0Сіздің себетіңізде
X
Mary Kay компаниясында біз ақпараттың құпиялылығын сақтаудың маңызды екендігін түсінеміз. Сонымен бірге біз өзіміздің негізгі принциптеріміздің бірі болып табылатын Алтын Қағиданың да маңыздылығын түсінеміз. Төменде келтірілген төрт Құпиялылық саясаты біздің сайтымызды пайдаланушылар туралы ақпараттың қалай жиналатындығын, қорғалатындығын және сақталатындығын түсіндіреді. Сонымен бірге бұл саясаттар әрбір пайдаланушының өзі туралы қандай жеке ақпарат беруді таңдай алатындығын да түсіндіреді.
Төменде барлық төрт саясат келтірілген:
Mary Kay Inc. Ғалами құпиялылық саясаты
Компанияның бүкіл әлемдегі Mary Kay бөлімшелерінде жеке ақпаратты өңдеу үшін талап етілетін стандарттарға негізделген философиясын анықтайды.
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-ның Құпиялылық саясаты
Бұл саясат «Mary Kay Қазақстан» компаниясы үшін арнайы жасалған және сіз бізге ұсынған ақпаратты қалай жинайтынымызды, қорғайтынымызды және өңдейтінімізді түсіндіреді.
Mary Kay® Жеке сайттарын пайдаланушыларға арналған Құпиялылық саясаты
Бұл саясат Mary Kay® Жеке сайтында ұсынылған ақпараттың сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге тиесілі екенін, ал Mary Kay компаниясы бұл ақпаратты сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер пайдалана алуы үшін өңдеу қызметін ұсынатындығын түсіндіреді.
«Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер ұсынған ақпараттарға қатысты Құпиялылық саясаты
Бұл саясат Mary Kay компаниясының сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерден (бұдан былай қарай – «Кеңесшілер») алынған ақпараттарды, басқа Кеңесшілермен ақпарат алмасуды қоса алғанда, қалай өңдейтінін сипаттайды. Сонымен бірге бұл саясат Кеңесшілердің өз клиенттері алдындағы жеке міндеттемелері тақырыбын да сипаттайды.
Жоғарыда көрсетілген саясаттардың әрбірін толық көлемде көру үшін осы бетті төмен қарай айналдыруыңызды өтінеміз.
Mary Kay компаниясында біз құпиялылықтың маңызды екенін түсінеміз. Біздің бірінші кезектегі маңызды мақсатымыз сіз ұсынған жеке ақпаратты біздің маңызды принципімізге – Алтын Қағидаға сәйкес қорғау, жинау және пайдалану болып табылады. Әр пайдаланушы бізге өзі туралы қандай жеке ақпаратты бергісі келетінін өзі шешеді. Өз кезегімізде біз ақпаратты тек сіз келіскен жағдайларда ғана пайдаланамыз және сақтаймыз. Осылайша, біз сіз сеніп тапсырған жеке ақпаратты сатпаймыз немесе жалға бермейміз. Бұл Ғалами құпиялылық саясаты біз сол сенімді сақтап қалу үшін қалай жұмыс істейтінімізді сипаттайды.
Біздің Құпиялылық саясатымыз біз жұмыс істейтін әрбір елдің заңына толық сәйкестікте жасалған және төмендегілерге қолданылады:
1) сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер, тұтынушылар, клиенттер, зерттеу субъектілері, іскери серіктестер, акционерлер, ізденушілер, қызметкерлер, бұрынғы қызметкерлер және т.б. туралы жеке ақпарат беретін барлық адамдарға;
2) біз жұмыс істейтін барлық елге, тіпті бұл ережелер қолданылмайтын елдерге де;
3) Интернет, тікелей жіберілімдер, телефон арқылы байланыстар секілді барлық байланыс түрлеріне, сондай-ақ қолданылатын және тестіленетін жаңа технологиялар мен әдістер үшін.
Mary Kay компаниясы құпиялылық процестерін біз бизнес жүргізетін және жеке ақпараттар, мысалы, сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер, тұтынушыларға арналған акциялар және қызметкерлерге арналған бағдарламалар туралы ақпараттар жинақталатын барлық географиялық аймақтарда ұсынылған Mary Kay Ғалами құпиялылық саясатын сақтауға жауап беретін ғалами командамыз арқылы басқарады. Mary Kay құпиялылықты қамтамасыз етудің ықтимал проблемаларды тиімді шешуге және жеке ақпаратты қорғауға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы технологияларын ынталандыруға және пайдалануға тырысады.
Біздің Құпиялылық саясатымыз үйлеседі:
• Еуропалық Одақтың АҚШ Сауда министрлігінің Safe Harbor программасы арқылы мәліметтерді қорғау туралы Директивасымен
• Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) бекіткен мәліметтерді адал пайдалану принциптерімен
• Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы форумында белгіленген қауіпсіздікке көзқарас жүйесімен
• Мәліметтерді қорғау туралы қолданыстағы ұлттық және мемлекеттік заңдармен.
Кейбір елдер құпиялылық туралы мәлімдемелерде нақты заңдарды қолдануды талап етеді.
Құпиялылық – құпиялылық туралы заңдарды сақтаудан артығырақ нәрсе екендігіне біз сенеміз. Бұл, сонымен бірге, жеке ақпараттарын пайдалану арқылы біз күн сайын өмірлеріне жанасатын миллиондаған адамдарға кәсіби этикетке сай келетін қарым-қатынас жасау. Біздің құпиялылық саясатымыз құпиялылықтың мойындалған халықаралық модельдерінің негізінде немесе АҚШ Сауда министрлігінің құжатында баяндалған Еуропалық Одақтың (ЕО) мәліметтерді қорғау туралы Директивасында және АҚШ-ЕО Ақпарат қауіпсіздігін қорғау программасында (Safe Harbor Privacy) белгіленгендей, мәліметтерді адал пайдалану принциптерінің негізінде қалыптастырылған. Mary Kay компаниясы хабарландыруға, таңдауға, одан әрі беруге, қауіпсіздікке, мәліметтердің тұтастығына, қол жеткізуге және оны сақтауды қамтамасыз етуге қатысты Ақпарат қауіпсіздігін қорғау программасын (Safe Harbor Privacy) ұстанатындығын куәландырады. Ақпарат қауіпсіздігін қорғау программасы (Safe Harbor Privacy) туралы көбірек білу үшін, сондай-ақ біздің сертификаттарымызды көру үшін ресми сайтына кіріңіз. Бұл принциптер және олардың Mary Kay компаниясында қалай қолданылатындығы төменде келтірілген.
Біз ақпаратты не үшін жинаймыз?
