Жақсы жаққа қарай өзгерту үшін жұмсайтын күш-жігеріміздің бір бөлігі болу
Mary Kay компаниясы Arbor Day Foundation ұйымымен және АҚШ Орман қорғау қызметімен бірлесе отырып, АҚШ-та компания алған әрбір 10 пластик қақпақ және/немесе сәндік косметиканың құтысы үшін бір ағаш отырғызады. 2011 жылдың желтоқсанына дейін біз 100 000 ағаш отырғыздық. Бұл бастамаға қатысу үшін өздеріңіздің сәндік косметикадан босаған құтыларыңыз бен пластик қақпақтарыңызды мына мекен-жайға жіберіңіздер:
Mary Kay Inc.
Пластик қақпақтар және құтылар бағдарламасы
Кімге: Карлос Тронкосоға
1330 Ригал Роу
Даллас, Техас 75247
Бүкіл әлемде ағаштар отырғызу. Mary Kay компаниясының арқасында Монтанадағы Биттеррот Ұлттық орманында 200 000 ағаш және Arbor Day Foundation ұйымымен және АҚШ Орман қорғау қызметімен бірлесе отырып, Колорадодағы Пайк Ұлттық орманында 100 000 ағаш отырғызылды. «Mary Kay Қытай» компаниясы Шанхайда, Гуанчжоуда, Нинсяда ағаштар отырғызды. Сонымен бірге Ресейдегі, Мексикадағы және Малайзиядағы Mary Kay қызметкерлері ағаштар отырғызу бағдарламаларына қатысады.
Қайта өңдеу.
Көптеген жылдар бойы Mary Kay сәндік косметикаға арналған құтылар шығарып келеді. Әр жаңа құтыны шығарған сайын біз бір пайдаланылған сәндік косметикаға арналған құтыны қайта өңдейміз. Осы уақыт ішінде 300 000-нан астам құты қайта өңделді.
Бүкіл әлемдегі Mary Kay зауыттарында қайта өңдеу және жою жөніндегі кең көлемді бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама қалдықтар көлемін 70%-ға қысқартуға мүмкіндік берді және осы бағдарламаның арқасында жыл сайын, орташа алғанда, 30 тонна отын өндірісінде пайдаланылуы мүмкін спиртті қалдықтар қайта өңделеді.
1989 жылдан бастап Mary Kay компаниясы қайта өңдеу бағдарламасын енгізген алғашқы компаниялардың бірі болды, енді қайта өңдеуге өнім қаптамалары, қағаз, пластик, гофрленген картон, сиялы картридждер, ескі ұялы телефондар және алюминий де енгізілді.
Қайта өңдеуге жарамды материалдарды пайдалану. Mary Kay компаниясының АҚШ-тағы Кеңесшілерге қызмет көрсету орталықтары тапсырыстарды орау кезінде дақылдар және картоп крахмалы негізінде жасалған, 100%-ға биологиялық ыдырауға ұшырайтын материалдарды пайдаланады.
Өнімдерді қаптау. Mary Kay өнімдерінің басым көпшілігі үшін қаптама шығаруда кем дегенде 20% екінші қайтара шикізат пайдаланылады.
Энергияны сақтау және көміртек ізі. Mary Kay компаниясы өзінің ғалами корпоративтік нысаналарында энергия тұтынуды жылына, орташа алғанда, 1100-ден астам тұрғын үйді қамтамасыз етуге жететіндей көлемге қысқартты. 2008 жылы Mary Kay-дің ғалами тасымалдаулары көміртек шығаруды анықтау және қысқарту үшін қайта қаралды, сол уақыттан бастап Mary Kay-дің «көміртек ізі» жалпы алғанда 33%-ға төмендеді.
Ғалами қошеметтелу. Mary Kay компаниясын АҚШ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік, Keep American Beautiful ұйымы және Американдық Өкпе ассоциациясы марапаттады. 2007 жылы «Mary Kay Қытай» компаниясы Ханчжоу экономикасы және дамыту саласындағы Қоршаған ортаны қорғау бюросынан награда алды.