ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау заңын орындауға міндеттенеді.
Ұтыс шартын қабылдай отырып, сіз мынаған келісесіз:
— Ұйымдастырушы, сондай-ақ оның өкілетті үшінші тараптар сіздің дербес деректеріңізді жинап, сақтап, өңдей алады, оған мыналар кіреді, бірақ шектелмейді: аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру номеріңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз және телефон номеріңіз.
— дербес деректеріңіз осы Ұтысты өткізуге, сондай-ақ Mary Kay® өнімдері мен қызметін дамытуға қажетті статистикалық деректерді жинауға, сонымен қатар маркетингтік саясат пен жарнама мақсатына, сондай-ақ басқа да азаматтық, коммерциялық, салық және бухгалтерлік мақсатта қажет болады.
— промо-материалдар мен ұтыс ойынын өткізу туралы есептерді және осыған ұқсас мақсаттарды қосымша өтемақысыз, хабарламасыз немесе сіздің мақұлдауыңызды алмай орналастыру мақсатында Ұйымдастырушыға өзіңіздің дербес деректеріңізді шығару, жариялау, тарату және БАҚ орналастыру құқығын бересіз.