Mary Kay компаниясы жеке ақпаратты сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге және олардың клиенттеріне - Mary Kay өнімдерін және қызметтерін тұтынушыларға, қызметкерлерге және басқа Mary Kay-мен байланысы болуы мүмкін адамдарға бизнеске арналған ғажайып мүмкіндіктер, тамаша өнімдер және жоғары сапалы қызметтер ұсыну үшін жинайды және пайдаланады. Біз жеке ақпарат жинауды қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, құндылықтарды сақтау және мүмкіндіктер ұсыну мақсатымызға қол жеткізу үшін білуіміз керек ақпараттармен шектедік. Мысалы, біз электрондық почта адресін сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер, клиенттер және қызметкерлер сұраған ақпаратты жіберу үшін пайдаланамыз. Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің, клиенттің және қызметкердің өнімдер және қызметтер туралы пікірлері сол өнімдер мен қызметтерді жақсарту үшін пайдаланылады.
Ескерту
Біз әрбір нақты тұлғаға қандай ақпарат жинайтынымызды, оның қалай пайдаланылатындығын, өнім немесе қызмет ұсыну үшін басқа субъектілерге уақытша берілуі мүмкін немесе мүмкін еместігін, Mary Kay Құпиялылық саясатын сақтау туралы сұранымдар бойынша жұмыс істейтін командамен қалай байланысуға болатындығын айтамыз. Біз сайтымызда біздің саясатымызға сілтеме береміз, сол арқылы, егер қосымша ақпарат қажет болса, пайдаланушыларды құпиялылық туралы қосымша мәліметтермен қамтамасыз етеміз.
Таңдау
Бізге өзінің байланыс ақпараттарын беретін адамдарға бізден одан әрі қарай хабарламалар алу әдісін таңдауды ұсынамыз. Біздің электрондық хаттарымыз бен жіберілімдеріміз жіберілімге жазылғандарға немесе бұл ақпаратты өзінің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшісінен алуды қалағандарға ғана жіберіледі. Біздің хабарламаларымыз одан әрі қарай жіберілімдерді немесе хабарламаларды алудан қалай бас тартуға болатындығын түсіндіреді. Сонымен бірге біз пайдаланушылардан рынокты зерттеуге қатысуды өтіне аламыз, егер олар келісім беретін болса, соңынан олармен хабарласа аламыз.
Технологиялар
Mary Kay компаниясы әр алуан техникалық құралдарды сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге, клиенттерге, қызметкерлерге және басқа адамдарға қызмет көрсетуді жақсарту үшін пайдаланады. Біз әрбір нақты адамды құпия болып табылатын ақпаратқа қатысты болуы мүмкін технологияларды пайдаланған кезде хабардар етеміз. Біз, егер сіздің рұқсатыңыз болмаса немесе ол туралы ескертпеген болсақ (сіз тұратын елге байланысты) жеке ақпаратты жинау және сақтау үшін интернет-сookie (куки) пайдаланбаймыз.
Қол жеткізуге рұқсат
Mary Kay компаниясы біз пайдаланатын жеке деректердің дұрыс екендігіне көз жеткізу үшін қадамдар жасайды. Біз сіздерге бізге ұсынған және өтініштеріңіз бойынша қайта қаралуы және жөнделуі немесе пайдаланылмауы мүмкін жеке ақпаратқа қисынды қол жеткізуге рұқсат береміз.
Қауіпсіздік
Mary Kay компаниясы ақпаратты жоғалтудан, қате пайдаланудан, санкциясыз кіруден, ашудан немесе өзгертуден сақтану үшін қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің стандартты тәжірибесімен және шаралар қабылдаумен айналысатын компанияның қадағалауымен жеке ақпаратты қорғайды. Біз сондай ақпаратқа бизнес-қажеттілігі барлар үшін жеке ақпаратқа қол жеткізуді шектейміз. Біз жеке ақпаратты сол үшін жиналған бизнес-мақсатты қанағаттандыру үшін қажетті уақыттан артық сақтамаймыз, егер жеке ақпарат белгілі бір уақыт ішінде жойылмауы қажет келісім-шарттық, заңдық немесе нормативтік себептер болмаса.
Мәліметтерді беру
Біз жеке ақпаратты Mary Kay компаниясының басқа бөлімшелеріне жібере аламыз. Бұл кезде біздің Ғалами қауіпсіздік бағдарламамыз барлық аймақтарда жеке ақпараттың қауіпсіздігінің және оны қорғаудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді. Мәліметтер Mary Kay компаниясына және/немесе сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге қызмет көрсету үшін жеткізушілерге және бизнес-серіктестерге уақытша берілуі мүмкін. Ол жеткізушілер мен бизнес-серіктестер сол жеке ақпаратты Mary Kay компаниясы секілді жоғары стандарттар бойынша қорғауға және басқаруға міндетті. Олар бұл ақпаратты сіз, Mary Kay компаниясы немесе сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші қызығушылық танытатын қызметтер ұсынудан басқа мақсаттарда пайдалана алмайды.
Балалар
Mary Kay компаниясы 14 жасқа дейінгі балалардан (немесе Компанияның ресми өкілдігі бар елдерде арнайы заңмен көрсетілген басқа жастағы балалардан) ақпарат жинамайды. Біз өзіміздің жеке ақпарат жинамас бұрын, көрсетілген жастан кіші балалардан ақпарат жинап жатпағанымызға көз жеткізу үшін веб-сайттарымызды пайдаланушылардан жас мөлшерін растауды өтінеміз.
Жауапкершілік
Mary Kay компаниясы өз қызметкерлері мен серіктестерінің жеке ақпарат беруде көрсеткен сенімін сақтап қалуды көздейді. Біз қызметкерлерді құпиялылықты сақтау мәселелеріне үйретеміз және біздің іскери қарым-қатынасымызда жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың маңызды екенін атап өтеміз. Бизнес-процестерде жеке құпия ақпаратты пайдаланатындар жеке ақпараттың қорғалғандығына көз жеткізу үшін құпиялылықтың сақталуын жеке тексереді.
Mary Kay Құпиялылық саясаты және мәліметтерді қорғау тәжірибесі біздің жеткізушілермен жасасатын шарттарымызға және серіктестік қарым-қатынастарымызға да таралады. Біз жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа қатысты туындайтын сұрақтарға уақтылы жауап ретінде саланың өздігінен реттелуін қолдаймыз.
Бізбен хабарласу
Егер құпиялылыққа қатысты сұрақтарыңыз немесе күмәндарыңыз болса, бізбен тікелей хабарласуыңызды өтінеміз. Өз еліңізді таңдап алып, дұрыс мекен-жайға хабарласу үшін немесе электрондық почтаның адресін білу үшін мына жерді осында басыңыз немесе төменде берілген почталық мекен-жайды пайдаланыңыз. Егер сізге қолайлы болса, сұрақтарыңыз бен комментарийлеріңізді жіберген кезде өзіңіздің ана тіліңізді пайдаланыңыз.
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Алматы, қ-сы., Медеу ауданы,
Достық даңғылы, 210 үй,
privacy.kazakhstan@mkcorp.com
Телефон +7 (727) 224 50 90
Біз құпиялылық туралы кез келген шағымды немесе сұрақты әділ шешуге қол жеткізу үшін сізбен жұмыс істесуге дайынбыз. Егер құпиялылықты сақтау саласында проблема орын алды деп есептейтін болса, біз елдің мәліметтерді қорғау жөніндегі билігімен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біз АҚШ-тың іскери тәжірибені жақсарту жөніндегі Кеңесінің Бағдарламасына қатысамыз. Осы бағдарлама туралы қосымша ақпаратпен және дауларды шешу процестері туралы ақпаратпен танысу үшін осында сайтына кіріңіз.
