Лимиттелген коллекция Mary Kay® Pure Dimensions™ Қабаққа арналған теньдер палитрасы
Өзіңізді әдемілікпен қоршаңыз, стильді дизайннан және қанық реңктерден ләззат алыңыз. Төрт үйлесімді реңкте жасалған Pure Dimensions™ Қабаққа арналған теньдер палитрасының үш есе дизайны макияж өнерінде таңғажайып биіктерге жетуге мүмкіндік береді. Жағуы қолайлы, стильді, әрі тұрақты реңктер кез келген тері түсіне жарасады!
«Марокко құмдары» теньдер палитрасының реңктері жұмсақтығымен таңғалдырады, онда бейтарап құмтүстес реңктері қызғылт түспен жақсы үйлеседі, көзге нәзік жылтыр береді. «Полинезия бағы» теньдер палитрасы гүлденген тропикалық орманның құбылмалы реңктерімен таңғалдырады.
Жағу жөніндегі кеңестер
Теньдердің қара реңктерін қабағыңыздың тереңдігін айқындағыңыз келген тұсқа жағыңыз. Мысалы, көздің сыртқы бұрышына немесе жылжымалы қабақтың бүгілген сызығына.
Ашық реңктер көздің ішкі бұрышына және қас доғасының астына жағылады.
Тек күңгірт теньдер жақсаңыз, көзқарасыңызға біркелкілік пен күңгірттік қосады. Ал тек жылтыр, жарқыраған теньдер жалықтырып жібереді және өзіне барлық назарды аудартады. Дегенмен күңгірт және жылтыр теньдерді шебер үйлестіру, көзқарасыңызға назар аудартады. Күңгірт теньдерді кірпік өсу сызығын бойлай, қабақ қатпарларына және көздің сыртқы бұрышына жағыңыз да, көздің сыртқы бұрышы мен жылжымалы қабақтың ортасын жылтыр теньдермен айқындаңыз.
Құрал қалай жұмыс істейді?
Түс тазалығы
Қазіргі инновациялық техологиялар Pure Dimensions ™ палитрасының әрбір реңкін табиғи, әрі таза етуге мүмкіндік берді. Күндіз көзқарасыңыздың жұмсақтығын және кешкі уақытта образыңыздың нәзіктігін айқындап, теньдер палитрасынан ләззат алыңыз. Реңктер оңай жағылады, бұл түстің қанықтылық деңгейіне жетуге мүмкідік береді.
Жібек текстуралы
Теньдер тегіс және жібектей текстураға ие. Олар нәзік, әрі жеңіл болғандықтан, образды ауырлатпайды.
Жарық шағылдандырғыш әсер
Теньдер визуалды түрде терінің кемшіліктер мен көз айналасындағы әжімдерді байқалмайтындай етеді, кез келген типті және тері реңкті кез келген жастағы әйелдерге жарасымды болады.