Назира Маханбет

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директоры
 
Менің тарихым мыңдаған басқа тарихтарға ұқсас, әрі өзгеше. Көпшілігіңіз секілді мен «Мэри Кэй» компаниясымен ынтымақтастықты бастағанға дейін жоғары оқу орнында оқытушы болып жұмыс істедім, жалдамалы пәтерде тұрдым. Бір күні Шымкентке Атырау қаласынан менің болашақ Бас Менеджерім және бірінші тәлімгерім Райгүл Әмреева келді. Оның анасы менің салат жасағанымды, қонақты қалай күткенімді көріп, мені өте темпераментті, көреген және ұқыпты деп ойлаған. Ол мені «Мэри Кэй» сату жөніндегі Директор болуға барлық қабілеті бар деп шешіп, мен туралы Райгүлге айтып берген. Сұлулық классынан кейін мен Қол терісіне күтім жасауға арналған жүйені жақсы көріп қалдым, ал Компания ұсынатын мүмкіндіктер туралы ақпаратты мұқият тыңдап, тәуекел етуге бел байладым да, «Мэри Кэй» бизнесін бастауға шешім қабылдадым. 

Сұлулық классынан кейін сол түні мен ұйықтай алмадым. Өзімнің бала кезімдегі бай болу арманым есіме түсті. Бірақ көптеген күмән алаңдатты: дұрыс шешім қабылдадым ба, косметика сата аламын ба? Әрине мен көкейтесті мақсатыма жеткенше қанша уақыт кететінін де ойладым...университетте істеген 10 жыл ішінде байып кетпедім және айтарлықтай жетістікке де жетпедім. Мемлекеттік құрылымдағы жұмыс маған бір қалыпты өмір сүруге мүмкіндік берді, бірақ мұндай жалақымен жеке үй және балаларымның болашағы туралы ойлай да алмадым. Демек, мен бизнесімді дәл қазір және осы жерде бастауым керек! Осы ой мені тәртіпке үйретті, мен күніне екі класс және бір бизнес-сұхбат өткіздім. Біз дегеніміз – біздің қабылдаған шешімдеріміз. Старттық жиынтығымды пәтерге төлейтін ақшаға сатып алдым да, тәукелге бел будым. Бүгінде мен сол күні қорқынышымды жеңіп, күмәнімді сейілтіп, дұрыс шешім қабылдағаныма шексіз қуаныштымын.

Компания миссиясын, Алтын қағидасы мен философиясын жақсы ұғынып, жүрегіммен қабылдадым, себебі олар толықтай менің өмірлік құндылықтарыма сәйкес келді. Ал егер өзіме ешқашан рұқсат етпейтін нәрсе туралы айтатын болсам, бірінші кезекте адамдарға жауапсыз қарым-қатынас, сондай-ақ адамдарды пайда көру мақсатында пайдалану. Өзіме адамдарды алдауға, ренжітуге, бизнестің этикалық нормаларын бұзуға ешқашан рұқсат етпеймін, сондай-ақ эмоционалдық ашуға берілмеуге тырысамын. Бизнеске қатысты ісімді ертеңге қалдырмаймын, ойластырған нәрсені аяқтамай тастауға және 6 маңызды істі орындамауға рұқсат етпеймін.  

«Мэри Кэй» мансабының басында басқалар секілді мен де күдіктендім: бизнестің қауіпсіз екеніне, жеке күшіме және мүмкіндіктеріме күмәндандым. Алайда Салтанат Идрисова өткізген жиналысында естігенім және көргенім менің батылсыздығымды сейілтті де, бұл менің қолымнан келетінін түсіндім. Жиналыстан кейін Салтанат маған: «Назира, екеуіміз бір университетте жұмыс істедік. Ендеше бір парақтан алып, әрқайсымыз соңғы алты жыл ішінде неге қол жеткізгенімізді жазайықшы» деді. Мен: «Жалдамалы пәтерде тұрамын, теледидар сатып алдым, университетте аға куратор, администратор болдым» деп жаздым. Салтанат та осы жылдардағы жетістіктерін жазды және маған екі нұсқадан ұнағанын таңда деп өтінді. Мен алты жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері жазылған Салтанаттың парағын таңдадым: 3 пәтер, 2 машина, 16 елге саяхат, ай сайынғы табыс сомасы жазылған. «Өміріңнің қымбат алты жылында неге қол жеткіздің?» деген Салтанаттың сұрағы мен үшін бастапқы нүктеге айналды. 

Аға Ұлттық Директорым Идрисова Салтанат менің қабілетіме әрдайым сенді, сондықтан менің өз өзіме деген сенімімді нығайтуға тырысты – үнемі көтермелеп, дұрыс жолға бағыттап, жеткен жетістіктерімді мақтап, жанымда болды. Ол маған әрдайым «сен номері бірінші Директорсың» деп айтатын, сондықтан менің өз өзіме, дұрыс жолды таңдағаныма деген сенімім одан сайын нығая түсетін. Жеке өсіп-дамуыма Салтанатпен өткен ай сайынғы кездесулер айтарлықтай орын алады, онда біз алға мақсат қойып, жұмыс жоспарын жазатынбыз. Сонымен қатар Салтанаттың ай сайынғы өткізетін «Көшбасшы академиясы» профессионал ретінде өсуіме маңызды роль атқарды.   

Мені Ұлттық Директор статусына жеткізген формула мынадай: «5+5+15», мағынасы аптасына 5 класс, 5 бизнес-сұхбат өткізу және 15 қоңырау шалу. Сізді басқалардан ерекшелендіретін нәрсе сіздің әрекетіңіз. Әрекет етсеңіз ғана жеңіске жетесіз. Мэри Кэй Эш былай деген: «Есіңізде болсын, әрекет етпесеңіз, сіздің мақсаттарыңыздың және армандарыңыздың еш мәнісі болмайды». Сонымен қатар сұлулық Кеңесшілеріне күнде кешкісін бүгінгі істегендеріңізді қорытындылауға кеңес бергім келеді. 

Әрине Ұлттық Директор ретінде мен барлығымызға жүктелген миссияны жүзеге асырамын – әйелдер өмірін жақсарту, барлық істе Алтын қағида бойынша әрекет етіп, үлгі болуға тырысамын. Сондай-ақ ауқымды ойлайтын, әрбір әйелге арманын, мақсатын жүзеге асыруға, оны жеңіске жетуге көмектесетін Ұлттық Директор болғым келеді. Олардың жүрегінде үміт пен сенім отын жаққым келеді. Үнемі өсіп, дамып, уақытпен қатар жүретін Ұлттық Директор болғым келеді!