МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ  ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ

Шынайы алғыс - ғалами Beauty that counts® бағдарламасына қатысушылардың арқасында Mary Kay компаниясы жыл сайын “Бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту» қайырымдылық миссиясын жүзеге асыру үшін миллиондаған АҚШ долларын аударады. Осы бүкіл әлемдегі өзгерістерге сіздердің е қатысты екендіктеріңізді сезіну өте маңызды.
Акцияның шарттары – «Өмірді өзгертетін сұлулық» акциясының екінші кезеңі 2013 жылдың 12 мамыры мен 31 желтоқсаны аралығында өтеді. Осы кезең үшін арнайы екі бірегей өнім әзірленді: ерінге арналған екі түсті жылтыр "Celebrate" және екі түсті ерін бояғыш "One woman can". Акцияның шарты бойынша осы бірегей өнімдердің әрбірін сатқаннан түскен 300 теңге ауыр сырқатты балаларға көмек көрсетуге жұмсалады.
Бірегей өнімдер – ерінге арналған "Celebrate" жылтырында және "One woman can" ерін бояғышында қызықты жаңа түс жасау үшін Mary Kay-дің екі танымал түстері біріктірілген. Екі түсті "Celebrate" жылтырында «Карамель» және «Қызғылт парфе» түстері спираль түрінде ширатылған. Бұл үйлесім ерінге жұқа, таң қаларлықтай нәзік шабдалы-қызғылт түсті жылтыр береді. Екі түсті "One woman can" ерін бояғышында «Қуаныш» және «Арман» түстері біріктірілген, олар біріге отырып нәрлі және тартымды жеміс-қызғылт түс береді. Бұл бірегей өнімдер шектеулі коллекцияда шығарылған және тек қайырымдылық акциясы өткізілетін кезеңде ғана сатылады.

Балаларға өмір сыйлаңыз! Аса мұқтаждарға көмектесу – «Мэри Кэй (Қазақстан)» компаниясының қайырымдылық нысанасын таңдаудағы басым міндеті.

Өкінішке орай, біздің елімізде онкологиялық аурулар әлі де балалардың өлім себебінің ішінде екінші орынды алып отыр.  Мемлекеттің, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың балалар онкологиясы проблемасын шешудегі белсенді жұмыстарына қарамастан, көптеген медициналық мекемелер осы кезге дейін арнайы жабдықтармен жарақтандырылмаған. Көп дәрежеде бұл диагностикалық жабдықтар мен кішкентай пациенттерді күтуге арналған жабдықтарға қатысты. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің мамандары да жеткілікті біліктілікке ие бола алмай отыр. Медициналық персоналды жаңа медициналық технологияларға және жаңа тәжірибелік дағдыларға үйрету  де балалар өліміне қатысты жағдайды жақсартуға үлкен үлес қосады. Қазақстандық онколог-дәрігерлер күн сайын ерлік жасауда. Олар кейде үмітсіз пациенттерді де құтқарып жатады. Дегенмен онкологиялық аурулардың тым көптігін және олардың көбінесе тым асқынған кезде айқындалатынын ескерсек, балаларды шетелдік клиникаларда емдеу қажеттілігі туындайды. Көп жағдайда мұндай емдеу баланың өмірін құтқара алады. Тағы да айта кететін нәрсе, онкологиялық аурулармен ауыратын балалар республикалық клиникаларда ұзақ уақыт емделеді және сауықтырылады.
Кейде медициналық мекемеде болу ұзақтығы бірнеше жылға дейін созылады. Мұндай психологиялық сауықтыру да маңызды роль атқарады – себебі ең қиын диагноз қойылған балалардың өзі әрқашан да бала болып қала бермек, яғни оларға жағымды әсерлер алу, құрдастарымен ойнау өте қажет. Бұл проблеманың шешімі республикалық орталықтарда арнайы жабдықтандырылған ойын алаңдарын орнату болып табылады.
 

