2025 ЖЫЛҒЫ ҚАРАША-ЖЕЛТОҚСАНДА «ЖАҢА ЖЫЛДЫ MARY KAY – мен»

ПРОМО-АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ РЕСМИ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.         ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Төменде «ЖАҢА ЖЫЛДЫ MARY KAY – мен» промо-акциясының («Промо-акция) Ресми ережесі (ары қарай – «Ереже») берілген.

Осы Ереже Қатысушылар (бұдан былай – («Қатысушы(лар)», «сіз», «сіздің», «сіздердің») және «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС (бұдан былай – «Ұйымдастырушы», «біз», «біздің», «біздер») Арасындағы қарым-қатынасты реттейді және 2025 жылғы қараша-желтоқсан аралығында өтетін «ЖАҢА ЖЫЛДЫ MARY KAY – мен» ынталандырушы промо-акцияға қатысу тәртібін орнатады.

•           «ЖАҢА ЖЫЛДЫ MARY KAY – мен» промо-акциясы лотерея немесе құмар ойын емес, қатысу үшін төлем талап етпейді.

•           Промо-акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Шарттарға, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу ережесіне келісімін беретінін растайды.  Деректерді өңдеуге келісім Ұйымдастырушының Промо-акция нәтижесін жариялау мақсатында бұқарат ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және Ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінде Қатысушының аты-жөнін және суретін жариялау құқығы кіреді.

Промо-акцияға қатысуды жалғастыра отырып, Сіз осы Ереженің шартымен келісесіз (Ұйымдастырушы кез келген уақытта алдын ала жариялап, өзгерте немесе толықтыра алады). Ережені Қатысушы мүддесіне зиян келтіре отырып, өзгерту мүмкін емес, жүлделер санын осы Ереже жарияланғаннан кейін өзгертуге болмайды.

2.         ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Промо-акция Ұйымдастырушы:

«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС

Заңды мекен-жайы: ҚР, 050000, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 210

БИН 000640004487

3.         ПРОМО-АКЦИЯ ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ

Осы Промо-акцияның мақсаты:

•           «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері соңғы тұтынушылар (бұдан былай – «Клиенттер») арасында Mary Kay® өнімін сатуды қолдау және ынталандыру;

•           «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері жүзеге асыратын потенциалды Клиенттер базасын ұлғайту.

4.         ПРОМО-АКЦИЯ ӨТЕТІН КЕЗЕҢ

•           «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері тапсырыс беретін кезең: 2025 жылғы 27 қазан – 15 желтоқсан

•           Өнімді Клиенттер сатып алатын және сайтқа тіркейтін кезең: 3 қараша - 15 желтоқсан 2025 жыл.

•           Жеңімпаздарды қорытынды анықтау және жүлделерді тапсыру Промо-акция аяқталғаннан кейін, 2025 жылғы желтоқсанда өтеді. Жүлделерді қорытынды табыстаудың нақты күні мен уақыты marykay.kz ресми сайтта қосымша жарияланатын болады.

5.         ПРОМО-АКЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ТАЛАП

Промо-акцияға Қазақстан Республикасында және Қырғызстан Республикасында тұрақты тұратын,     18 жасқа толған және Клиент болатын жеке тұлғалар қатыса алады.

Промо-акцияға адамдардың мына категориялары қатыса алмайды:

•           18 жасқа, кәмілетке толмаған тұлғалар

•           «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері, сату жөніндегі тәуелсіз Директорлар және сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директорлар.

•           Ұйымдастырушы және/немесе Mary Kay Inc.қызметкерлеріне және жетекшілеріне, сондай-ақ олардың еншілес компаниялары және филиалдары, бөлімшелері, мердігерлері және агенттері.

•           Осы Промо-акцияны жүзеге асыруға арналған материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға қатысқан тұлғалар.

•           Жоғарыда аталған барлық категорияның жақын туыстары.

«Жақын туысы» термині ата-ана, асырап алушы, қамқоршы, балалары, асырап алған балалары, толық және жартылай туыс бауырлар, ата, әже, немере немесе жұбайы дегенді білдіреді.

Ұйымдастырушы Промо-акция өтуне және нәтижесіне қандай да әсер ететін, Ұйымдастырушының және/немесе Қатысушының Промо-акциясына Қатысушылардың құқықтарын бұзатын немесе имиджіне залал келтіретін Қатысушыларды Промо-акцияға қатысудан алып тастау құқығын өзіне қалдырады.

Ұйымдастырушы Промо-акция Ережесін бұзған кез келген Қатысушыны дисквалификациялауға құқылы.

Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Ереже қандай жағдайда бұзылғанын және Қатысушыны қашан дисквалификациялау қажет екенін өзі шешеді. Ұйымдастырушы Ережені бұзуға және кейіннен дисквалификациялауға әкелген факторларды анықтау үшін Қатысушымен байланысуға міндетті емес.

