0Сіздің себетіңізде
X2024 ЖЫЛҒЫ ҚАРАША-ЖЕЛТОҚСАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН
«MARY KAY -МЕН БІРГЕ ЖАРҚЫРА ДА, ҰТЫП АЛ» ҰТЫСЫНЫҢ РЕСМИ ЕРЕЖЕСІ
Төменде «Mary Kay-мен бірге жарқыра да, ұтып ал» ұтысының (бұдан былай қарай «Ұтыс») Ресми ережесі (бұдан былай – «Ереже») берілген.
Ереже қатысушылар (бұдан былай қарай –«Қатысушы(лар)», «сіз», «сіздің», «сіздердің») мен «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС (бұдан былай қарай – «Ұйымдастырушы», «біз», «біздің») арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Сіз ұтысқа қатысуды жалғастыра отырып, осы Ереже шарттарымен келісесіз (Ұйымдастырушы алдын ала хабарлап, кез келген сәтте шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады). Бұл Ереже Қатысушыға қатысты өзгертілмейді, осы Ереже жарияланғаннан кейін жүлделер саны да өзгермейді.
1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Ұтысты Ұйымдастырушы:
«Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС
Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 210
БИН 000640004487
2. ҰТЫС ӨТКІЗУ МАҚСАТЫ
Осы Ұтыстың мақсаты – «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС сұлулық Кеңесшілері Mary Kay® өнімін соңғы тұтынушылар арасында (бұдан былай қарай – «Клиенттер») сатуына қолдау көрсету және ынталандыру, «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС потенциалды клиенттерінің базасын және тәуелсіз сұлулық Кеңесшілер санын көбейту.
3.ҰТЫС ӨТЕТІН КЕЗЕҢ
Ұтыс 2024 жылғы 1 қараша (Қазақстан уақыты бойынша) сағат 00:00-де басталады да, 2024 жылғы 19 желтоқсан сағат 00:00-де (Қазақстан уақыты бойынша) аяқталады (бұдан былай қарай – «Ұтыс өтетін кезең).
4. ҰТЫС ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ТАЛАП
Ұтысқа Қазақстан Республикасы территориясында және Қырғыз Респубикасы территориясында тұратын 16 жастан бастап барлық клиент қатысуға құқылы. Кәмелетке толмаған 16 жастағы тұлға өзінің заңды өкілінің келісімімен қатысуға және жүлдесін тек заңды өкілі арқылы алуға құқылы.
Мына категориядағы тұлғаларға Ұтысқа қатысуға тыйым салынады:
- «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері, сату жөніндегі тәуелсіз Директорлар және сату жөніндегі Ұлттық Директорлар;
- Ұйымдастырушы және/немесе Mary Kay Inc. сондай-ақ еншілес компаниялар мен филиалдар, бөлімшелер, мердігерлер және агенттер қызметкерлері мен жетекшілері;
- осы Ұтысты жүзеге асыру материалдарын дайындаған, шығарған және таратқан тұлғалар;
- жоғарыда айтылған барлық категорияның жақын туыстары.
«Жақын туыстары» - бұл ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы, асырап алған балалары, ата-анасы бір немесе жақын туыс емес бауырлары, атасы, әжесі, немересі немесе күйеуі.
Ұйымдастырушы ұтысты өткізуге немесе ұтыс нәтижесіне қалай болса да ықпал етсе, Ұйымдастырушының және/немесе Ұтыс қатысушылары имиджіне залал келтірген қатысушыларды шығарып тастауға құқылы.
Ұйымдастырушы Ұтыс ережесін бұзған кез келген қатысушыны дисквалификациялауға құқылы.
Ұйымдастырушы Ереженің қалай бұзылғанын және Қатысушыны қашан дисквалификациялау керек екенін өз қалауы бойынша шешеді.
Ұйымдастырушы Ереже бұзуға әкелген факторларды анықтау және кейінгі дисквалификациялау үшін Қатысушымен хабарласуға міндетті емес.
