Жанна Гасанова
Қазақстандағы «Мэри Кэй» компаниясының Тәуелсіз Жетекші Ұлттық Көшбасшысы
Мектеп бітірерде, мен кім болатынымды анық білдім. Маған жүкті әйелдер ұнайтын, себебі олар әдемі және бақытты көрінетін. Сондықтан медициналық институттың акушер-гинеколог мамандығына оқуға түстім. Бірінші курстан бастап, перзентханада қосымша табыс табатынмын, алдымен санитар, содан кейін медбике және акушер болдым. Жаңа туылған нәрестелерді бағып-қағу ұнайтыны соншалықты, өзім де осындай табиғат құпиясына - дүниеге жаңа өмірдің келуіне қатысуды, ана атануды армандаушы едім. Бірінші қызымды институттың төртінші курсында оқып жүргенімде дүниеге әкелдім. Бірінші жүктілігімді ойласам, тобымнан қалып қоймай, бәріне үлгеру есіме түседі. Ал содан кейін бәрі басталды: жаялықтар, ұйқысыз түндер, лекциялар, сынақтар .... Жалпы, ана ретіндегі өмірімнің бірінші жылы тез өтіп кетті, бірақ мен армандағандай болған жоқ. Институттан кейін біраз уақыт мамандығым бойынша жұмыс істедім, бірақ өмір бәрін өзі реттейді екен... менің отбасым қарапайым өмір сүру қаражатына мұқтаж болды, сондықтан жалақысы көбірек басқа жұмыс іздей бастадым. Сол кезде Mary Kay туралы алғаш рет естідім.
Сұлулық жөніндегі Кеңесші болғанымда, үлкен қызым Лиза екі жаста болатын. Күндіз ата-анам көмектесетін, мен өзімнің әдемі бизнесіме қызығып, біздің тамаша өнімдер туралы айтып, сұлулық класстарын өткізетінмін. Түнге қарай мені үй шаруасы күтіп тұратын: кір жуу, үтіктеу, тамақ дайындау. Жалпы, менің тарихым әрбір әйелдің тарихына ұқсас шығар ....
Менің қызым өсіп келе жатты, менде Mary Kay-мен бірге өсе бастадым: бизнесім нығайып, клиенттерім, пікірлестерім көбейе бастады.
Ең әдемі компанияның іргетасын қалаушы Мэри Кэй Эш былай деген: «Әйелдің қолынан бәрі келеді, тек ол шын ниеттенсе болды». Расында да, менің қалағаным болды, мен арманымдағы өзімді сүйетін және барлық бастамамды қолдайтын азаматты кездестірдім. Екінші жүктілігім мүлдем басқаша болды. Ол кезде Көшбасшы едім, командаммен қызу жұмыс істеп, бизнесім айтарлықтай мықты, ал табысым тұрақты болатын. Осы 9 ай менің өмірімдегі таңғажайып кезең болды. Маған ешқайда асығудың қажеті болған жоқ. Себебі өзімнің сүйікті ісіммен айналыстым, әйелдерге дұрыс күтім жасап, әдемі болып жүруді үйреттім. Икемді жұмыс кестесінің арқасында өзімнің жұмыс режимімді дұрыс құрдым. Жаңа жыл қарсаңында жүктілігімнің соңғы айында сүйікті клиенттеріме макияждың жаңа техникаларын игеруге көмектестім, жаңа өнімнің тұсаукесерін өткіздім, сыйлықтар дайындадым, менің ерекше жағдайым маған еш кедергі жасамады. Қайта керісінше, өзіме деген бір жылы көзқарасты сезіндім, бұл мені қанаттандыра түсті.
Екінші қызым Дарина 4 айға толғанда, мен белсенді өміріме қайта келдім. Бұл жолы мүлдем асықпадым, себебі үйімде балама қамқорлықпен қарайтын бала күтушісі болды, үйге келгенімде, маған кастрюльге жабысып, жаялық жуудың қажеті жоқ еді, өйткені мұның бәрін үйдегі көмекшім істейтін. Мұндай мүмкіндік табысты жұмысымның арқасында ғана пайда болды.
Бүгінде қыздарым Лиза - 25 жаста, Дарина он төртте, Ирада сегіз жаста, ал мен болсам Қазақстандағы Mary Kay компаниясының Тәуелсіз Жетекші Ұлттық Көшбасшысымын, командамда үш еншілес Ұлттық Көшбасшым бар Мен жұмысымды, жоғары, әрі құрметті статусымды, Компания сыйлаған қызғылт «Мерседес» - қымбат сияпатымды мақтан етемін.
Мэри Кэй бізге үнемі: «Алдымен - отбасы, сосын - сенім, ал содан кейін - мансап» - деп үйрететін. Mary Kay компаниясында 23 жыл жұмыс істеп келемін және әйелге бұдан артық жұмыс жоқ деп сеніммен айта аламын. Маған мансап үшін отбасымнан бас тартудың, балаларым мен күйеуімді маңызды жиналыс пен іссапар үшін тастап кетудің қажеті жоқ. Мен әрқашан мінсіз киініп, әдемі болып жүремін. Қажет болғанда, алты - сегіз сағат жұмыс істеймін, сонымен қатар күнде таңертең асықпай күйеуіме және балаларыма таңғы ас дайындаймын, өзімді ретке келтіріп, сағат он-он бірде үйден шығамын. Ал кешкісін сағат бес-алтыда қайтып келіп, асхана немесе үтікпен айналыспай, отбасыма және өзіме көңіл бөлемін.
Барлық әйелдерге деген сүйіспеншілікпен!