6.         ҚАЛАЙ ҚАТЫСУШЫ БОЛАДЫ

Қатысушы болу үшін, сізге қажет:

•           «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшісінен сатып алған арнайы стикермен белгіленген Mary Kay® өніміндегі QR-кодты сканерлеу керек.

Сатып алған, стикері бар Mary Kay® өнімінің қорабын сақтау керек, өйткені жүлде ұтып алған жағдайда, Ұйымдастырушыға көрсетеді.

•           Ұйымдастырушының marykay.kz ресми сайтында өтетін Промо-акцияның арнайы парақшасына Mary Kay® өнімінің стикерінде көрсетілген реттілік нөмірін енгізу керек.

Промо-акцияның арнайы парақшасы Қатысушыға QR-кодты сканерлеу үшін, сондай-ақ егер Қатысушы marykay.kz ресми сайтынан Промо-акцияның осы парақшасына өзі өту үшін қолжетімді;

•           Дербес деректерін енгізу: Промо-акцияның арнайы парақшасына аты-жөні, телефон нөмірі, сондай-ақ «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшісінің аты-жөні мен телефон нөмірі.

•           Промо-акция Ережесімен, сондай-ақ дербес деректерді жинау және өңдеу шарттарымен танысу және келісімін растау.

7.         ЖҮЛДЕ

Промо-акция барысында Ұйымдастырушы Қатысушыларға жүлде тапсыруды 5 (бес) рет өткізеді. Промо-акцияның соңғы кезеңінде жүлделердің мынадай санын табыстау қарастырылған:

•           5 (бес) супержүлде – әрқайсысына 400 (төрт жүз мың) теңгеге дейін сомаға Mary Kay® өнімдері салынған фирмалық Mary Kay® чемоданы.

Жүлдені Клиент те, тіркелген кезде көрсеткен оның Mary Kay тәуелсіз сұлулық Кеңесшісі де  алады.

•           20 (жиырма) мини-жүлде - Mary Kay® бренд аксессуары кіретін жиынтықтар және бір Mary Kay® өнімі немесе Mary Kay® өнімдер жиынтығы. Жиынтық құрамын Ұйымдастырушы анықтайды.

•           Жүлделер сатып алу/сату заты болмайды және Промо-акция аясында ғана ұсынылады.

•           Жүлделер шектеулі мөлшерде ұсынылады. Егер көрсетілген қандай да бір  жүлде болмай қалса, Ұйымдастырушы оны тұтыну қасиеттері мен бренд деңгейі бойынша тең немесе одан да үлкен бағасы бар ұқсас жүлдеге өз бетінше ауыстыруға құқылы. Жүлделерді ауыстыру Промо-акция шартын өзгертуге жатпайды және Ұйымдастырушыға Қатысушыларды қосымша хабардар ету бойныша міндетеме жүктелмейді.

•           Жүлде ақшалай эквивалентке алмастырылмайды.

•           Жүлдені ауыстыруға, қайтаруға, қайта табыстауға болмайды.

•           Ұйымдастырушының жарнама баспа және басқа материалдарында жүлде суреті иллюстрация ретінде келтіріледі және нақты түріне сәйкес келмеуі мүмкін.

8.         ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЖҮЛДЕ ТАБЫСТАУ ТӘРТІБІ

Промо-акция қатысушыларыжеңімпазды анықтау  бүкіл 5 (бес) кезеңіне қатысады.  Қатысушы ұтып алған жағдайда, ол сауалнама толтырғанда көрсеткен «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшісі де Қатысушы ұтып алған Жүлдеге ұқсас жүлде алады.

•           Ұйымдастырушы Жеңімпаздарды www.random.org сервисі арқылы немесе өзінің қалауы бойынша ұқсас құрал көмегімен кездейсоқ сандар генераторын пайдаланып, кездейсоқ таңдау әдісімен анықтайды.

•           Жеңімпаздарды  анықтауды Ұйымдастырушы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің  @marykay_kz ресми парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетеді.

•           Әр кезеңнің Жеңімпаздары тізімін Ұйымдастырушы marykay.kz ресми сайтындағы ақпарат парақшасына, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісіндегі @marykay_kz ресми парақшасына жариялайды.

Ұйымдастырушы Промо-акция аяқталғаннан кейін 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Жеңімпаздарға, өздері көрсеткен байланыс нөміріне хабарласады.

Жеңімпазбен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде хабарласа алмаса, тиісті Жүлде талап етілмеген болып есептеледі.

Нәтижесі белгілі болған күннен бастап Жеңімпаз Жүлдесін алу үшін Ұйымдастырушыға 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде өзі хабарласа алады. Мұндай жағдайда, Жүлде талап етілген болып есептеледі және Жеңімпазға беріледі.