Еуропалық Одақ азаматтарының қауіпсіздігі
Ақпараттың қауіпсіздігін қорғау (Safe Harbor Principles) бағдарламасына сәйкес, Mary Kay компаниясы сіздің жеке ақпаратты пайдалануға қатысты шағымыңызды қарауға міндетті. Еуропалық Одақтың азаматтары осы құпиялылық саясатына қатысты сұрақтарымен және шағымдарымен әуелі Mary Kay компаниясына жүгінулері керек (реквизиттер жоғарыда көрсетілген).
Mary Kay компаниясы Ақпараттың қауіпсіздігін қорғау бағдарламасында (Safe Harbor Principles) сипатталған құпиялылықты сақтау туралы шешілмеген шағымдарды Іскери тәжірибені жетілдіру бюросының кеңесі басқаратын BBB EU Safe Harbor-ға бағыттауға міндеттеме жүктейді. Егер сіз шағымыңыздың алынғаны туралы дер кезінде растау ала алмасаңыз немесе сіздің шағымыңызды қараудан бас тартылса, толығырақ ақпарат алу үшін және шағым беру үшін BBB EU Safe Harbor-дың сайтына кіруіңізді өтінеміз,осында адресі
Саясаттағы өзгерістер туралы хабарлама
Mary Kay компаниясы біздің Ғалами құпиялылық саясатымыздың мазмұнындағы негізгі өзгерістер туралы сізге хабарлайды, айтады және өзгерістерді жаңа нұсқасымен бірге осы сайтта жариялайды. Соңғы өзгерістер туралы ақпарат былай көрінеді:
Соңғы жаңарту: Шілде 2013
«Интернетте құпиялылықты сақтау» құжаты 2004 жылы жасалды.
2006 жылғы жаңарту. Компания Интернеттегі ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық туралы жаңартылған ақпарат ұсынды.
2012 жылғы жаңарту. 2012 жылғы жаңартулар клиенттерді, сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерді, қызметкерлерді және басқа біздің веб-сайттарымызға кіретін адамдарды біздің жеке ақпаратқа байланысты саясаттарымыз және олардың жеке құқықтары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемдегі барлық Mary Kay рыноктарында құпиялылықты сақтау бойынша күш-жігерді біріктіруге арналған. Бұл өзгерістер саясатты пайдаланушылар үшін қолайлырақ етуге де арналған және оларға Mary Kay компаниясы жұмыс істейтін көптеген елдердің заңдарындағы өзгерістерге сәйкес жаңартулар да кіреді. Өз еліңізді және нақты елдердегі өзгерістерді табу үшін мына сілтемемен осында өтіңіз.
Ақпарат шегі
Бұл Құпиялылық саясаты Mary Kay компаниясының қандай ақпараттар жинайтынын сипаттайды. Онда біздің бұл ақпаратты қалай пайдаланатындымыз және сол ақпараттың қалай пайдаланылатындығы туралы сіздің шешіміңіз жан-жақты сипатталады. Осы саясаттағы және Mary Kay Inc. Ғалами құпиялылық саясатындағы ақпаратқа сіз туралы біздің сайтымызда, сондай-ақ Mary Kay сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілері және, осында сипатталғандай, үшінші тұлғалар ұсынатын арнайы программалар мен қызметтер арқылы жиналған ақпарат кіреді.
Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің My Mary Kay® сайтына сіздің кіруіңізге байланысты құпиялылық туралы ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз:
Егер сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер құпиялылық туралы және оның өзіне тікелей қатынасы туралы қосымша ақпарат алғысы келсе, мына жерді басу керек. Біз құпиялылық жөніндегі кез келген шағымның немесе күмәннің әділ шешілуіне қол жеткізу үшін сізбен жұмыс істеуге дайынбыз. Егер ел билігі жеке өмірге қол сұғылмаушылықта проблема пайда болды деп табатын болса, біз мәліметтерді қорғау бойынша олармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз.
Бізбен хабарласу
Егер құпиялылыққа қатысты сұрақтарыңыз немесе күмәніңіз бар болса, бізбен төмендегі мекен-жайға хабарласуыңызды өтінеміз:
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Алматы, қ-сы., Медеу ауданы,
Достық даңғылы, 210 үй,
privacy.kazakhstan@mkcorp.com
Телефон +7 (727) 224 50 90
Немесе
Mary Kay Global Privacy Team
16251 Dallas Parkway
Addison, TX 75001 U.S.A.
privacy.global@mkcorp.com
1-800-453-1140
Ақпарат алу
Біз сіз туралы ақпаратты әр алуан дереккөздерден жинай аламыз. Бұған сізден тікелей алатын немесе клиенттерге үздік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіздің атынан алатын ақпарат, сондай-ақ сіз біздің сайттарымызға кіргенде немесе интернеттегі Mary Kay® компаниясы ұсынған жарнаманы қарағанда алатын ақпарат немесе біз сіз туралы басқа дереккөздерден жинайтын (заң рұқсат еткен жерлерде) ақпарат кіреді.
Біз сізден тікелей алатын ақпарат
Сіз біздің ұсыныстарымызды және бағдарламаларымызды алуға жазылған кезде немесе басқаша жолмен ұсынған кезде сіздің жеке ақпаратыңызды өзіңізден тікелей аламыз.Мысалы, біз сізден төмендегі ақпаратты тікелей аламыз:
• Есіміңіз, e-mail, почталық мекен-жай
• Логин және пароль
• Үй телефонының немесе ұялы телефонның номері
• Жасыңыз
• Туылған күніңіз
• Сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіздің аты
• Сіз туралы және сіздің отбасыңыз туралы басқа ақпарат, мысалы, жыныс немесе қалаулы өнім және/немесе мінез-құлық
• Демографиялық ақпарат
• Өзара қарым-қатынасты келешекте қалай құруды қалау
• Сіз ұсынғыңыз келетін достарыңыз үшін немесе сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіз үшін байланыс мәліметі. Сіз бізге достарыңызға жіберу үшін ақпарат берген кезде, біз оны тек осы мақсатта ғана пайдаланамыз.
Сіз біздің сайттарға кірген кезде, қызметтерімізді пайдаланған кезде немесе біздің жарнамалық хабарландыруымызды қараған кезде біз жинайтын ақпарат
Сіз біздің сайттарымызға кіргенде, қызметтерімізді пайдаланғанда немесе біздің жарнамалық хабарландыруларымызды қарағанда сіз туралы ақпарат жинау үшін біз интернет-сookie (куки) және басқа технологияларды пайдаланамыз. Мысалы, осы технологияның көмегімен біз мынадай ақпарат ала аламыз:
• Сіздің браузеріңіздің немесе операциялық жүйеңіздің типі
• Сіз қарайтын веб-беттер
• Сіз өтетін сілтемелер
• IP адресі
• Біздің сайтқа өткенге дейін сіз кірген сайт
• Сіз ашқан немесе жіберген Mary Kay е-mail-і
• Сіз e-mail-ден өткен Mary Kay ұсыныстары немесе сілтемелері
• Өзіңіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіздің Жеке сайтына кіргеніңіз туралы ақпарат
• Қараған кезде ыңғайлы болу үшін сүйікті өніміңіз немесе өнімдер бойынша қалауыңыз туралы ақпарат
Біз бұл ақпаратты қалай пайдаланамыз?
