Түннің қараңғылығы көкжиектен сырғып, таңның алғашқы сәулелері биік ағаштарды жарып өткен сәтте сырлы махаббатпен тосын кездесу.

Қиял сіздің санаңыздағы таңғажайып суреттерді салады. Осы арманыңызда өткен әрбір сәт - ашылуын күтіп тұрған ғажайып.

Өміріңіздің әрбір сәтін бағалаңыз. Өзіңізге ұнайтын нәрсені істеңіз. If You Believe® иіссуы – арманыңыздың соңынан еретін және өмірдің өзі бізге сыйлайтын ғажайып мүмкіндіктерді ашады. 

Қиялыңызды оятыңыз! 
 

ПАРФЮМЕР ШАБЫТЫ


Біздің өміріміз. Таңның алғашқы шуағы қарсаңындағы қысқа сәт, алып ұшқан көңіл. Оның әрбір сәті біздің көңіл бөлгенімізді күтетін ғажайып болса ше? Сіз де өмірге ғажайып ретінде қарауға мүмкіндік беретін хош иісіңіз болса ше? 

Париждегі Givaudan үйінің парфюмері Марипьер Жюльен If You Believe® иіссуын жасағанда, өміріңізді толықтыруға қабілетті ғажайыпқа және орындалған арманға сену үйлесімі болғанын қалады.

 

«Бірге біріктірілген жарық пен түнек, нәзік гүл шоғымен қоршалған қанық ағаш аккорды бар жарқырған цитрус ноталары ежелгі сиқырдың мәнін көрсетеді…» - Марипьер Жюльен, Givaudan Paris парфюм үйінің аға парфюмері

Хош иіс сандал ағашының майы нотасымен аяқталады. Жұқалап тазартылған май ғасырлар бойы өсірген тәтті ағаш жұпарына ие. Оның ғажайып қасиеті кез келген хош иіске сиқырлы тұңғиықтық береді.
Марипьер Жюльен хош иісті бекіту үшін сандал ағашын «қанық, әрі тылсым реңк қосу үшін» таңдаған. Сондай-ақ ол «жарқын жағына бергамот секілді итальяндық цитрус ноталары жылтырын» қосты да, оны сиқырлы қызғылт меруертгүлмен бекітті. 
 

ОЛЬФАКТОРЛЫ ПИРАМИДА


Хош иіспен танысу бергамоттың жеміс-тәтті эссенциясымен басталады да, татымды ноталарға жаймен, толқын тәріздес өтеді, соңынан таңдаулы, жарқын шлейф қалдырады.


Ары қарай қызғылт меруертгүлдің жайдары аккорды ойнайды. Осы нәзік-қызғылт қоңыраулары бар әдемі кішкентай гүлдер таза, жарқын және тәтті жұпармен аңқиды.


Хош иіс сандал ағашының майы нотасымен аяқталады. Жұқалап тазартылған май ғасырлар бойы өсірген тәтті ағаш жұпарына ие. Оның ғажайып қасиеті кез келген хош иіске сиқырлы тұңғиықтық береді.

Жаңа хош иіс кімге арналған?  


Өзін жақсы көретін, көңіл күйді көтергенді және айналасындағыларды таңғалдырғанды жақсы көретін қыздар мен әйелдерге арналған;

Mary Kay® бренді ұсынған бүкіл хош иіс коллекциясын жинаған парфюм гурмандарына арналған. Мұндай хош иіс талғағыштар жаңа парфюмды асыға күтеді. Хош иіске деген махаббат деңгейі әр түрлі болуы мүмкін: жаңа өнімдерді өз бетінше қолданудан бастап, әр түрлі парфюм өнімдерінің миксіне дейін;

Қазір сіздер таңғалуларыңыз мүмкін, хош иіс ерлерге де арналған. Әсіресе тренд және таңдаулы жаңа өнімдермен таңғалдырғанды ұнататын ерлер үшін. Сүйіктіңізге ғажайып сыйлаңыз! Оның өзі себеп болсын. 
 

If You Believe® және Enchanted Wish™ хош иістерінің дуэті


Біздің ең ғажайып хош иістеріміздің дуэтімен арманыңызды екі еселеңіз! 

Таңдаңыз, қайсысы сізге жақын – жеңіл, әрі нәзік, сыңғырлаған ноталарда жарқырайтын Enchanted Wish™ хош иісі ме, әлде жұмбақ, сиқырлы If You Believe® композициясы ма?

Өзіңіздің кез келген қалауыңызды жүзеге асыруға қабілетті нағыз сиқыршы болу үшін екі хош иіс әрқашан үстеліңізде болсын! Армандаңыз! Қол жеткізіңіз! Және өзіңізді таңдаңыз! 
 

Enchanted Wish™ иіссуы

Enchanted Wish™ иіссуы – бұл армандаудан қорықпайтын және шынайы өмір  дегеніміз барлық тілек орындалатын нағыз сиқырлы жер екенін білетін ғажап әйелге арналған гүлді-жемісті хош иіс!

Қиялыңызға ерік беріңіз, сонда артта қалған әрбір күннің сиқыры ашылады. Өйткені бақыт деген ең қарапайым нәрседе болады.

ЖОҒАРҒЫ НОТАСЫ
Гренни Смит алмасының балғын хош иісімен, бразилия апельсинінің қуаттандыратын ащысымен, ақ ананас пен тәтті раушан жапырағының нәзік тәттілігімен сезіміңіз қалай жанданатынын сезініңіз.
ОРТАҢҒЫ НОТАСЫ
Осы ғажайып хош иістің «жүрегі» қызғылт лалагүл, таушымылдық және маракуйя ноталарымен толық ашылады. 
ТӨМЕНГІ НОТАСЫ
Теріде ең асыл арманыңыз орындала бастағанын нәзік меңзейтін қоңыр қант түріндегі жеңіл бұлтты, янтардың жылуын және сиқырлы мускусты сезінесіз.