Ұйымдастырушы Жеңімпазға хабарласып, Жүлделерді оның көрсеткен мекенжайына өз күшімен және есебінен жеткізеді. 

Жүлде алу үшін Жеңімпазға қажет:

а)  жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы сәйкестендіруден өту керек;

б) Жеңімпаздың реттік нөмірі көрсетілген, сатып алған арнайы стикері бар Mary Kay®  өнімінің түпнұсқа қаптамасын көрсету керек.

 Жүлде тікелей Жеңімпаз қолына немесе нотариус берген сенімхаты бар сенім білдірген адамына беріледі.

Ұйымдастырушы өнімді сатып алғанын растау фактісін сұрауға құқылы, төлем чегі мен өнім қаптамасын қоса.

Клиенттері Промо-акция Жеңімпазы болатын «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері жүлдесін жеке тапсырыспен алады.

9.         ЖАУАПКЕРШІЛІК

Егер қандай да бір себептермен Промо-акция өткізу мүмкін болмаса, ол: рұқсатсыз араласумен залал келтіру, алаяқтық әрекеттер, техникалық ақаулар немесе басқа да қателер; сондай-ақ Промо-акцияны өткізуге кедергі келтіретін  кез келген басқа әрекеттер (себептер), Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Промо-акцияны мерзімінен бұрын аяқтауға, болдырмауға, аяқтауға, шартын өзгертуге, Промо-акцияны тоқтатуға немесе кейінге қалыдурға құқылы. Қажет болған жағдайда, Ұйымдастырушы Жеңімпаздарды тіркелген Қатысушылар негізініде анықтауға да құқылы.

Еңсерілмейтін күш (форс-мажор) салдарынан Промо-акцияны өткізе алмай қалған немесе Жеңімпаз жүлде ала алмаған жағдайда, Ұйымдастырушы Жеңімпаз немесе кез келген басқа тұлға алдында жауапты болмайды. Еңсерілмейтін күшке  осы жағдайларда төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскериқақтығыс, табиғат зілзалалары, дүлей апат (өрт және т.с.с). Жоғарыда келтірілген тізім түпкілікті емес.

Ұйымдастырушы, оның құрылтайшылары және Ұйымдастырушымен байланысты компаниялар, сондай-ақ барлық қызметкер сіздің Промо-акцияға қатысуыңыздан туындайтын тікелей, жанама, күтпеген, дәйекті немесе айыппұл шығындарын қоса алғанда, кез келген залал немесе шығын үшін жауап бермейді.

Ереженің қандай да бір тармағы немесе шарты жарамсыз болуы Ереженің қалған шартын жарамсыз  етпейді.   

10.       ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ

Қатысушы Промо-акцияға қатысатынын растай отырып, Ұйымдастырушыға мынадай құқық береді:

•           Қазақстан Республикасының  «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заң талаптарына сәйкес оның дербес деректерін (аты-жөні, жеке сәйкестендіру номері, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі мен тіркеу кезінде көрсеткен өзге де ақпаратты қоса алғанда) жинауға, сақтауға және өңдеуге;

•           Көрсетілген деректерді Промо-акция өткізу, қатысуын растау, нәтижесі туралы хабарлау, жүлделерді тапсыру мақсаты үшін, сондай-ақ SMS, телефон қоңыраулары мен коммуникацияның басқа да түрлерін қоса алғанда, Промо-акцияға қатысуға байланысты хабарламалар мен өзге де ақпарат хабар жіберу үшін пайдалануға;

•           Mary Kay® өнімдері мен қызметтерін дамытуға байланысты статистикалық, аналитикалық, маркетигтік  және өзге де мақсаттар үшін иесізденген деректерді өңдеуге;

•           Дербес деректерді өкілетті үшінші тараптарға жоғарыда көрсетілген мақсаттар шеңберінде ғана беруге;

•           Қатысушының жеке деректерін (аты-жөнін, тұратын қаласы мен суретін қоса алғанда) бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және Ұйымдастырушының әлеуметтік желілерінде қосымша хабарламасыз, келісімінсіз немесе өтемақысыз жариялауғағ, таратуға және орналастыруға.

Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңын, оның ішінде дербес деректерді қорғау және өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

11.       САЛЫҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасының салық заңына сәйкес, дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 321-бабы 10)тармақшасына сәйкес Жүлделер төлем көзінен салық салынатын табыстарға жатады. Табыстың осы түріне (ұтыс) ЖТС (жеке табыс салығы) есептеу және ұстап қалуды Қатысушы-Жеңімпазға Промо-Акцияның жүлделерін тікелей беретін Промо-акция Ұйымдастырушы - салық агенті төлейді.

12.       ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА

Осы Ереже мен шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес реттеледі және қаралады. Осы Ережеден туындайтын кез келген дау Қазақстан Республикасы сотының юрисдикциясына жатады.