Біз бұл ақпаратты өнімдер және қызметтер бойынша арнайы ұсыныстар ұсыну үшін жинаймыз және пайдаланамыз. Бұл ақпарат бізге сізді өнім сатып алуға болатын, сұлулық жөніндегі Кеңесші бизнесінің тамаша мүмкіндіктері туралы айтып беретін және де біздің сайттарымыз бен қызметтерімізді қалай басқаруға болатынын, сондай-ақ сұлулық жөніндегі Кеңесшілердің қызметтерін қоса алғанда, түсіндіретін өзіңіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңізбен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Төменде біз сіз туралы ақпаратты пайдалана алатын нақты тәсілдер келтіріледі:
• Өнім үлгілерін, сыйақыларды, өнімді және сұралған ақпаратты жіберу
• Жаңа және жетілдірілген өнімдер мен қызметтер әзірлеу
• Сіздің сұранымыңыз бойынша немесе сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіздің сұранымы бойынша сізді конкурстарға, бағдарламаларға немесе арнайы ұсыныстарға тіркеу
• Біз сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізге ұсынатын қызметтерге байланысты
• Сіздің аккаунтыңызды және/немесе сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіздің аккаунтын жасау және басқару
• Сатып алуды немесе басқа қызметтерді сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіз үшін немесе оның атынан төлеу процесі
• Орын алуы ықтимал алаяқтық операциялардан қорғау немесе оларды айқындау
• Заң рұқсат еткен жерлерде сізге жеке, сіз сұраным бермеген ұсыныстар және Mary Kay өнімдері мен қызметтері туралы, соның ішінде сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіз ұсынатын қызметтер туралы ақпараттарды почта арқылы ұсыну
• Сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес жарнамалық ұсыныстар әзірлеу немесе қамтамасыз ету
• Біздің өнімдерімізді, қызметтерімізді және сайттарды пайдалануды талдау
• Сіздің біздің сайтымызға қалай келетініңізді және сайтты қалай пайдаланатыныңызды түсіну, сондықтан да біз оны сіздер үшін жақсарта түсуге тырысамыз
• Біздің жарнамамыздың тиімділігін анықтау
• Біздің Шарттарымыз бен Ережелерімізді сақтауды қамтамасыз ету және біздің бизнесті басқаша басқару
Сіздің таңдауыңыз және сіздің ақпаратыңызға қол жеткізу
Таңдау
Біз сізге өзіңізбен байланысу каналын таңдауды ұсынамыз.
Цифрлық және электрондық коммуникациялар
Біз сізге тек сіз өзіңіз сұраған жағдайда ғана немесе сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіз оларды сізге жіберуді өтінсе ғана жарнамалық sms немесе e-mail-хабарламалар жібереміз.
Сіз Mary Kay компаниясынан жарнамалық sms және e-mail-хабарламалар алудан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Ол үшін сіз бізден алған кез келген хабарламада бар алудан бас тарту нұсқаулығына өтіңіз немесе бізге қандай материалдарды алудан бас тартқыңыз келетіндігін қалай білдіруге болатындығы туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің құпиялылық мәселелері жөніндегі координаторымызбен хабарласыңыз.
Егер сіз ақпаратты сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге беретін болсаңыз, одан хабарламалар алғыңыз келетін-келмейтіндігін тікелей өзіңіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізге хабарлауыңызды өтінеміз. Егер өзіңіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіздің Жеке сайтында профиліңіз бар болса, Жеке сайттан хабарламалар алуды тоқтату үшін өзіңіздің жеке қалауларыңызды сол арқылы басқара аласыз.
НАЗАР АУДАРУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ: егер сіз бізден жарнамалық хабарламалар алудан бас тартуға шешім қабылдасаңыз, біз сіздің өтінішіңізді орындаймыз. Дегенмен, біз сізге, заңда рұқсат етілгендей, сәйкес хабарламалар жіберуді жалғастыра береміз. Біз сіз туралы белгілі бір ақпаратты есепке алу, талдау үшін немесе басқа себептермен заңда рұқсат етілген шекте сақтауымыз мүмкін.
Қол жеткізуге рұқсат
Біз сіздің жеке ақпаратыңызды дұрыс сақтау үшін шаралар қабылдаймыз. Сіз өзіңіз Mary Kay компаниясына берген жеке байланыс ақпараттарыңызды көре, түзете немесе жаңарта аласыз. Кейбір Mary Kay программалары жеке ақпаратты Интернетте қарауға немесе жаңартуға қол жеткізуге рұқсат береді. Ақпаратты қарай немесе жаңарта алатын-алмайтындығыңызды білу үшін қайда тіркелгеніңізді тексеріңіз. Егер сіз өз ақпаратыңызды сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге берген болсаңыз, жеке ақпаратты жаңарту үшін немесе оның Жеке сайтындағы өз профиліңізге кіру үшін онымен тікелей хабарласыңыз. Сіз кез келген сұраныммен біздің қызмет көрсету бөлімімізге немесе құпиялылық мәселелері жөніндегі координаторға хабарласа аласыз.
Mary Kay компаниясы «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-ң сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерінің оларға өз клиенттерімен онлайн-құралдар арқылы қарым-қатынас жасауларына және Mary Kay® өнімдері және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге ұсынылатын қызметтер туралы ақпараттарды тәулік бойы алуларына мүмкіндік беретін Mary Kay® Жеке сайты секілді программалар арқылы жүргізетін жұмыстарын мақтанышпен қолдап отырады.
Сіз өзіңіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізге Mary Kay® Жеке сайты арқылы ақпарат беретін болсаңыз, сіздің ақпаратыңыз сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің профилінде, қауіпсіз жерде болады. Сіздің ақпаратыңыз Mary Kay компаниясымен бірлестікте пайдаланылады, бірақ сіздің рұқсатыңызсыз үшінші тұлғаларға берілмейді.
Mary Kay® Жеке сайтында жиналған ақпарат
Сіз Mary Kay® Жеке сайтында өзіңіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізге беретін ақпаратқа мыналар кіруі мүмкін:
• Есіміңіз, e-mail, почталық мекен-жай
• Логин және пароль
• Телефон номері
• Жасыңыз
• Туған күніңіз
• Сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіздің аты
• Теріңіздің типі, теріңіздің тоны және теріге күтім жасауға және косметикадағы қалауларыңызға байланысты ақпарат.
