Ретинол туралы және ол теріңізді жақсарта алатыны туралы не білесіз? Бәлкім, ретинол аллергиялық реакция туғызуы және теріні тітіркендіруі мүмкін дегенді естіген боларсыз және пайдаланар алдында ол туралы толығырақ білгіңіз келетін шығар. Онда төменде сізге арналған бүкіл ақпарат берілген. Осы материалды оқығаннан кейін теріңізде тіпті терең әжімді байқамасаңыз да, ретинол пайдалы екеніне көз жеткізесіз.  

Photo of Clinical Solutions™ Retinol 0.5 on mirror with three pea-sized drops of the formula.

Ретинол деген не екен? Ретинол, Ретин-А және басқа ретиноидтер А витамині тобының бөлшегі болып табылады. Біздің ағзамыз клеткалар сау даму үшін шешуші мәні бар А витаминін табиғи жолмен өндіреді. Осы витаминді жергілікті пайдалану теріні тұтас сақтауға көмектеседі, коллаген және эластинді табиғи өндіруді қолдайды, сондай-ақ тері клеткасының жаңаруын жақсартады.  
Осы «алтын стандарт» қосындысын дерматологтар көзге байқалатын қартаю белгілерін жою және болдырмау үшін кез келген жаста пайдалануды ұсынады. 20 жастан бастап ағзамыз жыл сайын коллагенді шамамен бір пайызға аз өндіреді. Коллагеннің жетіспеушілігі МӘҢГІЛІККЕ жалғасады, егер балансты қалпына келтіру үшін шешуші қадам жасамасаңыз.
 

Ретинол не істейді?

Бүкіл әлемдегі университеттер және дерматологтар он жыл бойы өткізген ғылыми зерттеулер осы қосындының терінің жас қалпын қамтамасыз ететін қабілетін көрсетіп, артықшылығын дәлелдеді:  
• әлі байқалмайтын қартаю белгілерін алдын алады
• көзге байқалатын қартаю белгілерін кетіреді. Осы А витаминінің мықты формасы тері саулығының бір аспектісіне ғана әсер етпейді. 
 
А витамині қартаюдың мынадай көптеген көзге байқалатын белгісін кері қайтаруға көмектесетіні клиникалық түрде дәлелденген: 
Әжімдер
Тері шымырлығы
Терінің тегіс түсі
Тері текстурасы (біркелкілігі)
Тері созылмалығы
 
• Ретинол коллагеннің болмауынан әлсіреген терінің сыртқы түрін жақсартып, табиғи эластин мен коллаген өндіруді қолдайды. 
• Мұнан басқа, ретинол тері клеткасының жаңаруын ынталандырады, сондықтан тері жасарады. 
 

Бұршақтай көлемдегі мөлшер

Жоғары концентрациялы ретинол – бұл «көп болса, жақсы болатынын» білдірмейтін қосындылардың бірі. Тұрақты түрде пайдаланатын (тіпті әрбір екінші кеште) бұршақтай көлемдегі бір тамшысы тері жағдайының едәуір жақсаруын қамтамасыз етеді.



Pea-size dose of Retinol 0.5 on a woman’s index finger.

Әрине ретинолды өнімдердің бәрі бірдей емес. Сатып алу туралы шешім қабылдар алдында өнімнің тиімділігін дәлелдейтін клиникалық зерттеулер нәтижесін көрген дұрыс. Тиімділігі жоғары өнім әжімнің пайда болуына жол бермейді, тері түсін тегістейді және бет шымырлығын жоғалтпайды.

Ретинолды қалай пайдалану керек? 


Таза ретинол – теріге арналған түнгі күтімді толықтыратын мықты қосынды. Алайда таза өнімнің әсеріне бейімделу үшін теріге уақыт керек. Жоғары концентрациялы ретинол бар жаңа формуланы енгізуден уақытша қызару, құрғау және қабыршақтану болуы мүмкін. Осы уақытша жайсыздықтар тері ретинизациядан өткеннен кейін кететін болады.



0,5% концентрациялық таза ретинолды алғаш рет пайдаланатындар үшін Mary Kay компаниясы дерматологтармен бірлесіп, құрғақтық, қабыршақтану және уақытша қызарудан болатын потенциалды жайсыздықты азайтуға көмектесетін сегіз апталық жұмсақ ретинизация процесін жасады.

Clinical Solutions™ Calm+Restore Facial Milk on a mirror surrounded by fluid formula.

Ең жоғары деңгейдегі нәтиже. Жоғары деңгейлі жайлылық.

Осы жетілдірілген дерматокосметикалық жиынтыққа Бетке арналған тыныштандырушы, қалпына келтіруші сүтше Clinical Solution™ кіреді. Таза ретинолды пайдаланған алғашқы бірнеше аптада теріңізді әдеттегіге қарағанда жиі ылғалдандыру керек. Осы Бетке арналған тыныштандырушы, қалпына келтіруші сүтше уақытша құрғақтықпен күресуге көмектеседі және сіздің әдеттегі күнделікті ылғалдандырушы креміңізге қосымша ретінде пайдалана аласыз. Сүтше құрамында теріні қоректендіруге арналған майлы қышқылдардың мықты зарядын қамтамасыз ететін өсімдік майлары (кокос, жожоба, күнбағыс және зәйтүн) бар, ал глицерин және қант құрағынан алынған сквалан ылғалдық жоғалуына жол бермеуге көмектеседі. Сүтшені қажет болған жағдайда, күні бойы макияж үстінен жағуға болады.

Ескертпе

Бәлкім осындай мықты қосынды ерекше пайдалануды талап ететіні таңғалдырмайтын шығар. Біріншіден, көз айналасындағы теріге тигізбеу керек, ал тиген жағдайға сумен жақсылап шайып тастау керек. Егер кешке Көзге арналған крем жағатын болсаңыз, онда алдымен көзге арналған кремді жағыңыз және Mary Kay Clinical Solutions™ ретинолды сығынды жағар алдында оның сіңіп кеткеніне көз жеткізіңіз. 
Ретинолды бірінші рет пайдаланғанда қызару, құрғау және қабыршақтану секілді уақытша жайсыздық пайда болуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай. Ал егер бөртпе немесе тітіркену көбейе бастаса, онда өнімді пайдалану тоқтатып, дәрігермен кеңесіңіз. 
Егер сіз бала емізетін болсаңыз немесе жүктілікті жоспарлап жүрген болсаңыз, Mary Kay Clinical Solutions™ ретинолды сығындыны пайдаланбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Жазғы уақытта абай болыңыз, себебі ретинолды пайдалану терінің күнге сезімталдығын арттыруы мүмкін. Ретинолды түнде жағыңыз, ал күндіз кең спектрлі әсер ететін күннен қорғаушы крем пайдаланыңыз. Ретинолды өнімді қатты ыстықтан және/немесе тікелей күн сәулесінен сақтаңыз. 
 

Жоғары концентрациялы ретинолды жағып көру үшін алғашқы әжімнің пайда болуын күтпеңіз. Бұл сау теріге арналған тексерілген қосынды. Егер таза ретинолы бар бетке арналған кремнен бас тартқан болсаңыз, демек оларға тағы бір рет көңіл бөлетін сәт келгені. Mary Kay көзге байқалатындай нәтижені қамтамасыз етеді, жайсыздықты минимумға жеткізетін Ретинолды сығынды және Бетке арналған сүтше дайындап, мақсатты жеңілдетті. Өз теріңізге қайта ғашық болатын уақыт келді!