«Өмірді өзгертететін сұлулық» қайырымдылық акциясының шеңберінде біз бар күш-жігерімізбен кішкентай пациенттердің өмірін сақтап қалуға, әр сәтке қуануларына және шынайы қуаныштарымен және сүйіспеншіліктерімен әлемді жарқырата түсулеріне көмектесуге тырысамыз.

MARY KAY КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

АҚШ-та Mary Kay компаниясының әлеуметтік жұмыстары әйелдер мен балалардың өмірін өзгертуге және отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға, әрі оған жол бермеуге арналған.

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТЕТІН ТҮС

Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Mary Kay компаниясы «Бүкіл әлемдегі әйелдер мен балалар өмірін жақсарту» қайырымдылық миссиясын жүзеге асыруға жұмсады. Бұл жиналған қаражат 2008, 2009, 2010, 2011 жылдары «Өмірді өзгертетін түс» қайырымдылық акциясы шеңберінде Mary Kay®  ерін бояғыштарын сатудан түскен. Бұл көмек отбасындағы зорлық құрбандарына өмірге жаңаша көзбен қарауға мүмкіндік береді, рак ауруымен ауыратындарға ертеңгі күнге деген үміт, ал жетім балаларға қуаныш күлкісін сыйлайды.
 АҚШ-тағы «Мэри Кэй» компаниясы осы бағдарламаның шеңберінде жиналған қаражатты отбасындағы зорлықты тоқтатуды қолдау мақсатында Mary Kay Қайырымдылық қорына берді.

See how Mary Kay is working to find ways to be more sustainable and green.

БАСПАНАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРДЕМ

2011 жылы Mary Kay қайырымдылық қоры АҚШ-тағы отбасындағы зорлық құрбандарына арналған 150 баспанаға 3 миллиона доллар аударды. Әр баспана зорлықты тоқтату, балаларды оқыту және баспаналар мен сауықтыру орталықтарының шұғыл мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін 20 000 доллардан алды. Mary Kay қайырымдылық қоры отбасындағы зорлық құрбандарының өмірін жақсарту бағытында 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді.

МЕЙІРІМДІЛІКТІ НАСИХАТТАУ

Mary Kay компаниясы және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер отбасындағы зорлықты тоқтатуға бағытталған заң жобаларын жылжытып келеді. Mary Kay компаниясы және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер 1980 жылдан бері Конгрессте және заң шығаратын органдарда әйелдерге қатысты зорлыққа қатысты заңды жылжытып келеді, ал жақында жасөспірімдер арасындағы зорлықтың алдын алу туралы заңды қарастыруды ұсынды. Жасөспірімдер арасындағы зорлықты тоқтату үшін мына жерді басыңыз. 
Mary Kay компаниясы және сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесшілер 2011 жылы Калифорния, Джорджия, Техас, Массачусетсте мемлекеттік заң шығарушылар арасында, сондай-ақ Вашингтон, Колумбия округіндегі Конгресс мүшелерінің арасында осы жобаны қарастыруға ұсынды.

«ҮЗІЛГЕН ШЕҢБЕР» ФИЛЬМІ

АҚШ-та әрбір үшінші жасөспірім психологиялық, сексуалдық, тұрмыстық немесе эмоционалдық зорлықтың құрбаны болады. Mary Kay компаниясы «Үзілген шеңбер» ұлттық бейкоммерциялық ұйыммен бірлесіп, отбасындағы зорлықты тоқтатуға бағытталған интерактивтік фильмнің шығуына демеуші болды. Бұл фильм «Жасөспірімдер арасындағы зорлыққа қарсы ай» атты бірінші акцияның шеңберінде 2010 жылдың ақпанында барлық елдердің мектептерінде көрсетілді. Бұл оқу-профилактикалық бағдарлама жасөспірімдерді салауатты қарым-қатынасқа үйретеді. Біздің серіктестігіміз www.enddatingviolence.com сайтындағы күнделікті қарым-қатынаста жасөспірімдер арасындағы зорлықтың алдын алуға бағытталған заң шығаратын органдарға онлайн-петицияны жылжытуда да жалғасын табады.

Learn about Mary Kay’s efforts to bring about legislation to help prevent and end domestic violence.