5. ҚАЛАЙ ҚАТЫСУШЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ
Қатысушы болу үшін, сізге қажет:
(1) «Мэри Кэй (Қазақстан)» ЖШС тәуелсіз сұлулық Кеңесшісінен сатып алған Mary Kay® өніміндегі арнайы стикермен белгіленген QR-кодты сканерлеп алыңыз;
Стикері бар Mary Kay® өнімінің қаптамасын сақтап қойыңыз, жүлде ұтып алған жағдайда Ұйымдастыруға көрсетесіз;
(2) Ұйымдастырушының marykay.kz ресми сайтындағы Ұтыстың арнайы парақшасына Mary Kay® өніміндегі стикерде көрсетілген реттік номерін енгізіңіз;
Ұтыстың арнайы парақшасы QR-кодты жүктегеннен кейін, сондай-ақ егер Қатысушы marykay.kz ресми сайтындағы Ұтыстың осы парақшасына өз бетінше өтсе, қолжетімді болады;
(3) Ұтыстың арнайы парақшасына өзіңіздің дербес деректеріңізді: атыңызды, тегіңізді және телефон номеріңізді, сондай-ақ тәуелсіз сұлулық Кеңесшісіңіздің аты-жөні мен телефон номерін енгізіңіз;
(4) Ұтыс ережесімен, сондай-ақ дербес деректерді жинау шартымен танысып, растаңыз.
6. ЖҮЛДЕ
Ұйымдастырушы Қатысушылар арасында жүлделер ұтысын алты рет өткізеді. Ұтыста: Алматы қаласы Esentai Mall СОО-ДА орналасқан Jimmy Choo бутигінен 2 (екі) Jimmy Choo туфлиін сатып алуға арналған 500 000 (бес жүз мың) теңгелік 2 (екі) сертификат, бриллианты бар 6 (алты) алтын кулон, 28 (жиырма сегіз) Mary Kay адвент-күнтізбесі, Clinical Solutions дерматокосметика құралдары (7 құрал) жиынтығы салынған 12 (он екі) бьюти-бокс, Mary Kay косметикасы салынған 10 (он) косметика салғыш, қол терісіне күтім жасауға арналған 10 (он) Satin Hands жиынтығы ойнатылады.
Жүлде ақшалай эквивалентке ауыстырылмайды.
Жүлдені ауыстыруға, қайтаруға, қайта табыстауға болмайды.
Жүлденің суреті жарнама және басқа да баспа материалдарында үлгі ретінде келтірілгені және нақты түріне сәйкес келмеуі мүмкін.
7. ЖҮЛДЕЛЕР ҰТЫСЫ
Ұтысқа қатыстушылар барлық алты ұтысқа қатысады. Қатысушы жүлде ұтып алған жағдайда, ол сауалнамада көрсеткен тәуелсіз сұлулық Кеңесшісі де, қатысушы ұтып алған жүлдеге ұқсас жүлде алады.
Ұйымдастырушы Жеңімпазды www.random.org сервисі арқылы кездейсоқ санды таңдау әдісімен анықтайды.
Ұйымдастырушы Жеңімпазды анықтау трансляциясын инстаграм әлеуметтік желісінің @marykay_kz парақшасында тікелей эфирде өткізеді.
Әр ұтыс жеңімпаздары тізімін Ұйымдастырушы өзінің marykay.kz ресми сайтындағы парақшасына және инстаграм әлеуметтік желісінің @marykay_kz ресми парақшасында жариялайды.
Ұтыс өткеннен кейін Ұйымдастырушы көрсетілген телефон номерлері арқылы 3 (үш) күн ішінде хабарласады.
Егер 15 (он бес) күн ішінде Жеңімпазға хабарласа алмаса, Ұтыс ойнатылмаған болып есептеледі.
Ұтыс өткен күннен бастап Жеңімпаз ұтысын алу үшін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушыға хабарласа алады. Мұндай жағдайда, Ұтыс ойнатылған болып есептеледі және Жеңімпазға беріледі.
Жеңімпазға хабарласқаннан кейін Ұйымдастырушы Ұтысты Жеңімпаз көрсеткен мекен-жайға өз күшімен және есебінен жеткізеді.
Жүлдені алу үшін Жеңімпаз:
a) жеке басын куәландыратын құжатты беру арқылы жеке тұлғаны сәйкестендіруден өту керек;
b) сатып алған арнайы стикері бар, Жеңімпаздың реттік номері көрсетілген Mary Kay® өнімінің түпкі қаптамасын көрсету керек.
Жүлде Жеңімпаздың тура қолына немесе нотариалды сенімхаты болған жағдайда, оның сенімгер адамына беріледі.