• Сіз туралы және сіздің отбасыңыз туралы басқа ақпарат, мысалы, жыныс немесе қалаулы өнім және/немесе әуестіктеріңіз
• Демографиялық ақпарат
• Өзара қарым-қатынасты келешекте қалай құруды қалау
• Сіз ұсынғыңыз келетін достарыңыз үшін немесе сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіз үшін байланыс мәліметі. Сіз бізге достарыңызға жіберу үшін ақпарат берген кезде, біз оны тек осы мақсатта ғана пайдаланамыз.
Сонымен бірге сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің Mary Kay® Жеке сайты, cookie және басқа технологиялар сіз туралы және сіздің сайтты пайдалануыңыз туралы ақпарат жинау үшін пайдаланылады. Мысалы, осы технологиялардың көмегімен біз мынадай ақпарат ала аламыз:
• Сіздің браузеріңіздің немесе операциялық жүйеңіздің типі
• Сіз қарайтын веб-беттер
• Сіз өтетін сілтемелер
• IP-адрес
• Біздің сайтқа өткенге дейін сіз кірген сайт
• Сіз сайтқа өткен ұсыныстар немесе сілтемелер
• Сіздің My Mary Kay® сайтына кіргеніңіз немесе шыққаныңыз туралы ақпарат
• Онлайн-тапсырыстар және «Себет» туралы ақпарат
• Сатып алулар тарихы
Ақпарат қалай пайдаланылады?
Сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіз сіздің Mary Kay® Жеке сайтында берген ақпаратыңызды мынадай мақсаттарда пайдаланады:
• Сізге тамаша қызмет көрсету
• Сізді қызықтыруы мүмкін жаңа өнімдер мен арнайы ұсыныстар туралы хабардар ету
• Сіздің тапсырысыңыз және қалауларыңыз жөнінде сізбен хабарласу
• Сіздің өнім сатып алуыңызға қолдау жасау
• Тапсырыстар мен жеткізуді ұйымдастыру
• Сіздің өнім бойынша қалауларыңызды түсіну және сізге ақпараттар мен өнім үлгілерін жіберу
• Сізге арнайы ұсыныстар, акциялар мен конкурстар туралы ақпарат беру
• Кездесулерді жоспарлау немесе іс-шаралар өткізу туралы ақпараттар беру
• Сатып алулар, төлемдер және жеткізу туралы хабарламалар жіберу
Mary Kay компаниясы сіз My Mary Kay® сайтында ұсынатын ақпаратты мынадай мақсаттарда пайдаланады:
• Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің мүддесінде немесе оның атынан сатып алулардың немесе басқа қызметтердің төлемін өңдеуге көмектесу
• Орын алуы ықтимал алаяқтық операциялардан қорғау немесе оларды айқындау
• Сіздің қалауларыңызды анықтауда сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге көмектесу
• Mary Kay өнімдерін, қызметтерін және сайттарын пайдалануды талдау
• Сіздер үшін және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер үшін жақсарта түсуге тырысу мақсатында сіздің біздің сайтымызға қалай келетініңізді және сайтты қалай пайдаланатыныңызды түсіну
• Mary Kay® Жеке сайтының тиімділігін анықтау
• Mary Kay® Жеке сайтын және онымен байланысты жағдайларды қамсыздандыру және басқаша басқару және сайт пен бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
• Сізге рынокты зерттеуге, сауалнамаларға және басқа осындай зерттеулерге қатысуға мүмкіндік беру
• Сіз өзіңіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізден сұраған ақпаратты алуға және онымен өзара қарым-қатынасыңызға ықпал ету
Сіздің таңдауыңыз және сіздің ақпаратыңызға қол жеткізу
Mary Kay® Жеке сайтын пайдалану кезінде сіз өзіңіздің ақпаратыңызды сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге ұсынасыз. Mary Kay компаниясы сіздің ақпаратыңызға тек сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізге қызмет көрсету үшін ғана кіреді.
Дегенмен, сенімді болыңыз, біз сіздің Mary Kay® сайты арқылы берілген ақпаратыңызды осы арнайы саясатқа қосымша «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС Құпиялылық саясатына және біздің Ғалами құпиялылық саясатымызға сәйкес пайдаланамыз. Mary Kay® Жеке сайты арқылы ақпарат ұсынатын тұлғалар туындаған сұрақтары бойынша, Mary Kay компаниясы немесе сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңіздің атынан немесе оның сұрауы бойынша Mary Kay® Жеке сайтынан жіберетін келешек хабарламаларды тоқтату үшін «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясымен хабарласа алады. Қосымша ақпарат алу үшін біздің құпиялылық мәселелері жөніндегі командамызбен хабарласуыңызды өтінеміз, ол үшін «Байланыстар» бөліміндегі «Бізбен хабарласу» сілтемесін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіңізден сіз туралы ақпаратты Mary Kay компаниясынан тыс жерге және/немесе Mary Kay® Жеке сайтынан тыс жерге жібермеуді немесе басқаша жолмен бермеуді өтіну үшін тікелей сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшімен хабарласыңыз.
Сіз өзіңіз Mary Kay® Жеке сайты арқылы берген ақпараттарыңызды сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшіге хабарласу арқылы немесе Mary Kay® Жеке сайтындағы өзіңіздің есеп жазбаңызға рұқсат алу арқылы көре, түзете немесе жаңарта аласыз.
Сырттан қызметтер жеткізушілер
Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші өзі үшін Mary Kay компаниясының, сыртқы қызметтер жеткізушілердің сіздерге тиімді және жоғары сапалы қызмет көрсетулеріне көмектесетін қызметтер түрін таңдап ала алады. Сырттан қызметтер жеткізушілердің қызметтерін пайдаланған кезде сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер және/немесе Mary Kay компаниясы олармен сіздің жеке ақпаратыңызды бөлісуіне тура келуі мүмкін. Назар аударуларыңызды өтінеміз, мұндай қызметтерді жеткізушілерге тек сұралған қызметті орындауға ғана қажетті ақпарат беріледі және олар сіздің ақпаратыңызды қорғауға және оны басқа кез келген мақсатта пайдаланбауға міндетті.
Мысалы, қызметтерді жеткізушілер төмендегілер үшін тартылуы мүмкін:
• сіздің өнімдер және қызметтер жөніндегі өтініштеріңізді орындау және сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру;
• біздің сайттарымызды орналастыру және біздің электрондық почтамыздың және мобильдік хабарламаларымыздың жұмысын қамтамасыз ету;
• біздің атымыздан өнім үлгілерін почтамен жеткізу, конкурс жеңіскерлерінің байланыс мәліметтерін конверттерге жазу, төлемдерді басқару және басқа әрекеттер;
• сізбен мақсатты өзара қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету үшін деректерді талдау, кейде басқа дереккөздермен үйлесімде;
• біздің өнімдерімізді, қызметтерімізді және сайттарымызды жақсарту үшін зерттеулер жүргізу және деректерді талдау;
• төлемге немесе тапсырыстарды өңдеуге көмек көрсету.
Ақпараттық қауіпсіздік
Біз жеке ақпаратты сақтауға тырысамыз. Бізде жеке ақпаратты жоғалтудан, оған қиянаттық жасаудан немесе өзгертуден қорғайтын сәйкес техникалық, әкімшілік және физикалық процедуралар бар.
