0Сіздің себетіңізде
XХош иіс көп жағдайда иесінің және оның айналасындағы адамдардың көңіл күйлеріне әсер етуі мүмкін. Хош иісті таңдау оңай емес, себебі қандай да бір парфюмды әр түрлі адамдар пайдаланса, ол басқаша ашылады. Хош иістің негізгі қосындыларын ғана біліп, қалай таңдауға болады? Оны мақаладан оқыңыздар!
Хош иістің «ноталары»
Өздеріңізге белгілі болғандай, хош иістер «ноталардан» тұрады, олар жұпар әрекет ететін уақытта өзгеріп отырады. Хош иістің негізгі үш нотасы бар:
• Жоғарғы ноталар хош иіс туралы алғашқы әсер береді. Жоғарғы ноталардың ұзақтығы он бес минут құрайды.
• Ортаңғы ноталары (оларды жиі «хош иістің жүрегі» деп атайды) – жоғарғы ноталар тарап кеткеннен кейін пайда болады да, бірнеше сағатқа созылады. Олар жоғарғы ноталардай ашық емес, дегенмен хош иістің бүкіл болмысын құрайды.
• Төменгі ноталар («базалық» деген атауға иеленген) хош иіс туралы соңғы әсер жасайды және теріде ұзақ уақыт сақталады. Олар бірнеше күнге созылатын жеңіл шлейф қалдырады.
Хош иістердің категориялары:
Парфюмерлер барлық хош иістерді негізгі құрамдас бөліктеріне қарай мынадай категорияларға жіктейді:
Жыл мезгіліне және сырт келбетіне қарай жұпар
Бірдей жұпардың хош иістері жыл мезгіліне қарай едәуір өзгеруі мүмкін. Жазғы уақытта тәтті хош иістер күшейе түседі. Суық мезгілде жеңіл, әрі таза хош иістер сәл күңгірттене бастайды. Қыс мезгілінде шипр әтірлер аса маңызды болады, жылы ағаш-мүк хош иістер қосымша жайлылық жасайды және жылулықпен борайды. Жылы мезгілде гүл-жеміс және балғын хош иістерді пайдаланған жөн.
Аққұба қыздарға балғын, гүл хош иістер, ал қызғылт шаш, ақшыл тері иелеріне шипр және гурман жұпарлар сәйкес келеді. Қара торы қыздарға шығыс және ориенталды хош иістер ең дұрыс таңдау болады, ал қоңыр сары шаштыларға тәтті, жеміс хош иістер келеді.
Хош иісті қалай таңдау керек?
• Хош иісті сатып аларда, міндетті түрде өнімнің үлгісін алыңыз, себебі парфюмның терідегі әсері күні бойына өзгереді.
• Сатып алар алдында хош иістің қай категориясы сізге көбірек ұнайтынын анықтап алыңыз.
• Хош иістердің ортаңғы және төменгі ноталарына баса назар аударыңыз, себебі олар негізгі әсер жасайды.
• Ауа райын және жыл мезгілін ескеріңіз. Егер далада суық болса, хош иісті шамамен үш сағат сайын жаңартып отыру керек. Жылы климатта хош иістің күші ұзағырақ сақталады.
• Жұпар ұзағырақ сақталуы үшін мамандар сол топтаманың құралдары: душқа арналған гельді және денеге арналған лосьонды алдын ала пайдаланып, оларды «қабаттауды» ұсынады.
• Хош иісті күні бойы жаңартып отырыңыз.
Мереке қарсаңында парфюм туыстарыңызға және жақындарыңызға тамаша сыйлық болады. Хош иісті таңдай алмадыңыз ба? Mary Kay сұлулық жөніндегі Кеңесшімен хабарласыңыз да, барлық хош иістерді тегін жағып көру мүмкіндігін алыңыз.