Back

Mary Kay Naturally® құралдар жиынтығы

53 000 ТГ

Бұл өнім жоқ

Mary Kay Naturally® табиғи қосындылардың айрықша қоспасы теріңізге саулық пен сұлулық сыйлайды. Тәтті бадамгүл мен ара балауызы тыныштандырушы әсермен қамтамасыз етеді және ұмытылмас жайлылықты сезінуге мүмкіндік береді.

Жиынтық 4 позициядан тұрады:

  • Тазалаушы құрал Mary Kay Naturally®
  • Опа-эксфолиант Mary Kay Naturally®
  • Қоректендіруші май Mary Kay Naturally®
  • Ылғалдандырушы стик Mary Kay Naturally®

Барлық баға ұсынылған бөлшек баға болып табылады

  • Сипаттамасы
  • Жағу әдіс
  • Артықшылықтары

Тазалаушы құрал (127 г): теріні жұмсартады, балғын етеді, ылғалдандырады және тыныштандырады, теріге сау, күтім жасалған түр береді, оңай шайылады, теріні созбайды және құрғатпайды.

Опа-эксфолиант (74 г): теріге сау түр қосып, қабыршақтарды мұқият кетіреді, тері жұмсақ, әрі тегіс болады, теріні күтімнің келесі сатысына дайындайды, қабыршақтандыру терінің өлі клеткаларын кетіреді, сондай-ақ күңгірттікті жояды, қабыршақтандыру тері саңылауларын тазалауға және олардың пайда болуын азайтуға көмектеседі.

Қоректендіруші май (29 мл): теріні ылғалдандырады және қоректендіреді, сау жарқыл қалдырып, теріні оятады, тері жібектей біртегіс, әрі жұмсақ болады - майдың жеңіл текстурасы тез сіңіп кетеді, әйелдерді. 80%-ы былай деді: «Осы майды жаққаннан кейін терім жаңарып, мені таңғалдырды».

Ылғалдандырушы стик (10,8 г): құрғақтық пен тартыңқылықты бір сәтте кетіреді, оңай пайдаланылатын нүктелі әсер ететін бальзам теріні ылғалдандырады және қоректендіреді, терінің құрғақ жерлерін қалпына келтіреді, терінің күстеніп кеткен жерін жұмсартады, теріні тыныштандырады, қоректендіреді және жұмсартады. Әйелдердің 85% атап өтті: «Маған осы стиктің пайдалану ыңғайлылығы және жан-жақтылығы ұнайды».

Тазалаушы құрал: жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін құралды мақта дискіне құйып алып, алдын ала суланған теріні сүртіңіз.

Опа-эксфолиант: аптасына 2-3 рет пайдалануға болады, бірақ қажет болса, күнде пайдалана аласыз.

1-әдіс. Құралдың тиын көлеміндей сумен араластырып, бетке жағыңыз.

2-әдіс. Жеке қажеттілікктерге қарай, Mary Kay Naturally™ тазалаушы құралымен немесе Mary Kay Naturally™ қоректендіргіш майымен араластыруға болады.

Қоректендіруші май: дененің әр түрлі жерлеріне жағуға болады, соның ішінде бетке, сірқабыққа (кутикула), шынтаққа және тіпті шаш ұштарына да.

1-әдіс. Жеке қажеттілікке қарай, 1-2 тамшысын ылғалдандырушы құралға немесе түс беруші негізге араластыруға болады.

2-әдіс. Теріге таңертеңгі немесе кешкі күтім жасау құралдарымен бірге пайдалануға болады.

Ылғалдандырушы стик: Mary Kay Naturally® ылғалдандырушы стикті беттегі кез келген құрғақ жерге, сондай-ақ шынтаққа, тізеге, тырнақ сірқабығына, тіпті өкшеге жағуға болады.

100% табиғи өнім.

Құрамында парабендер, синтетикалық хош иістендіргіштер, фталаттар, бояғыштар, SLS/SLES2 жоқ.