Біздің миссиямыз

Біздің «Әйелдер өмірін жақсарту» миссиямыз 60 жылдан астам уақыттан бері қызметіміздің басты бағыты болып келеді. Кәсіпкерлікке шексіз мүмкіндіктер беруден бастап планетаның экологиялық жағдайына қамқорлық жасауға дейін – біз әйелдер мен олардың отбасылары үшін керемет әлем қалыптастырамыз.

Mary Kay-дегі тұрақтылық

Тұрақтылық -
Mary Kay тарихының ажырамас бөлігі және Компаниямыздың мәдениеті. Mary Kay компаниясының тұрақты дамуға және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке көзқарасы осы миссия біздер үшін, біздің бьюти-эксперттер үшін, олардың клиенттері және бүкіл планета үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Тұрақты даму әрекетіміздің негізінде үш бағыт жатыр: экологиялық, әлеуметтік және экономикалық.

Біз нағыз тұрақтылық – бұл көміртегі ізін азайту немесе қалдықтарды өңдеу емес екенін түсінеміз; бұл әр адамды, әсіресе әйелдерді бағалайтын және қолдайтын, әлеуметтік әл-ауқатына ықпал ететін және бәріне пайда әкелетін бизнес-модель құру.

Негізгі серіктестермен бірлесіп және БҰҰ тұрақты даму мақсатына сәйкес әзірленген Mary Kay жарқын және әділ болашақты қамтамасыз етуге ұмтылатын ғалами коалицияға қатысатынын мақтан тұтады.

Экологиялық тұрақтылық

Тұтыну тауарларының ғалами өндірушісі және дистрибьюторы ретінде біз табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану маңыздылығын жете түсінеміз. Біз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін үнемі бағалаймыз және оны болашақ ұрпақ үшін сақтау және қалпына келтіру жолдарын іздейміз. 

Әлеуметтік тұрақтылық

Қайырымдылық және барлық деңгейде әйелдерді қолдау біздің басты миссиямыз болды және болып қала бермек. Компания қаржыландыратын қорлар мен серіктестер арқылы біз бүкіл әлем бойынша мұқтаж жандарға өнім ұсынамыз және өзіміз тұратын және жұмыс істейтіін елдерде білім беру бағдарламаларын қолдаймыз.

Экономикалық тұрақтылық

Біздің адамдарамыз – бизнесіміздің жүрегі; бьюти-экперттерден бастап олардың клиенттеріне дейін. Компания негізін қалаушы Мэри Кэй Эштің принциптеріне сүйене отырып, біз әлемді жақсырақ ету үшін қоян-қолтық жұмыс істейміз.

Pink Changing Lives® («Өмірді өзгертетін қызғылт») – біздің әйелдер мен олардың отбасыларының өмірін жақсарту үшін күн сайын жұмыс істейтін ұйымдарды қолдау жөнінде ғалами бастамамыз. Бағдарлама қайырымдылық акциясына орайластырылған арнайы өнімдерді сатудан түскен қаражат есебінен қаржыландырылады.

STEM-де әйелдерді қолдау

Біз STEM-дегі әйелдердің жаңа буынын қолдаймыз, әйелдер әйелдерге жасаған озық косметикалық өнімдер жасауға үлес қосамыз.

Mary Kay күн сайын әйелдер мен олардың отбасыларының өмірін жақсартуға ғалами міндеттеме алады.  Pink Changing Lives бағдарламамыз арқылы біз әйелдерді шабыттандырамыз, өмірлерін өзгертеміз, планетаға қамқор боламыз және басқаларды мотивациялаймыз.

2008 жылдан бастап бағдарлама 6 миллионнан аса әйел мен олардың отбасына қолдау көрсетті, 3250-ден астам ұйыммен ынтымақтасып, 18 миллионнан аса доллар қаражат бөлді.

1Arbor Day Foundation қорымен бірге бүкіл әлем бойынша 1,4 миллион ағаш отырғызылды.

1100% жаңартылатын энергия біздің ғалами өндіріс және зерттеу орталықтарын, сондай-ақ бас офисті қуаттандырады.

11996 жылдан бері Mary Kay компаниясы және ол демеушілік ететін бүкіл әлем бойынша төрт қор 225 миллионнан аса долларды ақшалай және заттай түрінде қайырымдылық жасады.



Көздеген мақсаты бар өнім

Қайырымдылық жоба аясында шығатын арнайы өнімді сатудан түсетін қаражаттың бір бөлігі жыл сайын әйелдердің және олардың отбасыларының өмірін өзгертетін жергілікті ұйымды қолдауға жұмсайды. Mary Kay-де біз: бір ерін бояғыш өмірді өзгертуге көмектесетініне сенеміз.

