Балаларға өмір сыйлаңыз! Аса мұқтаждарға көмектесу – «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының қайырымдылық нысанасын таңдаудағы басым міндеті.
Өкінішке орай, біздің елімізде онкологиялық аурулар әлі де балалардың өлім себебінің ішінде екінші орынды алып отыр. Мемлекеттің, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың балалар онкологиясы проблемасын шешудегі белсенді жұмыстарына қарамастан, көптеген медициналық мекемелер осы кезге дейін арнайы жабдықтармен жарақтандырылмаған. Көп дәрежеде бұл диагностикалық жабдықтар мен кішкентай пациенттерді күтуге арналған жабдықтарға қатысты. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің мамандары да жеткілікті біліктілікке ие бола алмай отыр. Медициналық персоналды жаңа медициналық технологияларға және жаңа тәжірибелік дағдыларға үйрету де балалар өліміне қатысты жағдайды жақсартуға үлкен үлес қосады. Қазақстандық онколог-дәрігерлер күн сайын ерлік жасауда. Олар кейде үмітсіз пациенттерді де құтқарып жатады. Дегенмен онкологиялық аурулардың тым көптігін және олардың көбінесе тым асқынған кезде айқындалатынын ескерсек, балаларды шетелдік клиникаларда емдеу қажеттілігі туындайды. Көп жағдайда мұндай емдеу баланың өмірін құтқара алады. Тағы да айта кететін нәрсе, онкологиялық аурулармен ауыратын балалар республикалық клиникаларда ұзақ уақыт емделеді және сауықтырылады.
Кейде медициналық мекемеде болу ұзақтығы бірнеше жылға дейін созылады. Мұндай психологиялық сауықтыру да маңызды роль атқарады – себебі ең қиын диагноз қойылған балалардың өзі әрқашан да бала болып қала бермек, яғни оларға жағымды әсерлер алу, құрдастарымен ойнау өте қажет. Бұл проблеманың шешімі республикалық орталықтарда арнайы жабдықтандырылған ойын алаңдарын орнату болып табылады.
«Өмірді өзгертететін сұлулық» қайырымдылық акциясының шеңберінде біз бар күш-жігерімізбен кішкентай пациенттердің өмірін сақтап қалуға, әр сәтке қуануларына және шынайы қуаныштарымен және сүйіспеншіліктерімен әлемді жарқырата түсулеріне көмектесуге тырысамыз.