0Сіздің себетіңізде
XҚұралды көшеге шығардан 15 минут бұрын жағыңыз. Содан соң құралды қайтара жағу керек (үш сағатта бір рет), әсіресе шомылғаннан, белсенді дене қимылынан немесе шектен тыс терлегеннен кейін.
Сақтану шаралары: тек сыртқа пайдалануға арналған. Тері тітіркенген немесе бөрткен жағдайда пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Алты айдан кіші сәбилерге пайдалану үшін дәрігермен кеңесу қажет. Көзге тигізбеңіз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Күн В және А типті жағымсыз ультракүлгін сәулелер шығарады. UVB-сәулелер теріні күйдіріп жіберуі мүмкін; UVA-сәулелердің агрессиясы төмен, бірақ олар теріге тереңдей енеді, бұл терінің мерзімінен бұрын қартаюының, әжімдер мен пигментті дақтардың пайда болуының себебі болуы мүмкін. UVB-сәулелер де, UVA–сәулелер теріні күйретеді және тіпті бұлтты күндердің өзінде де тері рагына ұшыратуы мүмкін!
Күннен қорғаушы құралдар сол UV-сәулелерді сіңіріп алады, шағылдырады немесе таратады. Бейорганикалық немесе «физикалық» күннен қорғаушы кремдер ультракүлгін сәулелерді олар теріге енбес бұрын шағылдырады немесе таратады. Мұндай күннен қорғаушы құралдардың құрамында мырыш тотығы және титан диоксиді бар. Органикалық немесе «химиялық» күннен қорғаушы құралдар UV-сәулелерді олар теріге зиян келтіргенге дейін сіңіріп алады. Олардың құрамында UVB-сәулелерден де, UVA-сәулелерден де қорғайтын авобензон және оксибензон бар.
Күннен қорғаушы жақсы құралдің әрекет ету спектрі кең – құрамында кльтракүлгін сәулелердің екі типінен де қорғайтын қосындылар бар. Mary Kay® күннен қорғаушы желісінің барлық құралдары физикалық формада да, химиялық формада да қорғаныстың кең спектрімен қамтамасыз етеді.
патенттелген емдік препарат