Басты ғалами жетістіктер

Қазақстан

2008 жылдан бері біз бүкіл Қазақстандағы қорларға қолдау көрсетеміз. Осы уақыт ішінде әйелдерге, олардың балаларына және отбасыларына көмектесу үшін 100 млн-нан аса теңге бөлінді.


АҚШ

1996 жылы құрылған Mary Kay Ash қоры әйелдердің қатерлі ісігін зерттеуді қолдау және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу үшін бүкіл елдегі ұйымдарға қаражат бөледі.


Испания

Mary Kay Spain компаниясы FERO қорымен бірге қызмет жасайды, қатерлі ісік зерттеулеріне қолдау көрсетіп және омырау метастатикалық қатерлі ісігі диагнозы қойылған әйелдерге көмектеседі.


Малайзия

10 жылға жуық уақыт бойы
Mary Kay Malaysia ақпараттандыру және ерте диагностика бағдарламаларын қаржыландыру арқылы Малайзияның Ұлттық онкологиялық қоғамын омырау қатерлі ісігіне қарсы күресте қолдау көрсетеді.

Германия / Нидерланды / Швеция

Mary Kay (Германия) компаниясы Ренье Мойша қорымен серіктесіп, Африкада 10 мектеп салуға көмектесті. Жақында Кот- д’Ивуарда 120-дан аса оқушыға арналған бастауыш мектебі ашылды.

Канада


Жыл сайын Mary Kay Ash қоры 10 провинцияның әрқайсысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге арналған баспаналарға грант береді. Сондай-ақ қор қатерлі ісіктен емделіп жатқан әйелдерге сұлулық мастер-классын өткізеді, Look Good Feel Better бағдарламасын қолдайды.

Бразилия


2014 жылы құрылған
Mary Kay институты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен және омырау қатерлі ісігімен күресуге көмектеседі.

*Arbor Day Foundation – бұл табиғатты қорғау және планетаны көгалдандыру мәселелерімен айналысатын Американың коммерциялық емес ұйымы.  Бұл ұйым 1972 жылы құрылған және бүкіл әлем бойынша ағаш отырғызуға, қоршаған ортаны қорғау бойынша білім беру бағдарламаларына, қалалық және ауылдық жердегі ормандар мен жасыл аймақтарды қолдауға мамандырылған.

*БҰҰ Тұрақты даму мақсатына сәйкес, жоба БҰҰ-ның 17 ғалами мақсатына сәйкес келеді (мысалы, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, тең құқықтар, жауапты тұтыну, экожүйені сақтау және т.б.)

 

*FERO қоры (Fundación FERO) –  2001 жылы әлемдік деңгейдегі танымал онколог дәрігер құрған Испанияның коммерциялық емес ұйымы. Қор: онкология саласындағы  зерттеулерді қаржыландыруға, ракты емдеу жеке медицинаны дамыту, жас ғалымдарды қолдау және  онкологиялық аурулармен күресуге бағытталған инновациялық жобаларға мамандырылған. Осындай диагнозы бар әйелдерді емдеу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін сүт безінің метастикалық қатерлі ісігі саласындағы зерттеулерге ерекше назар аударылады.

 

*Mary Kay Ash қоры (Mary Kay Ash Foundation℠).  Мэри Кэй Эш 1996 жылы АҚШ-та құрған қайырымдылық қор. Оның миссиясы – әйелдер мен олардың отбасыларының өмірін жақсарту. Қор екі негізгі бағытта жұмыс істейді:

·         Әйелдердің өміріне қауіп төндіретін қатерлі ісікпен күрес – ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ емделіп жатқан әйелдерді қолдау бағдарламаларын қаржыландыру (мысалы, Look Good Feel Better бағдарламасына қатысу)

·         Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл – зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге және балаларғы көмектесетін баспаналарға және ұйымдарға жыл сайын гранттар бөледі.

Осылайша қор әйелдердің денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлықты брендтің әлеуметтік жауапкершілігімен үйлестіріп, Мэри Кэй Эштің ісін жалғастырып келеді.

 

*Mary Kay институты  (Mary Kay Institute) – бұл 2014 жылы Mary Kay бренді Еуропада құрған халықаралық бастама. Оның мақсаты – әйелдер мен балаларға көмек көрсету арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қасрсы күресуге көмектесетін әлеуметтік жобалар мен ғылыми зерттеулерді қолдау, сүт безі қатерлі ісігінің алды алу және емдеу бағдарламаларын қаржыландыру, әйелдердің денсаулығы мен қауіпсіздігінің негізгі мәселелері туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

Mary Kay институты – бұл брендтің қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларының еуропалық бағыты,  АҚШ-тағы Mary Kay Ash Foundation℠ қызметінің аналогы әрі жалғасы, бірақ Еуропаның әртүрлі елдеріндегі жергілікті бағдарламаларға баса назар аударады.