Кәмелетке толмаған Қатысушыға жүлдесі оның заңды өкілі болған жағдайда ғана беріледі. Заңды өкілі осы кәмелетке толмаған қатысушының заңды өкілі екенін растайтын құжатын көрсету керек, сондай-ақ кәмелетке толмаған Қатысушымен бірге Жүлдені қабылдау-тапсыру актіне қол қою керек. Кәмелетке толмаған қатысушының заңды өкілінің де жеке басын куәландыратын құжаты болу керек.
Клиенттері Ұтыс жеңімпаз болған Тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері жүлделерін жеке тапсырысымен алады.
Қырғыз Республикасының қатысушылары мен тәуелсіз сұлулық Кеңесшілері Жүлделерін (алтын кулондар және Jimmy Choo туфлиін сатып алуға сертификаттарды) алу үшін мына мекен-жай бойынша Ұйымдастырушы офисіне келу керек: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы 210, 8-қабат. Жүлдені Жеңімпаздар өздері алады..
8. ЖАУАПКЕРШІЛІК
Рұқсат етілмеген араласу, алаяқтық әрекеттер арқылы залал келтіру, техникалық ақаулар немесе өзге қателіктер; сондай-ақ ұтыс ойынын өткізуге кедергі келтіретін кез келген басқа әрекеттерге (себептер) қатысты Ұтысты өткізу мүмкін болмаған жағдайда, Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша Ұтысты өткізбеуге, аяқтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға, сондай-ақ қолда бар есеп жазбаларынан Жеңімпазды анықтауға құқылы.
Егер Ұйымдастырушы Ұтыс ойынын өткізе алмаса немесе Жеңімпаз еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайлары салдарынан жүлдені ала алмаса, Ұйымдастырушы Жеңімпаз немесе кез келген басқа тұлға алында жауапты болмайды. Осы жағдайда еңсерілмейтін күшке төтенше және күтпеген жағдайлар жатады, мысалы: әскери қақтығыстар, табиғи зілзала, дүлей апаттар (өрт және т.б.). Келтірілген тізім толық емес.
Ұйымдастырушы, оның құрылтайшылары және Ұйымдастырушымен байланысты компаниялар, сондай-ақ барлық қызметкер сіздің Ұтысқа қатысуыңыздан туындайтын тікелей, жанама, күтпеген, дәйекті немесе айыппұл шығындарын қоса алғпнда, кез келген түрдегі шығын немесе залал үшін жауап бермейді.
Қандай да себептермен Ереженің қандай да бір тармағының немесе шартының жарамсыздығы Ереженің қалған шарттарын жарамсыз етпейді.
9. ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау заңын орындауға міндетті.
Ұтыс шартын қабылдай отырып, сіз мынаған келісесіз:
- Ұйымдастырушы, сондай-ақ оның өкілетті үшінші тараптар сіздің дербес деректеріңізді жинап, сақтап, өңдей алады, оған мыналар кіреді, бірақ шектелмейді: аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру номеріңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз және телефон номеріңіз.
- дербес деректеріңіз осы Ұтысты өткізуге, сондай-ақ Mary Kay® өнімдері мен қызметін дамытуға қажетті статистикалық деректерді жинауға, сонымен қатар маркетингтік саясат пен жарнама мақсатына, сондай-ақ басқа да азаматтық, коммерциялық, салық және бухгалтерлік мақсатта қажет болады.
- промо-материалдар мен ұтыс ойынын өткізу туралы есептерді және осыған ұқсас мақсаттарды қосымша өтемақысыз, хабарламасыз немесе сіздің мақұлдауыңызды алмай орналастыру мақсатында Ұйымдастырушыға өзіңіздің дербес деректеріңізді шығару, жариялау, тарату және БАҚ орналастыру құқығын бересіз.
10. САЛЫҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының салық заңына, нақтырақ Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің 321-б. 10-тармағына сәйкес Жүлделер төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады.
Ұтыс жүлдесін Қатысушы-Жеңімпазға тікелей беруді қамтамасыз ететін салық агенті - Ұтысты Ұйымдастырушы осы табыс түрі (ұтыс) бойынша ЖТС (жеке табыс салығы) есептейді және ұстап қалады.
11. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢ
Осы ережелер мен шарттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес реттеледі және қаралады. Осы Ережеден туындайтын кез келген дау-дамайды Қазақстан Республикасының сот юрисдикциясына жатады.