кеңесшісінің офисіне келу.
Кеңесшілерге ОНЛАЙН тапсырыс