Біз сондай ақпаратқа бизнес-қажеттілігі барлар үшін жеке ақпаратқа қол жеткізуді шектейміз.
Біз жеке ақпаратты сол үшін жиналған бизнес-мақсатты қанағаттандыру үшін қажетті уақыттан артық сақтамаймыз.
Біз сыртқы қызмет жеткізушілерге сол қызметті көрсетуге қажетті жеке ақпаратты берген кезде, олардан бұл ақпаратты қорғауды және кез келген басқа мақсат үшін пайдаланбауды талап етеміз.
Біз кредиттік картаның номері секілді құпия ақпаратты жинаған және берген кезде, сол ақпаратты қорғау үшін стандартты әдістерді қолданамыз.
Ақпаратты беру
Сіздің жеке ақпаратыңыз ол ұсынылмаған елге берілуі, онда сақталуы және өңделуі мүмкін. Бұған Америка Құрама Штаттары да кіреді. Біз мұны жасағанда, ақпаратты мәліметтерді қорғау туралы қолданыстағы заңға сәйкес береміз.
Mary Kay компаниясы мәліметтерді сақтау туралы қолданылатын заңдарды ұстанады, ЕО-тың мәліметтердің қауіпсіздігі туралы директивасын қоса алғанда.
Жеке ақпаратты Америка Құрама Штаттарына немесе кез келген басқа кез келген елге жіберген кезде, біз ақпараттың осындағы секілді қорғаныс деңгейін алатынына кепілдік береміз және Mary Kay компаниясы төменде АҚШ Сауда министрлігінің құжатында баяндалған US-EU Safe Harbor Privacy принциптерін ұстанатындығын куәландырады, қосымша ақпарат
Біз жеке ақпаратты қорғау үшін шаралар қабылдаймыз. Бұл ақпарат қайда сақталатынына немесе берілетініне қарамастан, бізде жеке ақпаратты қорғаумен қамтамасыз ететін сәйкес процедуралар және бақылау механизмдері бар.
Біз жеке ақпаратты ол ұсынылмаған басқа елдегі Mary Kay компаниясының деректер базасына жібере аламыз. Mary Kay Ғалами қауіпсіздік бағдарламасы барлығына ортақ жоғары деңгеймен қамтамасыз ету үшін барлық аймақтарда, жергілікті процедуралар мен шарттар жасау үшін қауіпсіздік пен жеке ақпаратты қорғаудың сондай жоғары деңгейін талап етеді.
Мәліметтер Mary Kay компаниясына ақпараттарды немесе өнім үлгілерін жіберу секілді қызметтер көрсету үшін жеткізушілерге және бизнес-серіктестерге уақытша берілуі мүмкін. Ол жеткізушілер мен бизнес-серіктестер сол жеке ақпаратты Mary Kay компаниясы секілді жоғары стандарттармен қорғауға және басқаруға міндетті. Олар бұл ақпаратты Mary Kay компаниясы қызығушылық танытатын қызметтер ұсынудан басқа мақсаттарда пайдалана алмайды.
Бізбен хабарласу
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Алматы, қ-сы., Медеу ауданы,
Достық даңғылы, 210 үй,
privacy.kazakhstan@mkcorp.com
Телефон +7 (727) 224 50 90
немесе:
Mary Kay Global Privacy Team
16251 Dallas Parkway
Addison, TX 75001 U.S.A.
privacy.global@mkcorp.com
1-800-453-1140
Біз құпиялылық жөніндегі кез келген шағымның немесе уайымның әділ шешілуіне қол жеткізу үшін сізбен жұмыс істеуге дайынбыз. Егер ел билігі жеке өмірге қол сұғылмаушылықта проблема пайда болды деп табатын болса, біз мәліметтерді қорғау бойынша олармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қосымша ақпарат алу үшін «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-ң Құпиялылық саясатымен немесе Mary Kay Ғалами құпиялылық саясатымен танысуыңызды өтінеміз.
Mary Kay компаниясы бүкіл әлемдегі сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге шексіз мүмкіндіктерді мақтанышпен ұсынады. Сенім компанияның негізін қалаушы басты прициптердің бірі болып табылады. Дәл осы сенім рухында және Алтын Қағидаға сәйкес, біз сіз туралы және Mary Kay тәуелсіз саудасы туралы жеке ақпаратты қорғауға тырысамыз.
Бұл Құпиялылық саясаты сізді ойлай отырып, арнайы әзірленген. Ол біз сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерден жинайтын ақпаратты және бұл ақпараттың қалай пайдаланылатындығын және қорғалатындығын, сондай-ақ біздің сіздің ақпаратыңызды қалай пайдаланатындығымызға қатысты жасайтын таңдауыңызды сипаттайды.
Mary Kay компаниясына қатысты құпиялылық туралы қосымша ақпарат алу үшін «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС-ң Құпиялылық саясатымен немесе Mary Kay Ғалами құпиялылық саясатымен танысыңыз. Сіздің Жеке сайтыңыз арқылы клиенттермен жасайтын онлайн-коммуникацияларыңызға қатысты Mary Kay® Жеке сайтын пайдаланушыларға арналған Құпиялылық саясатын қарауыңызды өтінеміз.
Жиналатын ақпарат
Сіздің Mary Kay-мен бизнесіңіздің тиімді жұмыс істеуі үшін біз сіз туралы мына ақпаратты жинаймыз:
• Есіміңіз
• Почталық мекен-жайыңыз
• e-mail
• Логин және пароль
• Үй телефонының немесе ұялы телефонның номері
• Туған күніңіз
• Жасыңыз
• Демографиялық ақпарат
• Отбасылық жағдай туралы ақпарат
• Жеке сәйкестендіру номері
• Сіздің сұлулық жөніндегі Кеңесшіңіздің номері
• Бас Ұйымдастырушының, Бизнес-Топ Көшбасшысының, Ұлттық Көшбасшының есімдері
• Команда мүшелерінің есімдері
• Тапсырыс тарихы
• Төлем туралы ақпараттар (кредиттік карта немесе сіздің тапсырысыңыздың Компаниядағы қаржылық ақпараты секілді)
• Комиссиялық және рекрутерлік сыйақыларды төлеу тарихы
• Клиенттеріңіз туралы ақпарат, соның ішінде біз сіздің атыңыздан хабарлама жібергенімізді қалайтындар
• Өзара қарым-қатынасты келешекте қалай құруды қалау параметрлері
• Телефонмен, почтамен немесе Интернетпен сіз және Компания арасында берілген ақпарат
• Қызмет көрсету бөлімінің телефоны арқылы ақпарат
• Сіз бізбен өзіңіздің Mary Kay-мен бизнесіңіз туралы немесе сіз туралы басқа сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге немесе клиенттерге хабарлау үшін бөліскіңіз келетін басқа ақпарат
Біз бұл ақпаратты қалай пайдаланамыз?
Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшісі ретінде сіз бұл бизнесті өзіңіз үшін, бірақ өз бетіңізбен емес, дамытасыз. Жалпы біз бұл сізден және сіз үшін жинайтын ақпаратты сізге және сіздің клиенттеріңізге өнімдер мен қызметтер ұсыну үшін, сондай-ақ сіздің Mary Kay-мен бизнесіңіздің тиімділігі үшін пайдаланамыз.
Нақтырақ алсақ, сіздің ақпаратыңыз төмендегілер үшін пайдаланылады:
• Тапсырыстарды, өнім үлгілерін, арнайы ұсыныстарды, өнімді және ақпаратты жіберу
• Mary Kay компаниясы ұсынатын өнімдер, қызметтер, акциялар және артықшылықтар туралы әңгімелеу
• Жаңа өнімдер мен қызметтер әзірлеу
• Сізді конкурстарға, бағдарламаларға немесе арнайы ұсыныстарға тіркеу
• Біз сізге қолайлы болу үшін үшінші тұлғалар арқылы ұсынатын басқа қызметтер туралы ақпарат
• Шот жасау және оны басқару
• Сатып алуды немесе басқа қызметтерді төлеу процесі
• Сіздің клиенттерге үздік қызметтер көрсетуіңіз үшін қызметтер көрсету
• Орын алуы ықтимал алаяқтық операциялардан қорғау немесе оларды айқындау
• Стратегиялық серіктестер мен субмердігерлерден өнімдер мен арнайы ұсыныстар туралы ақпараттар ұсыну
• Сіздің қызығушылықтарыңызды ескере отырып, өнімдер және жарнамалық, бизнес-құралдар әзірлеу немесе қамтамасыз ету
• Біздің өнімдерімізді, қызметтерімізді және сайттарды пайдалануды талдау
• Сіздің біздің веб-сайттарымызды қалай пайдаланатыныңызды түсіну
• Mary Kay компаниясы ұсынатын бизнес-құралдарды, соның ішінде Жеке сайттарды және басқа онлайн-сату құралдарын қалай пайдаланатыныңызды түсіну
• Біздің жарнамамыздың және жылжытуымыздың тиімділігін анықтау
• Біздің Шарттарымыз бен Ережелерімізді сақтауды қамтамасыз ету және сізбен өзара қарым-қатынасты басқару
• Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілермен, Бизнес-Топ Көшбасшыларымен және/немесе Ұлттық Көшбасшылармен жасасылған мәмілемен сәйкестікті қамтамасыз ету, егер қолданылатын болса
• Комиссиялық төлемдерді, сыйақыларды және наградаларды есептеу, өңдеу және іске асыру
• Сіздің Mary Kay компаниясымен шарттарыңызға немесе қарым-қатынастарыңызға қатысты жалпы корреспонденцияны жіберу
• Біздің сізбен және басқа сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілермен және/немесе ұлттық Көшбасшылармен келісім-шарттық қарым-қатынастырымызды сақтау
• Сіз Mary Kay бизнесіе дамытуды жалғастыра беру үшін, біз шексіз мүмкіндіктер ұсыну мақсатында сайттарымызды және қызметтерімізді басқару
• Үкіметтің барлық қолданыстағы талаптарын немесе нормативтік талаптарды орындау
Cookie және басқа технологияларды пайдалану
Сіз біздің сайттарымызға кіргенде, қызметтерімізді пайдаланғанда немесе біздің онлайн-жарнамамызды немесе басқа Mary Kay InTouch немесе www.marykay.kz сайттарындағы ақпараттарымызды қарағанда сіз туралы ақпарат жинау үшін біз интернет-сookie (куки) және басқа технологияларды пайдаланамыз. Біз сонымен бірге онлайн-қарайды қолайлырақ ету үшін де осы әдістерді пайдаланамыз. Төменде біз осы технологиялардың көмегімен жинай алуымыз мүмкін ақпараттардың мысалдары келтірілген:
• Сіздің браузеріңіздің немесе операциялық жүйеңіздің типі
• IP-адрес
• Сіз қарайтын веб-беттер
• Сіз өтетін сілтемелер
• Сіз ашқан немесе жіберген Mary Kay е-mail
• Сіз e-mail-ден өткен Mary Kay ұсыныстары немесе сілтемелері
• Біздің сайтқа өткенге дейін сіз кірген немесе шыққан сайт
• Таңдалған элементтерді қадағалау
Біз бұл ақпаратты өнімдер және қызметтер бойынша пайдаланушыларға қолайлы сатып алу тәжірибесін ұсыну үшін және біз сізге ұсынатын сервис пен ақпараттар деңгейін жоғарылату үшін жинаймыз және пайдаланамыз.
Сіздің таңдауыңыз және сіздің ақпаратыңызға қол жеткізу
Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде сіз біздің жеке ақпаратыңызды өзіңізбен және басқа сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілермен келісім-шарттық қарым-қатынасты жеңілдету үшін және сізге өзіңіздің тәуелсіз Mary Kay бизнесінде табысты болуыңызға көмектесу мақсатында көкейтесті ақпараттар беру үшін пайдаланамыз. Біз қолданыстағы заңға сәйкес, сіздің ақпаратыңызға қатысты қол жетімділік пен таңдау береміз.
Таңдау
Біз сізге өзіңізбен байланысу каналын таңдауды ұсынамыз.
Цифрлық және электрондық коммуникациялар
Біз сізге өзіңіз алу үшін таңдаған жарнамалық sms немесе e-mail жібере аламыз. Егер сіз сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде тіркелген болсаңыз немесе сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілерге, Бизнес-Топ Көшбасшыларына және Ұлттық Көшбасшыларға қол жетісті онлайн-қауымдастықтарға қосылатын болсаңыз, әдетте осындай хабарламалар алуға келісесіз.
Сіз Mary Kay компаниясынан және біздің атымыздан ақпараттар жіберуі мүмкін үшінші тұлғалардан жарнамалық sms және e-mail-хабарламалар алудан кез келген уақытта бас тарта аласыз. Ол үшін сіз бізден алған кез келген хабарламада бар алудан бас тарту нұсқаулығына өтесіз. Сонымен бірге сізді сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде жылжыту мақсатында кейбір ақпараттарды электрондық түрде жіберу қажеттігі туындауы ықтимал.
Почта
Сіздің сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші статусыңызға байланысты біз сіз үшін қызықты болады деп есептейтін өнімдер және маркетингтік құралдар туралы ұсыныстар, ақпараттар жібере аламыз.
Дегенмен сізге сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші статусыңызға байланысты почта арқылы жіберілуі қажет бірқатар материалдардан бас тарта аласыз, қалауларыңызды жаңарту үшін қызмет көрсету бөлімімен хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІЗ: Егер сіз бізден жарнамалық хабарламалар алудан бас тартуға шешім қабылдасаңыз, біз сіздің өтінішіңізді, сізбен сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші ретінде байланысымызды жақсарта алатын деңгейде орындаймыз. Дегенмен, біз сізге ресми хабарламалар жіберуді жалғастыра береміз. Біз есепке алу, талдау үшін немесе басқа себептермен, заңда рұқсат етілген және онымен талап етілетін шекте сіз туралы белгілі бір ақпаратты сақтауымыз мүмкін.
