Жанна Әбдібаева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директор
 
Мамандығым бойынша мен – экономистпін. Институтты бітіргеннен кейін Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істедім, Университетте сабақ бердім, содан кейін Санкт-Петербургтағы аспирантураға түстім де, сонда оқып жүріп тұрмысқа шықтым. Осымен менің ғылыми қызметім аяқталды. Мен сүйікті әйел, қамқор ана болдым да, балаларымның тәрбиесімен және үй шаруасымен айналыстым. Балаларым өскен соң да, жұмысқа шыға алмадым, жұбаймыа менің күні бойы үйде болмауым және балаларға жеткілікті уақыт бөле алмайтыным ұнамады. Сөйтіп, мен үй шаруасындағы әйел болып қала бердім.
 
1995 жылы көктемде мен кездейсоқ бет терісіне күтім жасау классына қатыстым. Өнім маған бірден ұнады, сонымен қоса, менің терімнің жағдайына қамқор болатын, қажетті құралдарды таңдап беретін және кеңес беретін Жеке Кеңесшім пайда болды. Мен клиент болдым да, екі жылдай Мэри Кэй құралдарын және Кеңесшінің қызметін пайдаландым. Сондай-ақ мен үйіме құрбыларымды Кеңесшім өніммен және теріге дұрыс күтім жасау ережелерімен таныстыратын классқа шақыратынмын. Құрбыларыма шаттық әкелу, олармен тілдесу, сонымен қатар Класс Иесі ретінде сыйлық алу маған ұнайтын. Бірінші класста-ақ маған Кеңесші болуды ұсынған еді. Бірақ мен бас тарттым, себебі Алтын медаль және Қызыл дипломмен косметика сату үшін ұялдым да, бұл менікі емес және косметика сату қолымнан келмейді деп санадым. Класс Иесі ролінде болып, өнімнің жоғары сапасына көз жеткізіп, жұмыстың мағынасы әйелдерге теріге күтім жасау ережелерін үйрету екенін түсініп, мен істеп көрейін деп шештім. Сұлулық жөніндегі Кеңесші болу шешімін қабылдауға Компанияның Алтын қағидасы, философиясы мен миссиясы маңызды роль атқарды. «Адамдардың өзіңізге қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаңыз, өзіңіз де оларға сондай қарым-қатынас жасаңыз» деген ереженің дәл өзі маған жақын және діл осы ереже бизнесті адал жүргізуге мүмкіндік береді. 1997 жылы
 
13 шілдеде мен Кеңесші болдым. Басынан бастап, мен шын ниетпен жұмыс істейбастадым, күніне 2-3 класстан өткіздім, себебі марапат ретінде  ризашылығын білдіретін клиенттер болатын. Ал жұмыстың тек ләззат қана емес, айтарлықтай табыс әкелетінін түсінгенімнен кейін, мен мұндай мүмкіндікті қосымша табыс тапқысы келетін әйелдермен де бөлісе бастадым. Егер менің қолымнан келсе, олардың да қолынан келетін болып көрінетін.  Менің пікірлестерім пайда бола бастады, бірақ Көшбасшы болу деген ой маған бірден келген жоқ, маған клиенттермен жұмыс істеу ұнайтын болғандықтан, мансап туралы ойламадым. Кез келген жұмыста өсу маңызды және бизнесімді дамыту керек екенін күйеуім айтпайынша. Ол Компания туралы ақпаратты оқып шығып, маркетинг-жоспарын қарап, Компания рейтингтерін көріп, бұл әйелдерге арналған тамаша компания екенін бірден түсінді. Дәл менің күйеуім Компанияға және біздің алдымызда күтіп тұрған мүмкіндіктерге бірінші болып сенді. Күйеуім мен отбасымның қолдауының арқасында мен осындай жетістіктерге жеттім. 2001 жылдың қаңтарында мен Бизнес-Топ Көшбасшысы статусын алдым. Ал 2005 жылдың 1 қарашасында маған ең құрметті статус - Ұлттық Көшбасшы статусы берілді.
 
Мен әрдайым клиенттермен және Кеңесшілермен кәсіби жұмыс істеуге тырыстым, себебі Көшбасшы жұмысының қарқынын команданың жұмыс қарқыны анықтайды. Сондықтан  жеке үлгіңмен ғана, қалай жұмыс істеу керек екенін көрсетуге болады. Нәтижесі ретінде Табыс баспалдағында 13 жұлдыз, «Алтын жүрек» салпыншағы. «Мэри Кэй Университетін» аяқтап, «Таңдаулы тренер» атағын алдым.
 
Мен үшін «Мэри Кэй» шындыққа айналған ертегі сияқты. Компаниядағы жұмысымның арқасында жолдасыммен тіпті армандамаған елдерде болып қайттым: Гавайя, Мексика, ОАР, Италия, Франция, Тунис.. Бұл балаларыммен шетелде демалу мүмкіндігі. Біз Тайландта, Египетте, Туркияда, Хайнанда болдық. Ерекше марапат - Далласқа сапар болды, онда Компанияның офисі мен зауыты орналасқан, фирма жетекшілерімен тілдесу, Американың мықты Көшбасшыларының оқулары. Нақ осы «Мэри Кэй» компаниясынан өзімнің алғашқы бриллиантым – Бриллиант Араны алдым. Ал Компания сыйлаған қызғылт Мерседес, жүзеге асқан тағы бір арманым.
 
Марапаттардың барлығы Компанияның бәрінің алдынан ашатын мүмкіндіктерді, кез келген адам шынымен сеніп, қаласа, жете алатындығын көрсетеді. «Мэри Кэй»-де барлық армандар орындалады!
 
Компанияның миссиясы «Әйелдер өмірін өзгерту». Менің өмірім «Мэри Кэй» компаниясына сенген көптеген әйелдердің өмірі сияқты өзгерді. Қазақстанда «Мэри Кэй» компаниясы өзінің есігін ресми түрде ашқанына 10 жыл өтіпті. Бұл қалыптасу, даму, өсудің 10 жылы. Табыс тарихы жалғасып келеді!