Турсахан Куанышева Независимый Национальный Лидер Компании "Мэри Кэй" в Казахстане

Тұрсахан Қуанышева

Mary Kay (Қазақстан) компаниясының Сату жөніндегі тәуелсіз Ұлттық Директоры
 
Қазақ Ұлттық университетін «биохимия» мамандығы бойынша сәтті бітіргеннен кейін, мені қазақстандық ССРО АМН тағам Институтына шақырды. Институттағы қызмет уақытында кандидаттық диссертация қорғадым, ашқан жаңалығым үшін авторлық куәлік алдым. Барлығы сәтті болып жатты: аға ғылыми қызметкер, келешегі мықты институттың белсендісі. Алайда жұмысым көңілсіз, бір сарынды, қатал тәртіпте және тым регламенттелген болатын.
 
Осы кезде күйеуіміз екеуіміз қызымызды тәрбиелеп жатқанбыз, ұлыммен декретті демалысқа кеткенімде, менің өмірім түбегейлі өзгерді. Мен отбасыма көп уақыт бөлетін болдым, жиі курстастарыммен де кездесетін болдым. Бір күні менің студенттік кездегі құрбым сұлулық бойынша классқа шақырды (оған дейін де мені бірнеше рет шақырған болатын, бірақ уақытым болмайтын). Сұлулық бойынша классқа қатысып, мен жағып көрген өнімнен алған сезімге және сапасына қуандым. Мен клиенттермен жұмыс істеу әдістері туралы, өнім мен Компания туралы ақпаратты бойыма сіңіріп алдым. Көп білген сайын, менің жұмысқа деген қызығушылығым арта түсті.
 
1996 жылдың сәуір айында мен сұлулық жөніндегі Тәуелсіз Кеңесші болуды ұйғардым. Бұрынғы жылдары менде тамақ және дәрі аллергиясы болғанына қарамастан, Mary Kay косметикасының жанама әсерлері болған жоқ. Осы жағдаймен және тамаша косметиканы пайдалану мүмкіндігімен  қанаттанған мен, біздің отбасылық мардымсыз бюджетімізге қарамастан, өнімнің үлкен ассортиментін жаздырып алдым.
 
Құрбыларымды классқа шақырып, косметика ұсына бастадым. Мұны мен үлкен махаббатпен істейтінмін, класстарды өз үйімде өткізетініме қарамастан, ұйымдастырушымның кеңесін қатаң түрде орындайтынмын: іскери костюмымды, туфлиымды киіп алатынмын да, күніне 3-4 класс өткізіп, жұмысқа барынша берілетінмін. Мен жұмысыма шындап кірістім, менің таңдауыма қарсы келгендердің мүмкіндігі жоқ болатын. Жолдасыма рахмет, ол әуел бастан «егер ұнаса, істей ғой»  деген еді. Айналамдағылардың барлығы маған түсінбеушілікпен қарайтын, «бұл қалайша, ғылыми жұмыстың үлкен тәжірибелі ғылым кандидаты бола тұра, косметика «сатушы» деп. Дегенмен әйелдерге менің ілтипатым, өнімнің сапасы және қызмет көрсетуім ұнайтынын байқайтынмын.
 
Жиналыстарға, тұсаукесерлерге қатысып, Надежда Сильченкомен жеке әңгімелескеннен кейін, мен Көшбасшы бағдарламасын орындауға және Mary Kay-де қалуға соңғы шешімімді қабылдадым. Менің жаңа жұмысымнан қанағаттанушылық, лайықты табыс және жоғары нәтижелерім үшін Компания қошемет көрсетті.
 
Мен ауылда дүниеге келдім, үлкен отбасында тәрбие алдым (баладан бесеу едік). Ата-анам маған үлкен үміт артты, менің жоғарғы білім алып, табысты болғанымды қалады, сондықтан менің есімімді Тұрсахан – Ханшайым болсын деп қойған шығар.
 
Бала кезімнен мен мұғалім болуды армандадым, сәнді киімдер мен әшекей бұйымдарды жақсы көрдім. Бүгінде мен жүздеген, мыңдаған әйелдерді үйретіп келемін, эксклюзивті киімдер сатып алуға, жеке әшекей бұйымдарға тапсырыс беруге, Mary Kay-мен (Тунис, Австралия, Америка, Париж, Турция) саяхатқа шығуға, Компания сыйлаған бриллианттарды тағуға, машина жүргізуге және жұмысымнан ләззат алуға мүмкіншілігім бар. 9 жыл бұрын мен мерейтойымды әріптестеріммен бірге, Ұлттық Көшбасшы статусына сияпат ретінде Компания сыйлаған, Австралиядағы саяхатымызда  тойлаймын және мұндай саяхаттар жыл сайын болады деп ойлаған да емес едім.
 
Отбасымның өмірі де өзгерді менің қызым біздің Компанияның Бизнес-Топ Көшбасшысы болды. Ұлым Mary Kay әлемінде өсті, менің бизнесімді қолдап, көмектеседі, Қазақстандағы ең беделді мектептердің бірінде оқиды. Мен балаларым үшін қойған мақсаттарына жетуде, позитивті ойлап, әрекет ете білуде үлгі болатыныма, айналамдағыларға пайдалы әрі риясыз көмектесе алатындығыма қуанамын.  
 
Өз жұмысымда Компанияның Алтын Қағидасы мен «Сенім. Отбасы. Мансап» артықшылықтарын жетекшілікке алғанымда, Компанияның «Әйелдер өмірін жақсарту» миссиясы өмірде жүзеге асты. Мен осындай мүмкіндіктер үшін тағдырыма және Мэри Кэй Эш-ке алғысымды айтамын. Көшбасшыларым мен Кеңесшілеріме қарап, олардың отбасыларында болып жатқан өзгерістерге және табыстарына қуанамын. Олардың Компанияға ұзақ уақытқа келгеніне сенемін. Бүгін мен олардың басқа әйелдерді табысқа ынталандыра алатын және сенетін Ұлттық Көшбасшы болуын армандаймын.
 
Мен үшін Mary Kay жұмыстан да артық. Бұл жерде мен жоспарлауды, талдауды, масштабты ойлауды, адамдармен қарым-қатынас құруды, ренжімеуді, жауапты болуды, айналамдағыларға сүйіспеншілікпен қарауды, басқаларға шабыт беруді үйрендім. Осының барлығы үшін Мэри Кэй Эш-ке, барлығына мені қолдағандары үшін алғысымды айтамын. Үлкен нәрселерді армандаңыз! Mary Kay-де барлық арман орындалады.