Қол жеткізуге рұқсат
Біз сіздің жеке ақпаратыңызды дұрыс сақтау үшін шаралар қабылдаймыз. Сіз өзіңіз Mary Kay компаниясына жеке байланыс ақпараттарыңызды көре, түзете немесе жаңарта аласыз. Кейбір Mary Kay программалары жеке ақпаратты Mary Kay InTouch арқылы онлайн-режимде қарауға немесе жаңартуға қол жеткізуге рұқсат береді. Сонымен бірге қол жеткізуге рұқсат алу және ақпаратты жаңарту үшін қызмет көрсету бөліміне хабарласа аласыз.
Ақпарат алмасу
Жалпы алғанда, біз сіздің жеке ақпаратыңызды Mary Kay компаниясынан сырт жердегі маркетологтармен бөліспейміз. Арнайы ұсыныстар сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер үшін сырт компаниялардан берілуі мүмкін және біз сіздің ақпаратыңызды сізді нақты хабардар еткенде және/немесе рұқсат сұрап, келісіміңізді алғанда ғана (сіздің тұрғылықты мекен-жайыңызға байланысты) ақпаратыңызды береміз.
• Соңғы тұтынушылар. Біз бұл ақпаратты Компанияға сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші таңдап беру өтінішімен жүгінген потенциалды клиенттермен бөлісе аламыз, егер бұған заңда рұқсат етілсе және/немесе сіз бізге осы ақпаратты потенциалды клиенттерге беру үшін арнайы рұқсат етсеңіз.
Субмердігерлер
Мезгіл сайын біз өзіміздің атымыздан әр алуан қызметтер көрсету үшін субмердігерлерге жүгінеміз. Осыған байланысты сіздің жеке ақпаратыңызды оларға ұсыну қажет болуы мүмкін. Біз жеткізушілерге тек қызмет көрсетуді орындауға қажетті ғана жеке ақпаратыңызды беретінімізге назар аударыңыздар және біз олардан бұл ақпаратты қорғауды және кез келген басқа мақсат үшін пайдаланбауды талап етеміз. Мысалы, біз қызмет жеткізушілерге үміт арта аламыз:
• сіздің өнімдер және қызметтер жөніндегі өтініштеріңізді орындау және сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беру;
• біздің сайттарымызды орналастыру және біздің электрондық почтамыздың және мобильдік хабарламаларымыздың жұмысын қамтамасыз ету;
• біздің атымыздан өнім үлгілерін почтамен жеткізу, конкурс жеңіскерлерінің байланыс мәліметтерін конверттерге жазу, төлемдерді басқару және басқа әрекеттер;
• сізбен мақсатты өзара қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету үшін деректерді талдау, кейде басқа дереккөздермен үйлесімде;
• біздің өнімдерімізді, қызметтерімізді және сайттарымызды жақсарту үшін зерттеулер жүргізу және деректерді талдау;
• біз сұраған басқа қызметтерді орындау.
Сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшінің команда мүшелерімен ақпарат алмасу.
Біз ақпаратты сіздің Бас Ұйымдастырушыңызбен, Бизнес-Топ Көшбасшысымен және Ұлттық Көшбасшымен сізбен және олармен жасасқан келісімдерді орындау мақсатында бөлісе аламыз. Біз оларды тек сіздің бизнесіңізге қолдау көрсетуге және келісім-шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті ақпаратпен ғана қамтамасыз етеміз. Біз ақпаратты сіздің команданың мүшелерімен және басқа сұлулық жөніндегі Кеңесшілермен және Ұлттық Көшбасшылармен қошеметтеу және тәлімгерлікке қолдау көрсету және жеке команда құру үшін бөлісе аламыз.
Жеке ақпарат ашылуы мүмкін басқа жағдайлар.
Бүкіл әлемде Алтын Қағида бойынша қызмет көрсету деңгейін қамтамасыз ету үшін біз жеке ақпаратты басқа Mary Kay тұлғаларымен қорғалған орта арқылы бөлісе аламыз. Сонымен бірге біз жеке ақпаратты заң талап еткенде және мемлекеттік билік органдары тиесілі жолмен сұрағанда береміз.
Жиынтық және жеке емес ақпарат
Біз жалпы бизнес-талдау үшін сізді білдірмейтін жиынтық ақпаратты бере аламыз. Мысалы, Mary Kay сайттарына кірушілер немесе компанияның қызметін пайдаланушылар санын аша аламыз.
Мәліметтерді беру
Біз жеке ақпаратты ол ұсынылмаған басқа елдегі Mary Kay компаниясының деректер базасына жібере аламыз. Бұған Америка Құрама Штаттары да кіреді. Біздің Ғалами қауіпсіздік бағдарламамыз барлығына ортақ жоғары деңгеймен қамтамасыз ету үшін барлық аймақтарда, жергілікті процедуралар мен шарттар жасау үшін қауіпсіздік пен жеке ақпаратты қорғаудың сондай жоғары деңгейін талап етеді. Мәліметтер Mary Kay компаниясына ақпараттарды немесе өнім үлгілерін жіберу секілді қызметтер көрсету үшін жеткізушілерге және бизнес-серіктестерге уақытша берілуі мүмкін. Ол жеткізушілер мен бизнес-серіктестер сол жеке ақпаратты Mary Kay компаниясы секілді жоғары стандарттармен қорғауға және басқаруға міндетті. Олар бұл ақпаратты Mary Kay компаниясы қызығушылық танытатын қызметтер ұсынудан басқа мақсаттарда пайдалана алмайды.
Қауіпсіздік
Mary Kay компаниясы ақпаратты жоғалтудан, қате пайдаланудан, санкциясыз кіруден, ашудан немесе өзгертуден сақтану үшін стандартты қауіпсіздікті және шараларды қамтамасыз ету тәжірибесімен айналысатын компанияның қадағалауымен жеке ақпаратты қорғайды. Біз сондай ақпаратқа бизнес-қажеттілігі барлар үшін жеке ақпаратқа қол жеткізуді шектейміз. Біз жеке ақпаратты сол үшін жиналған бизнес-мақсатты қанағаттандыру үшін қажетті уақыттан артық сақтамаймыз, егер жеке ақпарат белгілі бір уақыт ішінде жойылмауы қажет келісім-шарттық, заңдық немесе нормативтік себептер болмаса.
Бізбен хабарласу
Егер May Kay компаниясымен немесе біздің веб-сайттарымыздың кез келгеніне байланысты өз ақпаратыңыздың қауіпсіздігі жөнінде проблемалар немесе сұрақтар туындаса немесе May Kay компаниясындағы қауіпсіздікке байланысты қосымша сұрақтар пайда болса, хабарласуыңызды өтінеміз:
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Алматы, қ-сы., Медеу ауданы,
Достық даңғылы, 210 үй,
privacy.kazakhstan@mkcorp.com
Телефон +7 (727) 224 50 90
немесе:
Mary Kay Global Privacy Team
16251 Dallas Parkway
Addison, TX 75001 U.S.A.
privacy.global@mkcorp.com
1-800-453-1140